Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген заемдарын тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 маусым N 819. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 қаулысымен.

      "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. <*> 
       Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.25. N  832  қаулысымен.  
      2. Мыналардың: 
      1) "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының мемлекеттiк сырттан қарыз алу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыртқы заемдары бойынша мемлекеттiк сыртқы борышты басқару саласындағы қызметiн үйлестiрудiң тәртiбi туралы ереженi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепілдiктерiн берудiң тәртiбi мен шарттары және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк сыртқы заемдар мен мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды тiркеудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қыркүйектегi N 1366  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 43, 401-құжат); 
      2) "Астана-Сити" объектiлерi кешенi бiріншi кезеңiнің құрылысын бастау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 22 сәуiрдегi N 445  қаулысының  3-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 137-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін. 
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң 2001 жылғы      
14 маусымдағы          
N 819 қаулысымен        
БЕКIТIЛГЕН           

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк 
берген заемдарын тiркеу және есепке алу ережесi

       Ескерту. Ереженің күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.25. N  832  қаулысымен.