Мемлекеттік жемдік астық ресурстарын 2001 жылға қалыптастыру мен пайдаланудың мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 3 шілде N 912

      Репатрианттардың (оралмандардың) бейімделуі үшін жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдырылатын әскерге шақыру жасындағы азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қазандағы N 1011  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 41, 480-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыруға рұқсат берілген шақырылатын жастағы азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесі:
     мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
     "11. Репатрианттар (оралмандар) арасынан Қазақстан Республикасының шақырылу жасындағы азаматтары Қазақстан Республикасының аумағына келгеннен кейін үш жыл бойы.".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі