Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудың 2001-2008 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 мамыр N 726. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Z990453_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 21, 773-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      14-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Конкурсты бос лауазымдар бар мемлекеттік орган не Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша уәкілетті орган конкурс өткізу туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жарияланғаннан кейін ашық немесе жабық тәсілмен өткізеді.
      Конкурсты орталық мемлекеттік органдар мен олардың аумақтық бөлімшелері және ведомстволар өткізген кезде хабарландырулар ресми басылымдарда жарияланады. Жергілікті мемлекеттік органдардың конкурс өткізу туралы хабарландырулары облыстардың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) мәслихаттары мен әкімдері ресми жарияланымдар үшін

белгілеген газеттер мен өзге де мерзімді басылымдарда жарияланады.";
     Мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
     "3-1. Егер конкурс белгілі бір жұмыс мерзімімен бос тұрған орынға 
өткізілетін болса, онда жасалғалы отырған еңбек шартының жағдайы конкурсты 
өткізу туралы хабарландыруда көрсетілуге тиіс.".
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті 
      
     Мамандар:
        Багарова Ж.А.,
        Жұманазарова А.Б.