Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы санаторий-курорттық, сауықтыру және туристік мекемелер мен ұйымдарды дамыту саласындағы ынтымақтастық ту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 мамыр N 715

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Салықтық (қаржылық) тергеу органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің екінші мәжілісін өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы полициясы агенттігі 2001 жылғы 28-29 мамырда Алматы қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Салықтық (қаржылық) тергеу органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің екінші мәжілісін өткізсін.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз

 

Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Салықтық (қаржылық)

тергеу органдары басшыларының үйлестіру кеңесінің екінші мәжілісін

өткізуге арналған шығыстарды қаржыландыруды 2001 жылға арналған

республикалық бюджетте "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген

қаражаттың есебінен қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.