Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 499 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 18 мамыр N 656.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1180 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметіне 2000 жылғы 26 шілдедегі N 1128 P001128_ "Жекелеген ұйымдарға қатысты мемлекеттік меншіктің түрін өзгерту туралы" қаулысына сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:     




      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "Бірыңғай бюджеттік жіктемені бекіту туралы" бұйрығына келесі толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесіне:
      бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесіне:
      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобында 2 "Су шаруашылығы" кіші функциясында 105 "Әкімдер аппараты" мем.мекеме-бағдарлама әкімшісі мынадай бағдарламамен толықтырылсын:

     "48 Су беруге қатыссыз жергілікті сипаттағы гидротехникалық жүйелер 
мен ғимараттардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету".
     2. Заң қызметі (Қ. Әбдіқалықов) және Бюджет (Б. Сұлтанов) 
департаменттері осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
     
     
     Министр
     
     
     Мамандар:
             Омарбекова А.Т.
             Икебаева Ә.Ж.