Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) оның жарғылық капиталын бара-бар ұлғайта отырып, "Мұнаймаш" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Қазақойл" ҰМК) мүлкінің (активтерінің) құрамына беруді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
1) "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 наурыздағы N 410 P970410_ қаулысына:
көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Мұнаймаш" ААҚ 90%";
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі"
бөлімінде реттік нөмірі 237-жол алынып тасталсын".
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және
минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.