"Қазақстан Республикасы азаматтарының ақшаны жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың жекелеген мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 1 маусым N 751

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңымен бекiтiлген Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекарасынан еркiн және тең құқылы өтуiн және олардың тауарлар мен валютаны кедергiсiз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы келiсiмдi орындау үшiн және Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 264, 273 және 317-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: <*>
       Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 569  қаулысымен .

      1. Қоса берiлiп отырған Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзу ережесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi бiр ай мерзiмде оларды өткiзушi тұлғалардың санаттарына қарамастан, жеке тұлғалардың белгіленген нормаларға сәйкес тауарларды өткiзуiн бақылаудың тетiгiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдi әзiрлесiн және бекiтсiн.

      3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап отыз күн өткеннен кейiн күшiне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министр і

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң             
2001 жылғы 31 мамырдағы      
N 741 қаулысымен         
бекiтiлген              

  Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзу
ЕРЕЖЕСI

      Ескерту. Мәтiндегi "коммерциялық" деген сөз "кәсiпкерлiк" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 569  қаулысымен .  

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуiнiң жеңiлдетiлген, оңайлатылған тәртiбiн айқындайды. <*>
       Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.21. N 1136  қаулысымен .  

      2. Жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарларды қоспағанда, кез келген тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзе алады.

      3. Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелуi және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетуi кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу, тарифтiк емес реттеу шараларын сақтау, сондай-ақ жеке тұлғалардың тауарларды жеңiлдетiлген тәртiппен өткізуiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген басқа да талаптарды орындау шартымен жүзеге асырылады.

      4. Жеке тұлғалардың тауарларды өткiзуiнiң жеңiлдетiлген тәртiбi кедендiк төлемдерден толық босатуды және осы Ереженiң 11 және 14-тармақтарына сәйкес кеден баждарының бiрыңғай ставкаларын белгiлеудi қамтиды. <*>
     Салықтардан босату салық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
     Кедендiк төлемдерден толық босатыла отырып, жеңілдетiлген тәртiппен өткiзiлетiн тауарлар өндiрiстiк немесе өзге де кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылмайды. <*>
      Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.21. N 1136  қаулысымен .

     5. Оңайлатылған тәртiп Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi (бұдан әрi - ҚР КБА) белгiлейтiн тәртiппен мәлiмдеудiң оңайлатылған нысанын қолдануды көздейдi. <*>
      Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.21. N 1136  қаулысымен.
     Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357  қаулысымен.

     6. Қазақстан Республикасының кеден аумағында/одан тысқары жерлерде тұрақты болу немесе тұтынылу мақсатында жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзетiн тауарлардың арналуын осы Ережеге 1-қосымшада көрсетiлген өлшемдерге сәйкес кеден органының лауазымды тұлғасы айқындайды.

     7  . Кеден төлемдерi мен салықтары төленбеген және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де талаптары орындалмаған жағдайда, жеке тұлғалар әкелетiн (әкететiн) тауарлар, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында мұндай тауарларды тәркiлеу көзделмесе, Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 91-бабына сәйкес уақытша сақтау қоймаларына орналастырылады не жеке тұлғаның тілегi бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге (Қазақстан Республикасының аумағына) дереу қайтарылуы мүмкiн. <*>
       Ескерту. 7-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 569  қаулысымен .  

      8. Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумағында тұрақты тұратын тұлғалар үшін көзделген кедендiк төлемдерден толық босатыла отырып, жеңілдетілген тәртiппен өткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу: <*>
      жеке тұлғаның Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң бiрiнiң аумағында тұрақты тұратындығы фактiсiн;
     тауарлардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттердiң аумағынан шығарылғандығын растайтын қолданылып жүрген құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады.
       Ескерту. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.21. N 1136  қаулысымен.

      9. Тауарлардың шыққан елiн растайтын құжаттарды ұсыну Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 33-43-баптарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. <*>
       Ескерту. 9-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 569  қаулысымен .

      10. Осы Ережеде көзделмеген барлық жағдайларда не жеке тұлға тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзудiң оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiбiн қолданудан бас тартқан кезде, кедендiк ресiмдеудiң жалпы белгiленген тәртiбi қолданылады. 

2. Жеке тұлғалардың тауарларды әкелуi (әкетуi)

      11. Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы жүретiн жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына (кеден аумағынан) әкелетiн (әкететiн) тауарларды өткiзуiнiң жеңiлдетiлген тәртiбiне сәйкес кедендiк ресiмдеу мынадай жағдайларда:
      1) осы мемлекеттерде тұрақты тұратын жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттерден (қатысушы мемлекеттерге) осы мемлекеттерде шығарылған және өндiрiстiк немесе өзге де кәсiпкерлiк қызмет үшiн арналмаған тауарларды әкелуi (әкетуi) кезiнде;
     2) үшiншi елдерден (үшiншi елдерге) шығарылған, өндiрiстiк немесе өзге де кәсiпкерлiк қызмет үшiн арналмаған, жол жүгiнiң жалпы салмағы бiр адамға шаққанда 50 (елу) килограмға дейiнгi шектегi жалпы құны 1000 (мың) АҚШ долларына баламалы сомадан аспайтын тауарларды әкелу (әкету) кезiнде;
     3) Қазақстан Республикасына (шет мемлекетке) тұрақты тұру үшiн қоныс аударған жеке тұлғалардың өндiрiстiк және өзге де кәсiпкерлiк қызмет үшiн арналмаған тауарларды әкелуi (әкетуi) кезiнде кеден төлемдерiн төлеуден толық босатылып (сақтағаны үшiн алымдарды қоспағанда), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге шектеу қойылған тауарларды қоспағанда, тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан жүргiзiледi. <*>
       Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.21. N 1136  қаулысымен.

      12. Осы Ереженiң 11-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тауарларды мәлiмдеу ауызша нысанда жүргiзіледi.

      13. Осы Ереженiң 11-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген тауарларды мәлiмдеу олардың құны мен санына қарамастан оңайлатылған нысанда жүргiзiледi. 

      14. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткiзетiн жалпы салмағы қоса есептегенде 200 (eкi жүз) килограмға дейiн болатын тауарларды кедендiк ресiмдеу, олардың құны 10000 (он мың) АҚШ долларынан аспауы шартымен, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес кедендiк баждардың бiрыңғай ставкасы және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданыла отырып, жеңiлдетiлген тәртiппен жүргізiледi. Мұндай тауарларды мәлiмдеу оңайлатылған нысанда жүзеге асырылады.
     Акцизделетiн тауарларды және Сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасына (бұдан әрi - СЭҚ ТН) сәйкес 01, 2201-2202, 2209, 2401, 2403, 29, 30, 84, 86, 87, 88, 89, 9018-9022, 93, 97 тауар топтары мен айқындамалары бойынша жiктелетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу жалпы белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. <*>
      Ескерту. 14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.21. N 1136  қаулысымен.

      15. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы өткiзетiн тауарлардың кедендiк құны Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 306 және 309-баптарында көрсетiлген iс жүзiндегi шығыстар ескерiле отырып, шетелдiк сауда ұйымдары анықтамаларының, чектерiнiң, шоттарының, түбiртектерiнiң, тауарлы-көлiктiк жүк құжаттарының, сондай-ақ жүк чектерiнiң немесе түбiртектерiнiң негiзiнде айқындалады. <*> 
      Жеке тұлға мәлiмдеген кедендiк құнды растайтын құжаттар болмаған жағдайда тауарлардың кедендiк құны Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 310, 311, 312, 313 және 314-баптарына сәйкес айқындалады. <*>
       Ескерту. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 569  қаулысымен .  

3. Жеке тұлғалардың тауарларды уақытша әкелуi (әкетуi)  

      16. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жүрген кезде бұл тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында (уақытша болатын елде) жеке пайдалануы үшiн қажеттi тауарларды, бастапқы келген (кеткен) кезде тауарларды кеден органдарына мәлiмдеуi шартымен, кеден төлемдерi мен салықтарын төлеместен уақытша әкеле (әкете), сондай-ақ уақытша әкелiнген (әкетiлген) тауарларды керi әкете (әкеле) алады. 
      Мұндай тауарлардың тiзбесi осы Ережеге 2-қосымшада келтiрiлген. 
      Уақытша әкелiнген тауарлар иелiктен шығарыла, басқа тұлғалардың иелiгiне, пайдалануына немесе билiгiне берiле алмайды.

       17. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрақты тұрғылықты жерi бар тұлғалар ғана тауарларды жеңiлдетiлген, оңайлатылған тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден аумағына уақытша әкеле, ал Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын жерi бар және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша шығатын тұлғалар - көрсетілген тәртіппен уақытша әкете алады.

       18. Жеке тұлғалардың тауарларды жеңiлдетiлген, оңайлатылған тәртiппен уақытша әкелуiне (әкетуiне) кеден органы сапардың мақсаттары мен барлық өзге де жағдайларын (ұзақтығы, маусымы және с.с.) ескере отырып және тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында (уақытша болған елде) іс жүзінде болу уақытынан аспайтын мерзімге рұқсат етеді. 
        Ескерту. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.06.11. N 569  қаулысымен .

  4. Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы жеке тұлғалар тауарларының транзитi

      19. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзетiн, құны қоса есептегенде 10000 (он мың) АҚШ долларына дейiнгі тауарларды (акцизделетiн тауарларды және CЭҚ ТН-ға сәйкес 01, 2201-2202, 2209, 2401, 2403, 29, 30, 84, 86, 87, 88, 89, 9018-9022, 93, 97 тауар топтары мен айқындамаларында жiктелетiн тауарларды қоспағанда) мәлiмдеу олардың жалпы салмағы 200 (екi жүз) килограмнан аспауы шартымен Қазақстан Республикасының кедендiк заңнамасына сәйкес тауарлардың транзитi режимiне қойылатын талаптарды сақтап, мәлiмдеудiң оңайлатылған нысаны қолданыла отырып жүргiзiледi. <*>
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.10.21. N 1136  қаулысымен.  

  5. Тауарларды халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен өткiзу

      20. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан не жеке тұлғаның атына Қазақстан Республикасының кеден аумағына халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен жiберетiн, өндiрiстiк немесе өзге де кәсiпкерлiк қызмет үшiн арналмаған тауарларды кедендiк ресiмдеу олардың салмағы 31 (отыз бiр) килограмнан аспауы, ал жалпы құны қоса есептегенде 1000 (мың) АҚШ долларына баламалы сомадан аспауы шартымен кеден төлемдерiн төлеуден толық босатыла отырып және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан жүргiзiледi. 

      21. Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес мұндай жiберуге тыйым салынған тауарлар халықаралық почта жөнелтiлiмдерiмен Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзуге жатпайды. 

Жеке тұлғалардың тауарларды     
Қазақстан Республикасының      
кеден шекарасы арқылы        
оңайлатылған, жеңiлдетiлген     
      тәртiппен өткiзу           
ережесiне               
1-қосымша               

  Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзетiн тауарлардың мақсатқа арналуын айқындаудың өлшемдерi

     Тауарлар өндiрiстiк немесе өзге де кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады, егер:
     1. Тауарларды өткiзу жиiлiгi айына 1 (бiр) реттен асатын болса;
     2. Тауарлардың сипаты мына төмендегi санаттардың бiрiне сәйкес келсе:
     1) көлiк құралдары мен олардың бөлшектерi, оның iшiнде жол полициясы органдарында есепке алуға жататындар;
     2) Қазақстан Республикасының кеден аумағына Қазақстан Республикасының Yкiметi акциздер салудан босату үшiн белгілеген нормалардан артық әкелiнген акцизделетiн тауарлар;
     3) кәсiби жабдықтар (өндiрiстiк немесе өзге де кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн еңбек құралдары ретiнде пайдаланылатын жабдықтар);
     4) станоктар;
     5) шикiзаттар;
     6) шала өнiмдер;
     7) ауыл шаруашылығы техникасы;
     8) құрылыс материалдары;
     9) жинақтаушы бұйымдар.
     3. Тауарлардың саны мынадай көрсеткiштерден асса:
     киiм - бiр адамға шаққанда бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат (пайдалануда болғандарды қоспағанда);
     бас киiм - бiр адамға шаққанда бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат (пайдалануда болғандарды қоспағанда);
     аяқ киiм - бiр адамға шаққанда бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 2 (екi) зат (пайдалануда болғандарды қоспағанда);
     тағам өнiмдерi - бiр адамға 10 (он) кг;
     туалеттік керек-жарақтар мен парфюмериялық-косметикалық бұйымдар - бiр адамға бiр атаудағы 3 (үш) зат (пайдалануда болғандарды қоспағанда);
     жиhаз - бiр адамға 1 (бiр) жиынтық немесе гарнитур;*)
     асханалық тұрмыстық ыдыс-аяқтар мен аспаптар - бiр адамға бiр түрдегi 2 (екi) жиынтық немесе сервиз;*)
     төсек-орын керек-жарақтары - бiр адамға бiр түрдегi 2 (екi) жиынтық;*)
     фототехника, аудиотехника, бейнетехника, ұйымдастыру техникасы, тұрмыстық техника және электр аспаптары - бiр адамға әр атаудан 1 (бiр) зат;*)
     зергерлiк бұйымдар - бiр адамға 6 (алты) зат;
     музыка аспаптары - бiр адамға 1 (бiр) зат;
     спорттық мүкәммал - бiр адамға 1 (бiр) зат;
     дәрi-дәрмек құралдары - бiр адамға 500 грамм;
     баспа басылымдары, бейнекассеталар, аудиокассеталар, шағын дискілер, фотопленкалар - бiр адамға әр атаудан 10 (он) дана;*)
     велосипедтер - бiр адамға 2 (екi) дана;
     балалар ойыншықтары - бiр адамға 2 (екі) жиынтық пен модель;*)
     балалар арбасы - бiр адамға 1 дана;
     үй шаруашылығында немесе тұрмыста пайдаланылатын жоғарыда аталмаған басқа да заттар - бiр адамға әрбiр атаудан 2 (екi) зат. 
      _______________________ 
      Ескерту: 
      Жиынтық - бұл бiрдеңенiң толық жинағы, құрамы. Тауардың құрамы (жиынтықтылығы) "Құрамы" немесе "Жиынтықтылығы" деген атауы бар тiзбе түрiнде тұтынушыға арналған ақпаратта (этикеткалар, таңбалар, жапсырма қағаздар, паспорт, формуляр, қолдану жөнiндегi басшылық) көрсетiлуi тиiс. 
      *) Көрсеткіштер Қазақстан Республикасына/нан тұрақты тұруға қоныс аударатын жеке тұлғалар оларды өткiзген кезде пайдалануда болған тауарларға қатысты қолданылмайды. 

Жеке тұлғалардың тауарларды     
Қазақстан Республикасының      
кеден шекарасы арқылы        
оңайлатылған, жеңiлдетiлген     
тәртiппен өткiзу ережесiне     
2-қосымша               

  Кеден төлемдерi мен салықтарын төлеместен уақытша әкелуге (әкетуге) рұқсат етiлетiн тауарлардың
ТІЗБЕСI

     1. Киiм, бас киiмдер, аяқ киiм.
     2. Жұмсалатын тауарларды қоспағанда, туалет бұйымдары.
     3. Жеке зергерлiк әшекейлер.
     4. Фото-, кино-, бейнекамералар мен оларға жабдықтар.
     5. Тасымалданатын слайд- және кинопроекторлар мен оларға жабдықтар.
     6. Тасымалданатын бейнемагнитофондар мен оларға жабдықтар.
     7. Тасымалданатын музыкалық аспаптар.
     8. Күйтабақтарымен бiрге тасымалданатын ойнатқыштар.
     9. Yнтаспаларымен бiрге тасымалданатын дыбыс жазғыш және шығарғыш аппаратура (диктофондарды қоса алғанда).
     10. Тасымалданатын радиоқабылдағыштар.
     11. Тасымалданатын телевизорлар.
     12. Тасымалданатын жазу машинкалары.
     13. Тасымалданатын калькуляторлар.
     14. Тасымалданатын жеке компьютерлер.
     15. Дүрбiлер.
     16. Балалар арбалары.
     17. Мүгедектерге арналған арбалар.
     18. Спорт жабдықтары мен керек-жарақтары.
     19. Тасымалданатын диализаторлар мен осындай медициналық аспаптар.
     20. Ұялы байланыстың мобильдi телефондары.
     21. Жеңiл автомобильдер мен оларға тiркемелер.

Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан  
Республикасының кеден шекарасы арқылы  
оңайлатылған, жеңілдетілген тәртіппен  
өткізу ережесіне             
3-қосымша                  

       Ескерту. 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.10.21. N 1136  қаулысымен.   

  Қазақстан Республикасының кеден аумағына жеке тұлғалар
жеңілдетілген тәртіппен әкелетін тауарларға арналған
кеден баждарының бірыңғай ставкалары

             !                                           !       Кеден

   СЭҚ ТН    !           Тауардың қысқаша атауы          !     баждарының

  бойынша    !                                           !      бірыңғай

  тауардың   !                                           !      ставкасы

  коды       !                                           !     (кедендік

             !                                           !     құнның %-

             !                                           !      ымен не

             !                                           !      ЕВРО-да)

_________________________________________________________________________ 

02-21, 23,     Тамақ өнімдері, тірі ағаштар, іш майлары     2%, бірақ 1 кг 

25-28, 31-40,  мен майлар, тамақ өнеркәсібінің қалдықтары,     үшін 0,02

50-63, 68-70   шығындылары, тоқыма материалдары мен          ЕВРО-дан кем

               бұйымдары, тастан, гипстен, цементтен,            емес

               асбестен, слюдадан жасалған бұйымдар, қыш

               бұйымдар, шыны және одан жасалған бұйымдар

_________________________________________________________________________ 

41-43,         Өңделмеген терілер мен былғары; былғары,     2%, бірақ 1 кг 

90-92          аң терісі және олардан жасалған                 үшін 0,16 

(9018-         бұйымдар; оптикалық, фотографиялық             ЕВРО-дан кем

9022-ден       құралдар мен аппараттар, музыкалық аспаптар       емес

басқа)         мен сағаттар                             

_________________________________________________________________________ 

44-49          Сүрек және одан жасалған өнімдер; қағаз,     2%, бірақ 1 кг 

               картон, баспа өнімдері                          үшін 0,03

                                                             ЕВРО-дан кем

                                                                 емес

_________________________________________________________________________ 

64-67, 85      Аяқ киім; бас киімдер, қол шатырлар және     2%, бірақ 1 кг 

               т.б.; электр машиналары мен жабдықтары,         үшін 0,07

               аппаратура                                    ЕВРО-дан кем

                                                                 емес

_________________________________________________________________________ 

72-83,         Қымбат емес металдар және олардан жасалған   2%, бірақ 1 кг 

94-96          бұйымдар; түрлі өнеркәсіптік тауарлар           үшін 0,04

                                                             ЕВРО-дан кем

                                                                 емес

_________________________________________________________________________ 

71             Табиғи маржан тастар, асыл тастар,           2%, бірақ 1 кг 

               металдар, олардан жасалған бұйымдар,            үшін 2   

               бижутерия монеталар                           ЕВРО-дан кем

                                                                 емес

Қазақстан Республикасы       
Үкіметінің             
2001 жылғы 31 мамырдағы       
N 741 қаулысына           
қосымша                

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің
Тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарларды, соның ішінде көлік құралдарын да өткізуінің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1712  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 53, 512-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1712 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1204  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 35, 326-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1712 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 мамырдағы N 898  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 23, 207-құжат). 

      4. "Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін акцизделетін тауарларға арналған акциз ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 маусымдағы N 608  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 20, 176-құжат) 3-тармағының 2) тармақшасы. 

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 қыркүйектегі N 927  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 33, 300-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы.

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1712 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 30 қыркүйектегі N 979  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 34, 314-құжат).