Қазақстан Республикасының химия және мұнай-химия өнеркәсібін қалпына келтіру мен дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 мамырдағы N 649 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Z010148_ Заңына сәйкес

                                БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "Бiрыңғай бюджеттiк жiктеменi бекiту туралы" бұйрығына мынадай өзгерiс енгiзілсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесiне:
      бюджет шығыстарының функционалдық жiктемесiне:
      12 "Көлiк және байланыс" функционалдық тобында 1 "Автомобиль көлiгi" кiшi функциясында 274 "Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көлiктiң атқарушы органы" мемлекеттiк мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 46 бағдарламасы мынадай мазмұнда жазылсын:

     "Ауданаралық (қалааралық), аудан мен елдi мекендер iшiнде қоғамдық 
жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру".
     2. Заң қызметi департаментi (Қ. Әбдiқалықов) және Бюджет департаментi 
(Б. Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде 
мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 
мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     
     Министр
     
     
      Мамандар:
              Омарбекова А.Т.
              Икебаева Ә.Ж.