Қырғыз Республикасынан цемент импорты кезінде демпингке қарсы уақытша баж енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 мамырдағы N 620 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 171 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының инновациялық даму бағдарламасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы       
Үкіметінің              
2001 жылғы 10 мамырдағы       
N 617 қаулысымен          
бекітілген             

Қазақстан Республикасының
Инновациялық даму Бағдарламасы

      Астана - 2001 ж.

1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ

    Атауы          Қазақстан Республикасының инновациялық даму
               бағдарламасы.

Бағдарламаны   "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000-2002 жылдарға
әзiрлеу үшін   арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi
негіздеме      iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы
               Yкiметiнiң 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысы .
               Қазақстан Республикасы инновациялық қызметiнiң
               тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
               мәжiлiсiнде мақұлданған, 1999 жылғы 20 шiлдедегi N 19
               хаттама, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия
               және сауда министрiнiң 2000 жылғы 28 наурыздағы
               N 117 бұйрығымен бекiтiлген).

Әзiрлеушi      Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық
               ресурстар министрлiгi.

Бағдарламаның  Ғылым мен техника жетiстiктерiн пайдалану негiзiнде
мақсаты        ел экономикасын дамыту үшiн қажеттi шарттар мен
               қолайлы ортаны құру, теңгерiлген өндiрiстiк
               инфрақұрылымды қалыптастыру және елдiң жалпы ұлттық
               өнiмiнде шикiзатты құрайтын бөлiктi кезең-кезеңiмен
               жоғары технологиялық экспорттық өнiммен алмастыру.

Бағдарламаның  Бағдарламаның негiзгi мақсатына сәйкес мынадай:
мiндеттерi     экономиканың басымды ғылыми-техникалық және
               технологиялық дамуын қамтамасыз ету;
               экономиканың шикiзаттық емес секторларын
               қалыптастыру;
               инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау және
               өндiрiстiк кәсiпкерлiк қызметтi артықшылықпен дамыту
               жүйесiн қалыптастыру;
               өнеркәсiптiң технологиялық жаңғыртылуын жүргiзу және
               экспортқа бағдарланған ғылымды қажетсiнетiн
               өндiрiстердi құру;
               инновациялық қызметтiң инфрақұрылымын қалыптастыру;
               инновациялық салаға шағын бизнес субъектiлерiн тарту;
               инновациялық қызметтi кадрлық қамтамасыз ету;
               экономиканың инновациялық даму басымдықтарын
               қамтамасыз ететiн инновациялық қызметтiң нормативтiк
               құқықтық базасын қалыптастыру;
               халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту
               міндеттерiн шешу көзделеді.

Қаржыландыру   Мемлекеттiк бюджет, несие ресурстары, инновациялық
көздерi        қызмет субъектiлерiнiң меншiктi қаражаты, шетел
               капиталы.

Iске асыру     Бағдарламаны iске асыру 2001-2015 жылдар кезеңiне
мерзiмдерi     белгiленген.    

Күтiлетiн      Елдiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын
нәтижелер      қамтамасыз ету, дүниежүзiлiк сұранымның рыногының
               конъюнктурасына экономиканың тәуелдiлiгiн төмендету.

               Жаңа жұмыс орындарын құру.

2. КIРIСПЕ

      Бағдарлама Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес әзiрлендi.
      Бағдарлама ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану негізінде елдің ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының бiрыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру мен жүргiзуге бағытталған.
      "Қазақстан-2030" стратегиясының ең тұтқалы басымдықтарының бiрi экономиканың теңгерiмдi дамуының, жалпы ұлттық өнiмiн құрайтын шикiзатты жоғары технологиялы, оның iшiнде экспорттық өнімге кезең-кезеңмен алмастыру және елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиiмді пайдалану негiзiнде экономикалық өсу болып табылады.
      Қазақстанда бұл үшiн барлық алғышарттар бар. Бұл - бай табиғи ресурстар, бос өндiрiстiк қуаттардың болуы, жеткiлiктi бiлiктi ғылыми-техникалық қызметкерлер және жоғары жалпы бiлiмдiлiк деңгейiмен ұштасқан арзан жұмыс күшi, бiрқатар технологиялық тұрпаттар бойынша дайындықтардың болуы.
      Сонымен бiрге, бiрқатар бөгеушi факторлар да бар. Атап айтқанда, соңғы жылдары Қазақстанның технологиялық тез мешеуленуiнiң деңдеген кезеңi болды. Қазiргi өндiрiстiң тұқыртылуы, өндiргiш күштердiң индустриясыздануы, өндiрiстiң абсолюттiк көрсеткiштерiнiң күрт қысқаруы және жанбасылық, тұтыну мен қордаланудың төмендеуi тегеурiндi экономикалық даму үшiн республиканың аттаныс жағдайын едәуiр күрделендiредi.
      Бұдан басқа, технологиялық даму мен инновациялық әлеует деңгейi бойынша салалар арасындағы едәуiр алшақтық отандық экономикаға тән сипат болып табылады. Оның үстiне, кадрлар даярлау жүйесiнiң өзi де негiзiнен экономиканың шикiзат секторын кадрлық қолдауға бейiмделген.
      Экономикалық қарым-қатынастардың жалпы жүйесiнде инновациялық қызметке негiзгi орын берiледi, өйткені елдiң экономикалық қуаты оның ақырғы нәтижелерiмен - өндiрiс тиiмдiлiгiн көтерумен, ғылымды қажетсiнетiн өнiм көлемiн өсiрумен айқындалады.
      Бағдарлама республиканың инновациялық дамуының ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған мақсаты мен міндеттерін айқындайды, және жыл сайын ұлттық әлеуметтiк-экономикалық басымдықтарға сүйене отырып, нақтыланатын және түзетiлетiн болады.

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІНІҢ ТАЛДАУЫ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ

      Қазақстанда соңғы он жылдықта республиканың нарықтық тетіктерге негiзделген экономикалық қарым-қатынастарға көшуiмен байланысты түбегейлi өзгерiстер болды. Алайда, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудiң және реформаларды тездетiп жүргiзудiң ғылыми және экономикалық негiзделген моделiнiң жоқтығынан өткiзiлген шаралар елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуында күткен нәтижелер берген жоқ.
      Шикiзатқа деген бағаның ауытқу кезеңдерiндегi экономиканың шикiзатқа тәуелдiлiгi шикiзат экспортынан түсетін қатты валютаның едәуiр түсiмдерi ұлттық валюта құнының өсуiне әкелген кезде танымал макроэкономикалық әсерде көрiнiс бердi және iшкi өндiрушiлер деңдеп бара жатқан импортпен бәсекелесуге қабiлетсiз болып қалды.
      Қайта өңдеу салаларының (машина жасау, жеңiл, тамақ, электрондық, қорғаныс және басқа салалар) тұралауы Қазақстан жағдайында жеткiлiктi ғылыми-техникалық, маркетингтiк және басқарушылық қолдаудың жоқтығынан шиеленiскен болатын.
      Осылайша өнеркәсiпте 1990-1999 жылдарда шикiзаттық емес салалардың үлесi 3-6 есе қысқарды, сонымен бiрге, орны толмас табиғи ресурстарды - мұнайды, газды және түстi және қара металл рудаларын өндiру артты.
      1999 жылы қол жеткен (1998 жылға 102,2 %) өнеркәсiптiк өндiрiстiң өсуi негiзiнен қазақстандық экспорттың негiзгi тауарларына әлемдiк бағаның көтерiлуi және мұнай мен газды өндiрудi арттыру және қара және түстi металдарды өндiру есебiнен қамтамасыз етiлген едi.
      2000 жылдың iшiнде өткен жылдың тиiстi кезеңдерiмен салыстырғанда өнеркәсiптiк өнiм өндiрудi арттыру үрдiсi сақталып отыр. Алайда, мұндай өсу, сол сияқты едәуiр дәрежеде шикiзат бағасының өсуiмен байланысты әлемдiк рыноктың конъюнктурасына қолайлы ықпал еткен сыртқы жағдайларға негiзделген болатын.
      Елдiң инвестициялық саясатының шикiзаттық бағыты өнеркәсiпте орын алған сәйкессiздiктi одан әрi тереңдете түстi. Осылайша, мұнай-газ саласының негiзгi капиталына берiлетiн инвестицияның көлемi 1991 жылы 31 %-дан 1998 жылы 63 %-ға дейiн өстi. 1999 жылы тiкелей шетелдiк инвестициялардың түсуi 1998 жылмен салыстырғанда екi есеге жуық көтерiлдi және 1799 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте олардың жалпы көлемiнiң 87 %-на жуығы мұнай-газ секторының үлесiне (1524 млн. АҚШ доллары) тидi.
      Ауыр жағдай ауыл шаруашылығында қалыптасты. Өткен жылдары ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру 2,3 есеге, егiс алаңдары 1,9 есеге, мал басы 2,7 есеге жуық қысқарды, шаруашылықтарды сапалы тұқыммен және тұқымдық материалдармен, техникамен және оларға қосалқы бөлшектермен жабдықтау нашарлап кеттi. 1999 жылдан бастап көрiнiс берген экономиканың аграрлық секторындағы белгiлi бiр оң алға жылжушылықтар байқалғанмен, саладағы дағдарыстық жағдай еңсерiлген жоқ.
      Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндірістің құлдырауы, кәсiпорындар мен тұрғындардың төлемге қабiлеттi сұранысының төмендеуi көлiктiк-коммуникациялық кешеннiң жұмыс iстеуіне теріс әсер етті.
      1990-1999 жылдар кезеңiнде жүктердi барлық көлiк түрлерiмен тасымалдау көлемi 60%-ға қысқарды. Бұл ретте жүктердi автомобиль көлiгiмен тасымалдау көлемiнiң құлдырауы 64%-ды, темiржолмен - 55%-ды және теңізбен - 96%-ды құрады. Сол кезде мұнай және газды өндiру мен айдауды арттырудың нәтижесiнде құбыр көлiгiмен жүк тасымалдау өстi (127,8 %).
      Елдiң экспортында, алдыңғы жылдардағы сияқты, шикiзаттық бағытталу басым болып отыр. 1999 жылы экспорттың 6,6 млрд. АҚШ долларына (ІЖӨ-нiң 29 %-ы), жуық қосынды көлемi жағдайында 60 %-дан астамын орны толмайтын шикiзат ресурстары, оның ішiнде түстi және қара металдар - 23,9 %-ды, отын және мұнай өнiмдерi - 35,4 %-ды, сондай-ақ органикалық емес химия өнiмдерi - 6,4 %-ды құрады.
      Экономикасының шикiзаттық бағытталуы елдi дүниежүзiлiк рыноктардың минералдық шикiзатына, металдар мен мұнайға сұранысына толық тәуелдi еттi. Бұл ретте өнеркәсiптiң қайта өңдеушi салаларының дамымай қалғандығынан экспортталатын өнiмнiң номенклатурасын кеңейту үшiн мүмкiндiк мүлдем болмай отыр.
      Проблемалар қара металдардың өнiмдi кен қорларының тозуынан, Қазақстанның тиiмсiз географиялық жағдайы (көмiрсутегi шикiзатын өндiретін орынның негiзгi тұтынушылардан алшақтығы) мен ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң жоғары тәуекелдiлiгiнен едәуiр дәрежеде күрделенiп отыр.
      Әлемдiк қоғамдастықтың даму үрдiсi инновациялық қызметтің экономикалық өсу қарқынына әсерi өсiп отырғандығын көрсетедi. Әлемдiк рынокта интеллектуалдық еңбек өнiмдерi экономикалық қызметтiң басқа салаларымен салыстырғанда неғұрлым жоғары бағаға ие. Рыноктың талаптары жаңалықтарды енгiзудi кеңiнен пайдалану, инновациялық белсендiлiктi күшейту үшiн жағдайлар туғызу қажеттiлiгiн мойындатады.
      Тәжiрибе жоғары технологиялық салаларында жаңалықтар енгізуге деген көтерiңкi бейiмдiлiк байқалып отырғандығын көрсеттi. Сондықтан, экономиканың құрылымында ғылымды қажетсiнетiн салалар неғұрлым көп болса, онда инновациялық қызметте соғұрлым дамиды. Керiсiнше заңдылық та бар: Қазақстанның қазiргi экономикалық жағдайына тән бастапқы қайта өңдеудiң өндiрушi салаларының басымдығы бар экономиканың салалық құрылымы ғылыми-техникалық инновацияларды тежейдi.
      Қазiргi уақытта еңбекке қабiлеттi тұрғындарды еңбекпен қамтуды арттыру және жаңа табиғи ресурстарды айналымға тарту есебiнен өнiм өндiрудi өсiру және қызмет көрсетудi дамыту үшiн мүмкiндiктер неғұрлым шектеулi болып барады. Осыған байланысты экономикалық даму үшін шешушi мәнге қарқынды факторлар ие болуда. Өз кезегінде, кадрлар бiлiктiлігi мен еңбек өнімділігінің өсуi, материалдар мен жабдықтардан қайтарым экономика салаларында ғылым мен техника жетiстiктерiнiң пайдаланылу дәрежесiмен анықталады.
      Инновациялық қызмет жаңа шаруашылық-аумақтық құрылымдарды (технопарктердi, бизнес-инкубаторларды, аймақтық инновациялық қорларды, венчурлық фирмаларды) дамытуға, бұрын құрылған шаруашылық субъектiлер арасындағы өзара байланыстарды трансформациялауға, басқару технологияларын дамытуға көмектеседi. Бұл ретте экономиканы мемлекеттiк реттеу жүйесiнiң мазмұны да өзгерiске ұшырайды.
      Инновациялық процестер тек өндiрiске ғана емес, шынтуайтында қоғамдық өмiрдiң барлық жақтарына ықпал етедi. Осының нәтижесiнде материалдық және материалдық емес жағдайларды пайдалану құрылымы жетiлдiріледі, адамдардың өмiр сүру қызметiнiң жаңа салалары құрылады. Мысалы, жоғары технологиялар саласындағы бiр жұмыс орны өнеркәсiп саласында бестен онға дейiнгi жұмыс орнын құрады.
      Жоғары технологиялық өндiрiстер мемлекеттiк бюджеттi толтырудың негiзгi көздерiнiң бiрi болып табылады. Қазiргi уақытта ғылыми-техникалық прогрестiң IЖӨ-ге қосатын үлесi неғұрлым дамыған елдерде, әртүрлi бағалау бойынша 75-тен 100%-ға дейiнiн құрайды. Инновациялық қызметтiң әлеуеттiк мүмкiндiктерi индикативтiк және бюджеттiк жоспарлау жүйесiнде ескерiлуi тиiс.

4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

      Бағдарламаның негiзгi мақсаты ғылым мен техниканың жетiстiктерiн пайдалану, теңгерiмдi өндiрiстiк инфрақұрылымды қалыптастыру және жалпы ұлттық өнімдегi шикiзат құрамының бөлiгiн жоғары технологиялық экспорттық өнiмге кезең-кезеңмен алмастыру негiзiнде елдiң экономикасын дамыту үшiн қажеттi жағдайлар мен қолайлы орта жасау болып табылады.
      Қойылған мақсатқа сәйкес Бағдарлама мынадай мiндеттерді шешуге бағытталған:
      экономиканың жоғары технологиялық шикiзаттық емес секторларын
қалыптастыру;
      инновациялық қызметтi мемлекеттiк ресурстық қолдау;
      өнеркәсiптi технологиялық жаңғыртуды жүргiзу және экспортқа
бағытталған ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстерді құру:
      ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерін инновациялық қызметке тарту;
      салалық және аймақтық инновациялық бағдарламаларды қалыптастыру және іске асыру;
      инновациялық қызметтi дамыту үшiн қолайлы жағдайды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық базаны қалыптастыру;
      неғұрлым перспективалы ғылыми бағыттарды сақтау және дамыту;
      инновациялық кәсiпорындар үшiн мамандарды даярлау;
      халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту.

5. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГIЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕТIКТЕРI

      5.1. Инновациялық даму стратегиясы мен басымдықтары

      Дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстанда мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясатының принциптiк ерекшелiктерi бар. Дамыған елдер үшiн iргелi және қолданбалы зерттеулердi қаржыландыру көлемiн арттыру, ғылымды жеке сектормен өзара байланыстыруды ынталандыру есебiнен жаңалықтарды жедел игеру, ғылымның корпоративтiк секторын құру мен дамытуға барынша ықпал ету, ғылыми-техникалық әлеуеттiң экономикалық және әлеуметтiк мiндеттердi шешуге тiкелей бейiмделуi тән.
      Қазақстанда ғылымды қаржыландыру жеткiлiктi емес. Шаруашылық субъектiлердiң ғылым мен инновациялық қызметке жұмсайтын шығындарын мемлекеттiк ынталандыру жүйесi дамымаған, ғылыми-техникалық әзiрленiмдердi өндiрiске енгiзу маңыздылығын бағаламау сақталып отыр.
      Мұндай жағдайда Қазақстан мен дамыған елдердiң ғылыми-техникалық дамуындағы алшақтық бұдан әрi өсе түсетiн болады.
      Осыған байланысты негiзi жоғары және ғылымды қажетсiнетiн технологияларға көшу және елдiң экспортындағы шикiзаттық құрамының үлесiн қауiпсiз деңгейге дейiн азайту болуы тиiс мемлекеттiң қоғамның өндiргiш күштерiн дамыту жөнiндегi ұзақ мерзiмдi бағдарламасына түзету енгiзу қажет.
      Қазақстанда экономиканы дамытудың инновациялық жолына көшуiне бiрқатар экономикалық, демографиялық, ғылыми-технологиялық, ұйымдастырушылық және басқа да факторлар (кесте) ықпал етедi.
      Өндiрiстi кең ауқымды жаңарту үшiн қазiргi уақытта республикада жеткiлiктi мөлшерде жоқ едәуiр капиталдық қаражат талап етiледi. Осыған байланысты, қойылған мiндеттердi іске асыру үшiн мемлекеттiк қаржыландырумен қатар несие ресурстарын, инновациялық қызмет субъектiлерiнiң жеке қаражатын, шетелдiк капиталды және басқаларды тарту алда тұр. Бұдан басқа, лизинг бойынша жабдықтар мен технологияларды сатып алуды тәжiрибеге енгiзу қажет, өйткенi бұл бюджетке түсетiн күштi едәуір азайта алады.
      Шетелдiк технологиялар мен техниканың бақылаусыз ағылуы отандық қолданбалы ғылымды тұншықтырып тастауы, қазақстандық экономиканың шетелдiк әзiрленімдерден технологиялық тәуелдiлiгiнiң нақты пайда болу қаупiн туғызуы мүмкiн екендiгiн есте ұстау қажет. Осының нәтижесiнде ондаған жылдар бойына жинақталған отандық ғылыми әлеуеттiң жоғалып кету қаупi туып отыр. Осының салдарынан республика жоғары технологиялық өнiмнiң импортын кеңейтуге мәжбүр болады.

Кесте          

          Қазақстандағы инновациялық қызметтің дамуына ықпал ететін
               факторлардың салыстырмалы сипаттамасы
-------------------------------------------------------------------
         Оң факторлар            !         Теріс факторлар
-------------------------------------------------------------------
бай табиғи ресурстар;           экономиканың шикiзаттық бағытталуы;

бос өндiргiш қуаттардың болуы;  дүниежүзілiк деңгейдегі меншікті
                                технологиялар салаларының шектелуi;

салыстырмалы түрде дамыған      iшкi қаржы ресурстарының тапшылығы;
ғылыми-техникалық әлеует;

технологиялық жағдайлардың      инновациялық қызметтiң
қатарында технологиялық         инфрақұрылымының дамымағандығы;
баяндамалардың болуы;    

жеткiлiктi бiлiктi инженерлiк-  өндiргiш күштердi керi
техникалық қызметшi;            индустриялансыздандыру    

жеткiлiктi жоғары жалпы бiлiмдiк материалдық-техникалық базаның
деңгейiмен үйлескен арзан жұмыс  техникалық жағынан әлсiз
күші;                            жарақтануы;

елдiң екi құрлықтықтың тоғысында өндiргiш күштердi бөлудегi
географиялық орналасуы;          теңсiздiк;    

инженерлiк-техникалық кадрларды  ғылыми-техникалық қызметтi
даярлаудың қалыптасқан жүйесi.   коммерциялау үшiн тетiктер мен
                                 нақты экономикалық ынталандырудың
                                 жоқтығы;
                                 инновациялық қызметтi жеткiлiксiз
                                 нормативтiк құқықтық реттеу;
                                 өндiрiстiң жоғары технологиялық
                                 салаларының қатарында ғылыми-
                                 техникалық және өндiрiстiк
                                 кадрлардың жоқтығы;
                                 жаңа формациядағы басқарушылық
                                 кадрлардың болмауы;
                                 ішкi рыноктың мардымсыз
                                 сыйымдылығы.
-------------------------------------------------------------------
      Осыған байланысты Қазақстан үшiн, жоғары дамыған шет елдердiң тәжiрибелерiне сүйенсек, инновацияның мынадай түрлерi неғұрлым тиiмдi.
      "Yстемелеу" инновациясы - жаңа өнімдер мен отандық ғылыми-техникалық әлеуеттiң технологияларын жасауда шетелдiк ғалымдар мен конструкторлардың тәжiрибесін пайдалану. Бұл инновация елдiң мемлекеттік мүдделері мен экономикалық қауiпсiздiгіне толық көлемде сәйкес келедi, оны экономиканың барлық салаларында дерлiк қолдануға болады.
      "Қарыз алу" инновациясы - бұрын Қазақстанда шығарылмаған және түпкi тұтыну өнiмiн шығаруға бағдарланған өнiмдi игеру. Бұл инновация бiрлескен кәсiпорындар құру мен франчайзингті дамыту жағдайында неғұрлым тиiмдi болуы мүмкiн.
      "Көшiру" инновациясы - шетелдiк ғылыми-техникалық әлеует пен жаңа енгiзiлiмдердi отандық экономикаға тарту. Бұл инновация лицензиялар сатып алу мен оларды өндiрiске енгiзуге жұмсалатын едәуiр қаржылық шығындармен байланысты.
      Қазақстан үшiн жақын болашақтағы неғұрлым қолайлы стратегия "үстемелеу" және "қарыз алу" инновациялары, сондай-ақ олардың ұштастырылуы болып табылады, өйткенi бұл ғылым мен техниканың жетiстiктерiн пайдаланумен бiрге, ғылым мен техниканың аралас және жаңа салаларында отандық ғылыми-техникалық әлеуеттiң өсуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
      Отандық экономиканың даму шамасына қарай дүниежүзiлiк рыноктарда республика үшiн жаңа инновациялық әзiрленiмдердi экспорттық өнiм тауашасында өнiмдемелеу және сатуға негiзделген инновациялық дамудың белсендi (генерациялайтын) тұрпатын, сондай-ақ шетелдiк жаңа енгiзiлiмдердiң игерiлуi мен бейiмделуiне, олардың бiртiндеп өзiмiздiң инновациялық жүйемiзге (мысалы, көлiктiк машина жасау) кiрiгуiне негiзделген елiктемелiк тұрпатының ұштасуы мүмкiн болады.
      Инновациялық дамудың маңыздылығын ескере отырып, қазiргі жағдайда ауыл шаруашылығы өнiмдерiн бастапқы қайта өңдеу мен сақтау, отын-энергетикалық кешен, химия мен мұнай химиясы, жаңа материалдар өндiрiсi, коммуникациялар, көлiк және байланыс жүйелерi, биотехнология сияқты салалардағы инновациялық жобалар айрықша рөлге ие болып отыр.
      Басымдықтарды таңдап алу кезiнде экономиканы әлеуметтiк қайта бағыттауға, тиiмсiз өндiрiстердi әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, бiрiншi кезекте тұтыну рыногына жоғары сапалы өнеркәсiптiк тауарлар, азық-түлiк шығаруға, олармен өзiн-өзi қамтамасыз ету дәрежесiн көтеруге қабiлеттi салалар мен өндiрiстерде жүргiзiлуi қажет неғұрлым жоғары технологиялық жағдайларды игеру мен ресурсты үнемдеуге анықтаушы мән беру керек.
      Бұл бағыт үшiн өсу нүктелерi - тұрмыс техникасын, күнделiктi сұраным тауарлары мен экологиялық таза өнiмдердi өндiрудi озық дамыту.
      Дамыған елдер, энергетикалық және экологиялық дағдарыстардың қысымымен, энергия шығынды технологиядан бас тарту және қалдықсызына көшу есебiнен қайта өндiрудiң ресурсты үнемдеушi тұрпатына көштi. Өнеркәсiптiң шикiзат саласының төмен технологиялық тұрпатын ескере отырып Қазақстанда ресурсты үнемдеушi инновациялық жобалар жоғары экономикалық тиiмдiлiкке ие бола алады.
      Бұл бағыт үшiн өсу нүктелерi - минералдық, көмiрсутегiлiк және ауыл шаруашылық шикізатты қайта өңдеу тереңділігін арттыру, металлургиядағы ақырғы қайта өңдеудi игеру, техногендiк және қайталанған шикiзатты, ұқсату.
      Неғұрлым жоғары технологиялық жағдайларды айқындау кезiнде елдiң экономикасы бесiншi технологиялық жағдайды қалыптастыру кезiнде дүниежүзiлiк техникалық-технологиялық дамудың талаптарына қаншалықты бейiмделе алатындығын ескеру қажет.
      Бұл бағыт үшiн өсу нүктелерi - информатика мен микроэлектроника, биотехнология және жаңа материалдар.

      5.2. Бағдарламаны қалыптастыру тәртiбi

      Республиканың инновациялық дамуының базалық принципi Бағдарламаның бiрiнен соң бiрi өзара байланысты үш кезеңiн іске асыру болып табылады.
      Бағдарламаның қысқа мерзiмдi кезеңi (2001-2003 жылдар) екi кiшi кезеңнен тұрады:
      Дайындық (2001-2002 жылдар) - инновациялық қорларды, технопарктердi, бизнес-инкубаторларды ұйымдастыру, сынамалы өндiрiстердi іске қосу, бақылау және реттеу жүйесiн өңдеу, басқарушы құрылымдарды қалыптастыру жөнiндегi iс-шаралар кешенiн қамтиды.
      Негiзгi (2003 жыл) - өнеркәсiптiң, ауыл шаруашылығының, көлiк пен байланыстың базалық салаларында шағын және орташа инновациялық кәсiпорындарды құру және дамыту, тауарлардың сыртқы рыноктарға шығуын байқап көру, кадрлар құрылымын қалыптастыру, лицензияларды, патенттер мен технологияларды сатып алу тетiктерiн өңдеу жөнiндегi iс-шаралар кешенiн қамтиды.
      Бағдарламаның қысқа мерзiмдi кезеңiнiң мiндеттерi:
      инновациялық қызметтiң инфрақұрылымын дамыту (өндiрiстiк-технологиялық және ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттiк сараптау, сертификаттау, кадрлар даярлау мен қайта даярлау жүйесiн құру);
      ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтi ақпараттық қамтамасыз ету жүйесiн құру;
      заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу;
      ақталу мерзiмi 2 жылға дейiнгi аймақтық және салалық инновациялық кiшi бағдарламалар мен жобаларды iске асыру.
      Бағдарламаның орта мерзiмдi кезеңi (2003-2008 жылдар) перспективалы ғылыми-техникалық әзiрленiмдердi iске асыру, сыртқы рыноктарда бәсекеге қабiлеттi өнiм шығаруға бағдарланған жоғары технологияларды және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi құру жөнiндегi iс-шаралар кешенiн қамтиды. Негiзгi жұмыстар технологияларды өнеркәсiптiк игеруге дайындаудың базалық ғылыми-технологиялық орталықтарында - технопарктер мен бизнес-инкубаторларда жүзеге асырылатын болады.
      Бағдарламаның орта мерзiмдi кезеңi отандық ғылымның жетістіктері, шетелдiк техникалар мен технологияларды қарызға алу, патенттер мен лицензиялар сатып алу негiзiнде қалыптасатын болады.
      Бағдарламаның орта мерзiмдi кезеңінің мiндеттерi:
      экспортқа бағдарланған өнiмдердiң шығарылуын қамтамасыз ететiн технологияларды енгiзу;
      технологиялық жабдықтар, мұнай-газ, тау-кен өндiру, металлургия өнеркәсiбi, ауыл шаруашылығы, көлiк және байланыс үшiн дүниежүзiлiк рыноктың талаптарына жауап беретiн жинақталымды бұйымдар мен машиналар шығаруды ұйымдастыру;
      iшкi және сыртқы рыноктарда тұрақты сұранымға ие болатын өнімдердi шығаруға бағдарланған ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi iске қосу;
      инновациялық сала үшін кадрлар даярлау мен қайта даярлау.
      Бағдарламаның ұзақ мерзiмдi кезеңi (2008-2015 жылдар) орта мерзiмдi бағдарламаның нәтижелеріне негiзделетiн болады. Ол ұзақ перспективаға есептелген және тұтыну мен өткiзу рыногының жаңа салаларын қалыптастыруға қабiлеттi орта және ірi кәсiпорындар құруға, базистiк инновациялар әзiрлеуге, өндiрiстердi технологиялық қайта құрылымдауға және дүниежүзiлiк рыноктарға арналған жаңа тауарлар шығаруға бағытталатын болады. Осы кезеңде алдыңғы қатарлы шетелдiк технологияларды "көшiру" стратегиясы қолданылатын болады.
      Бағдарламаның ұзақ мерзiмдi кезеңi шеңберiнде отандық ғылыми мекемелердi басым ғылыми-технологиялық бағыттарға қайта бағдарлау және республика үшiн жаңа технологиялық жағдайлар жасау жүргiзiлетiн болады.
      Бағдарламаның ұзақ мерзiмдi кезеңiнiң мiндеттерi:
      орта мерзiмдi бағдарламаның неғұрлым талап етiлген жобаларын iске асыру;
      өнiмдi өткiзудiң тұрақты рыноктарымен iрi өндiрiстердi қалыптастыру;
      экономика салаларының технологиялық дамуын қамтамасыз ету.
      Бағдарламаның орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi кезеңдерiн iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарлары Бағдарламаның бұрынғы кезеңдерiн iске асыруда алынған нәтижелерге сүйене отырып әзiрленетiн және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жекелеген қаулыларымен бекiтiлетiн болады.
      Бағдарлама нақты экономикалық көрсеткiштер бөлiгiнде ұлттық әлеуметтiк-экономикалық басымдықты сүйене отырып жыл сайын нақтыланатын және түзетiлетiн болады.
      Барлық салаларды олардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi мен даму ерекшелiгiн ескермей, бiрдей қолдау әрекетi республиканың инновациялық дамуын толық шамада іске асыруға мүмкiндiк бермейдi.
      Осыған байланысты таяудағы және алыс перспективаға ғылым мен техниканы дамытудың басымдықты бағыттары, сондай-ақ бiрiншi кезекте қолдау қажет республикалық деңгейдегi сыни технологиялардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия анықтайтын болады. "Сыни технологияларды" iрiктеу кезiнде олардың өнiмдер мен қызмет көрсетулердiң бәсекелестiк қабiлетiне, өмiрдiң сапасына, экологиялық жағдайдың жақсаруына әсер етуi ескерiлетін болады.
      Осы тiзбелерге сүйене отырып, конкурстық негiзде инновациялық бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру мен iске асыру тәртiбiн реттейтiн "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына және нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес көрсетiлген кезеңге арналған салалық және аймақтық мақсатты инновациялық бағдарламалар қалыптасатын болады.

      5.3. Тiкелей және жанама қолдау әдiстерi

      Мемлекет инновациялық процестердi реттеу мақсатында жаңалықтар енгiзуде бастамашылық көрсете және осы қарым-қатынастарға байланысты қатысушы бола отырып, инновациялық қызметке тiкелей де, сол сияқты инновацияларды ынталандыра және тиiстi экономикалық тетiк құра отырып, жанама әдiстермен де қолдау көрсететiн болады.
      Инновациялық қызметтi тiкелей реттеу:
      ғылым мен техниканы дамытудың басымдықты бағыттарын таңдау және "сыни технологиялардың" тiзбесiн анықтау;
      мемлекеттік бюджеттен мақсатқа бағытталған қаржыландыру;
      инновациялық бағдарламалар мен жобаларды iске асыру үшiн жалпы ұлттық мәнi бар, бiрақ жеке инвесторлар үшiн тартымды емес тiкелей мемлекеттiк инвестицияларды бөлу;
      мемлекеттік емес құрылымдар iске асыратын инновациялық жобалар мен кішi бағдарламаларды мемлекеттiң бiрлесiп қаржыландыруы;
      көрнектi жобаларды бастамалау және жүзеге асыру;
      инновациялық жобаларды елдiң инновациялық даму басымдықтарына сәйкестiгiне мемлекеттiк сараптау;
      инновациялық қызметтiң инфрақұрылымын қалыптастыру (технологиялық парктер, бизнес-инкубаторлар және т.б.);
      халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
      Инновациялық қызметтi жанама реттеу:
      жеңiлдiктi салық заңнамалар;
      отандық және шетелдiк инвесторлар үшін жеңiлдіктi инвестициялық, лицензиялық және кедендiк заңнамалары негiзiнде жүзеге асырылатын болады.

      5.4. Инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру

      Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың бiр тәсiлi республика аумағында инновациялық орталықтарды, инкубаторларды, технопарктердi, консалтингтiк және оқытатын фирмаларды, инновациялық кәсiпорындарды конструкторлық-технологиялық қолдау жөнiндегi ұйымдарды қамтитын, аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, бiрыңғай үйлестiрiлген инновациялық инфрақұрылым қалыптастыру болмақ.
      Инфрақұрылымды қалыптастыру кезiнде мемлекет аймақтардағы олар құратын ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет объектiлерi ғылым және техника саласымен байланысты барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін ортақ болуына сүйенетiн болады. Бұл инновациялық даму мiндеттерiн шешу кезiнде - ғылыми ұйымдардың, инновациялық кәсiпорындардың, жоғары оқу орындары мен шағын кәсiпкерлiк субъектiлердiң әлеуетiн бiр ортаға бiрiктiруге мүмкiндiк бередi.
      Конструкторлық-технологиялық жаңалықтарды жетiлдiру мен өндiрiстердi дайындауға, бәсекелестiкке қабiлетті ғылымды қажетсiнетiн өнiмдердi және жоғары технологияларды әзiрлеу кезiнде инновациялық кәсiпорындарды өндiрiстiк-технологиялық қолдауға ерекше назар аударылатын болады. Бұл құрылымдардың ғылыми-техникалық әзiрленiмдердi және маркетингтi, жарнамалық және көрме қызметiн, патенттiк-лицензиялық жұмысты және интеллектуалдық меншiктi қорғауды қоса алғанда, жергiлiктi және шетелдiк рыноктарға ғылымды қажетсiнетiн өнiмдердi жылжытуда рөлi белсендi болмақ.
      Аймақтардың экономикалық мамандануын, өнеркәсiптiк, ғылыми және оқу әлеуеттерiнiң бар болуын ескере отырып, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Павлодар, Шымкент, Өскемен және басқа да қалаларда бизнес-инкубаторлар және технопарктер жүйесi құрылатын болады.
      Инновацияларды тұтынушылар мен жаңа енгiзiлiмдердiң авторлары арасында ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету үшiн алдағы уақытта "Интернет" жүйесiнде арнайы сайтта ұсынылатын деректер базасы құрылатын болады.

      5.5. Инновациялық қызметтi дамытудың құқықтық негiздерi

      Инновациялық қызметтi дамытуды тиiстi нормативтiк құқықтық базаны құрусыз және тұрақты жетiлдiрусiз мүмкiн емес.
      Қазақстандағы ғылыми-техникалық қызметті құқықтық реттеудiң негiзi "Қазақстан Республикасының ғылымы мен мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаты туралы", "Авторлық құқық пен аралас құқықтар туралы" және "Қазақстан Республикасының патенттiк заңы"   туралы Заңдар болып табылады.
      Экономиканың инновациялық даму жолына өту кезiнде құқықтық қатынастарды қамтамасыз ету мақсатында "Инновациялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының базалық Заңы және инновациялық бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру мен iске асыру тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң пакетi қабылданатын болады.
      Өнiмдердiң сапасына, өнеркәсiптiк құқықтар мен интеллектуалдық меншiктi қорғауға ерекше назар аударылатын болады.
      Өнімдердiң, тауарлардың және қызмет көрсетулердiң сапасына қойылатын талаптардан туындайтын ұлттық стандарттар қазiргi ғылымның, техниканың және технологиялардың жетiстiктерi, халықаралық стандарттар, басқа елдердiң озық мемлекеттiк стандарттары негiзiнде әзiрленетiн болады.
      Ел экономикасына ИСО 9000 сапасындағы Жүйесi және ИСО 14000 айнала қоршаған ортаны қорғау басқармасының Жүйесi тұрпатындағы стандарттарды кеңiнен енгiзу Қазақстанда стандарттау жүйесiн iске асыру кезiнде кешендi тұрғыны қамтамасыз етедi, қазақстандық өнiмдердiң сапасы мен бәсекелестiк қабiлетiн арттырады, материалдық ресурстарды үнемдеу мен қоршаған ортаны қорғау үшiн қолайлы жағдайлар туғызады.
      Инновациялық қызметтi дамытуға өзiне өнеркәсiптiк меншiктi (өнертабыстар, үлгiлер, өнеркәсiптiк үлгiлер), кәсiпорындар мен олардың өнiмдерiн саралау құралдарын (тауарлық белгiлер мен қызмет көрсету белгiлерi, фирмалық атаулары), ақпараттық өнiмдердi (бағдарламалық қамтамасыз ету, мәлiметтер базасы), өзге де материалдық емес ресурстарды (коммерциялық құпиялар, лицензиялар және басқалары) қамтитын интеллектуалдық меншiктi қорғаудың құқықтық аспектiлерi үлкен мән беретiн болады.
      Осыған байланысты экономикалық, өндiрiстiк, инвестициялық және қаржылық нормалар мен нормативтер жиынтығы негiзiнде интеллектуалдық меншiктi тиiмдi басқару алғашқы дәрежедегi мәнге ие болады.
      Мемлекеттiк интеллектуалдық меншiктi түгендеудi өткiзу, оның шын құнын және коммерциялық сату мүмкiндігiн анықтау, неғұрлым маңызды интеллектуалдық әзiрленiмдердi және басқаларын мемлекеттiк қолдауды ұлғайту алда тұр.

      5.6. Халықаралық ынтымақтастық

      Дамыған елдерде iшкi рыноктар, әдетте, ендi кең ауқымды инновациялық жобаларды іске асыруға мүмкiндiк бермейдi, сондықтан да әзiрлеушiлер өздерiнiң жаңалықтарын шет елдерде таратуға барынша көңiл бөле бастады.
      Алайда, дүниежүзiлiк экономикалық көш бастаушылар арасындағы кооперацияның тереңдеуiмен қатар ғылымды қажетсiнетiн және инновациялық өнiмдер рыноктардағы бәсеке шұғыл өршидi, ғылыми-техникалық және инновациялық ресурстар үшiн күрес күшейедi. Соңғы жылдары осы бәсекелестiкке жаңа индустриялы елдер мен дамушы мемлекеттер жиi қосылатын болып отыр.
      Осы жағдайларда мемлекетке халықаралық инновациялық байланыстарды реттеуде, дүниежүзiлiк ғылыми-техникалық кеңiстiкте Қазақстанның жағдайын нығайтуда және сыртқы рыноктарға отандық тауарлармен шығуды қамтамасыз етуде белсендi рөл атқаруға тура келедi.
      Осыған байланысты мемлекет халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты ынталандыру мақсатында екiжақты және көпжақты инновациялық бағдарламалар мен жобалардың қазақстандық бөлiгiн, бiрлескен технологиялық орталықтарды, мамандандырылған қорлар мен инновациялық инфрақұрылымдарды қаржыландыруды, шет елдерде кадрларды даярлау мен олардың бiлiктiлiктерiн арттыруды, шетелдiк ғылыми-техникалық әдебиеттердi сатып алуды өзiне алады.
      Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен өзінің ынтымақтастығын 1998 жылғы 11 қыркүйекте Мәскеуде жасалған Ғылыми-техникалық салада мемлекетаралық инновациялық бағдарламалар мен жобалар қалыптастыру және олардың мәртебесi туралы келiсiмнің негiзiнде жүзеге асыратын болады.
      Республикада инновациялық белсендiлiктiң өсуiне ТАСIS, ЮНИДО, МАГАТЭ, ЮНКТАД және басқалары сияқты халықаралық ұйымдардың аясында технологиялық даму және iрi ауқымды мақсатты жобалар салаларындағы ынтымақтастықтың шектелмелi және бiрiктiрiлген бағдарламаларын әзiрлеу мен iске асыру жәрдемдесетiн болады.
      Шетелдiк мамандар мен сарапшыларды республика үшiн маңызды халықшаруашылық мәнi бар бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеу мен бағалауға тарту iс-тәжiрибеге енгiзiлетiн болады.
      Елден инновациялық әзiрленiмдердiң, бiрiншi кезекте олардың пайдаланылуы дүниежүзiлiк қоғамдастыққа залал келтiретін екiұдай мақсаттағы технологиялардың елден жылыстауына тосқауыл қою мақсатында экспорты мiндеттi үкiметтiк бақылауға жататын технологиялар мен тауарлар тiзбесi тұрақты негiзде жаңаланып отыратын болады.

6. ҚАЖЕТТI РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI

      6.1. Қаржылық қамтамасыз ету

      Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметтi қаржыландыру жүйесiнiң өзiндiк ерекшелiгi бар және мемлекеттiң қаржылық саясатының құрамдас элементi ретiнде жүредi.
      Бұл жүйе, бiрiншi кезекте, техникалық жаңалықтарды ел экономикасына тез және тиiмдi енгiзу, оның құрылымдық-технологиялық қайта құрылуын қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық және кадр әлеуетiн сақтау және дамыту, жоғары сыныпты мамандардың шет елге кетуiнiң алдын алу үшiн қажеттi жағдайлар жасауға бағытталған.
      Осы жүйенiң элементтерi:
      қаржылық қаражаттардың түсу көздерiнiң жиынтығы;
      ақшалай қаражатты шоғырландыру және оларды инновациялық бағдарламалар мен жобаларға салудың тетiгi;
      қайтарымдылық жүйесiн және оларды пайдалану тиiмдiлiгiне баға берудi қоса алғанда, қаржы қаражаттарын бақылау тетiгi.
      Инновациялық қызметтi дамытуға арналған қаражат республикаiшiлiк көздерден iздестiрiлуi және негiзiнен мыналарға бағытталуы тиiс:
      инновациялық инфрақұрылымды дамыту - бизнес инкубаторлар, арнайы конструкторлық бюролар, инновациялық қорлар, кадрларды дайындау және қайта дайындау жүйесiн құру.
      Мыналарды:
      қаржы ресурстарына қажеттiлiк пен оларды алудың нақты мүмкiндiктерi арасындағы теңгерiмдiлiктi;
      кәсiпорындардың мемлекеттiк бюджеттер алдындағы алған қаржылық мiндеттемелерiнiң уақытылы және толық орындалуын;
      материалдық және қаржылық ресурстардың ұтымды пайдаланылуын;
      тапсырыс берушiлермен, контрагенттермен және жеткiзушiлермен экономикалық қарым-қатынастар iс-тәжiрибесiнен туындайтын өзге де мiндеттердi шешудi қамтамасыз ететiн қаржылық бақылау жүйесi қалыптастырылатын болады.
      Осыған байланысты мемлекет инновациялық қызметтi қаржыландыру жүйесiн мынадай бастапқы қағидаттарға сүйене отырып қалыптастыратын болады:
      жүйенiң ғылыми-техникалық жетiстiктердi тез және тиiмдi енгiзуге бағдарлануы;
      қаржыландыру көздерiнiң көптiгi;
      инновациялық қаржыландырудың барлық жүйесiнде де, сол сияқты оның құрамдаушыларында да барынша тиiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн тез қайта құрылу мүмкiндiгi;
      іс жүзiнде қолдану үшiн техникалық және технологиялық жаңалықтар мен бағыттардың барынша кең ауқымын қамту;
      қолданылатын тетiктердiң негiздiлiгi және заңдық қорғалуы.
      Жалпы салалық, салааралық және аймақтық ғылыми-техникалық бағдарламаларды, сондай-ақ өнеркәсiптiк өнiмдердiң жаңа түрлерiн игеру жөнiндегі iс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында, жергiлiктi жерлерде инновацияларды қолдаудың мемлекеттiк емес қорлар жүйесi құрылатын болады. Мұндай қорлар аймақтық деңгейлерде де, сол сияқты ұлттық компаниялар, концерндер мен холдингтердiң шеңберлерiнде де құрылатын болады.
      Инновациялық қызметтi мемлекеттік емес қаржыландыру көздерi:
      инновациялық кәсiпорындардың меншiктi қаражаты;
      бағалы қағаздар эмиссиясының есебiнен жұмылдырылатын қаражат;
      коммерциялық банктердiң несиелерi;
      мамандандырылған және қайырымдылық қорлар;
      жаңа өнімнiң тез шығарылуына мүдделi инвестициялық компаниялардың басқа да инновациялық кәсiпорындардың қаражаты болмақ.
      Қымбат бағалы станоктар, жабдықтар, бiрегей бақылау-өлшеу техникаларын сатып алуды талап ететiн iрi технологиялық инновациялардың тез өнеркәсiптiк игерiлуi мәселелерiн шешу кезiнде қаржылық лизинг дамуға ие болады.

      6.2. Ғылыми-техникалық қамтамасыз ету

      Ғылыми-техникалық қамтамасыз ету инновациялық дамудың айқындаушы шарты болып табылады және өнiмдердi жаңа рынокқа жылжытуға бағытталған.
      Технологиялар мен жабдықтар экологиялық, техникалық қауiпсiздiк және санитарлық нормалардың талаптарын қанағаттандыруы, техникалық қайта жарақтандыруды тез жүргiзу мен дүниежүзiлiк деңгейдегi немесе оған ұқсас өнiмнен сапасы бойынша асып түсетiн өнiмдi шығаруды қамтамасыз етуi тиiс.
      Мемлекет ғылыми-техникалық қамтамасыз ету функцияларына, жабдықтар мен технологияларға қойылатын талаптарға сүйене отырып:
      инновациялық бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыруды;
      кешендi ғылыми-техникалық сараптама жүргiзудi;
      іргелi ғылыми зерттеулер жүргізудi;
      инновациялық бағдарламалар мен жобаларды ғылыми-техникалық алып жүруді;
      дүниежүзiлiк ғылыми-техникалық дамудың болжамын;
      тендерлiк негiзде мiндеттi түрде кешендi ғылыми-техникалық, технологиялық және экологиялық сараптама өткiзе отырып, шетел технологиялар мен жабдықтарды сатып алуды және олардың лизингін жүргiзудi жүзеге асыратын болады.

      6.3. Кадрлық қамтамасыз ету

      Қазақстан дамудың инновациялық жолына өту кезiнде қазiргi менеджмент саласында кең бiлiмi бар мамандарға зәру болады. Меншiктiң барлық түрлерiндегі кәсiпорындар мен ұйымдарға, салыстырмалы қысқа мерзiмде инновациялардың жоғары тиiмдiлiгi мен бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ететiн басқару жүйесiн құруға қабiлеттi мамандар қажет болады.
      Инновациялық саланың кадрлары - бұл, ең алдымен, жаңа технологияларды құру мен игеру процесiнiң белсендi қатысушылары. Кадр құрылымының күрделiлiгі инновациялар мiндеттерiнiң ерекшелiктерiмен, сондай-ақ ғылыми және ғылыми-техникалық еңбектiң өзiндiк ерекшелiктерiне негiзделедi. Осы құрылымды құраушылар ғылыми және инженерлiк қызметкер кадрлар, басқару қызметшiлерi, тәжiрибелiк өндiрiстiң қызметкерлерi, көмекші және қызмет көрсету қызметшiлерi болып табылады.
      Инновациялық кәсiпорындар алғашқы кезеңде дербес қаражатының есебiнен кадрларды дайындауға ақы төлей алмайтын жағдайда болады. Сондықтан мұндай кәсiпорындарды мемлекеттiк қолдау мақсатында инновациялық процестердi басқару саласындағы кадрларды мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде дайындау бағдарламасы әзiрленетін болады. Тапсырыс берушiлердiң базалық кәсiпорындарында мамандардың тағылымдамадан өту мүмкiндiгi көзделетiн болады.
      Нақты кәсiпкерлiк жобаларды басқару және iске асыру үшiн мақсатты "менеджерлiк-командаларды" оқытуды қоса алғанда, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет үшiн кадрлар даярлау және қайта даярлау нысандарының бiрi инновациялық орталықтар мен технопарктер болады.
      Қазақстанның қазiргi кадр әлеуетiнiң жағдайы дүниежүзiлiк деңгейдегі технологияларды әзiрлеудi толық түрде жүзеге асыруға және жоғары сапалы экспорт және импорт алмастырушы өнiм өндiруге мүмкiндiк бермейдi. Осыған байланысты қазақстандық мамандардың жетекшi шетелдiк компаниялар мен ғылыми-зерттеу ұйымдарында тағылымдамадан өтуi тәжiрибеленетiн болады.
      Кадрлық қамтамасыз етудiң басымдықты және неғұрлым тиiмдi бағыттарының бiрi - отандық мамандарды қайта даярлау үшiн шетелдiк жоғары бiлiктi мамандарды Қазақстанға тарту болмақ.

7. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДАН КYТIЛЕТIН НӘТИЖЕЛЕР

      Бағдарламаны iске асырудың басты нәтижесi республикада сыртқы рыноктарда сату көлемi бойынша соңғы кезеңде экспорттың шикiзат құрамасымен салыстырмалы бәсекелестiкке қабiлетi жоғары технологиялық өнiмдердi өндiруге қабiлетi бар шикiзаттық емес, экспортқа бағытталған экономика секторын құру болып табылады.
      Интеллектуалдық меншiк рыногын құрудың есебiнен шаруашылық қызметке отандық ғалымдар мен мамандардың ғылыми-техникалық жетiстiктерi тартылатын болады, бұл ғылыми еңбектiң дүниежүзiлiк бөлiнiсiне Қазақстанның тең құқықты әрiптес ретiнде енуiн қамтамасыз етедi.
      Бағдарламаны iске асыру:
      ғылым және техника жетiстiктерi негiзiнде ең бiрiншi кезекте елдiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге;
      өнеркәсiптiң базалық салаларының жаңа технологиялық тәртiпке және қайта жасауға көшуiн жүзеге асыруға;
      экономиканың шикiзат секторына экономикалық қысымды төмендетуге;
      шағын және орта кәсiпорындарды қарқынды дамыту есебiнен ЖIӨ-нiң құрылымындағы iрi кәсiпорындардың үлесiн төмендету жолымен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге;
      шағын инновациялық бизнестi дамыту үшiн жағдай жасауға;
      меншiк иелерiнiң экономикалық белсендi қабатын қалыптастыруға;
      халықтың арасында әлеуметтiк шиеленiсудi азайтуға мүмкiндiк бередi.
      Ғылымды қажетсiнетiн өнiмдердiң қағидатты жаңа түрлерiн өндiруді игеру және жоғары технологияларды енгiзу, экономиканың шикiзаттық емес секторын дамыту есебiнен елiмiздiң жалпы iшкi өнiмдерiнiң жыл сайын 5-6 %-ға, соның iшiнде өнеркәсiптiк өндiрiсте 5-7 %-ға дейiн, ауыл шаруашылығында - 2-3 %-ға, көлiк және байланыста - 10-12 %-ға жыл сайын тұрақты өсу қамтамасыз етiлетiн болады.
      Экономиканың басымдықты салаларында - энергетикада, химия және мұнай-химия өнеркәсiбiнде, машина жасауда, көлiк және байланыста агроөнеркәсiп кешенiнде және басқа да салаларда ғылыми әзiрленiмдер нәтижелерiн жедел игеру үшiн қажеттi жағдайлар жасалатын болады.
      Бағдарлама отандық ғылыми-техникалық әлеуеттi барынша тартуға, ғылым мен инженерлiк-техникалық қызметкерлердiң талап етушiлiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
      Елдiң инновациялық дамуы экономиканың бiрыңғай құрылымды қайта құруды жүргiзудi, шикiзаттық емес секторға инвестициялар мен дүниежүзiлік деңгейдегi технологияларды тартуды, өндiрiстi жаңғырту мен техникалық қайта жарақтандыруды, жаңа жұмыс орындарын құруды және рыноктың бәсекеге жарамды өнiмдермен толтырылуын қамтамасыз етедi.
     Мемлекет инновациялық даму үшiн қажеттi жағдайлар жасай, халықтың инновациялық белсендiлiгiн ынталандыра отырып, инновациялық қызмет саласында өндiрiстiк кәсiпкерлiктiң қалыптасуы мен дамуына ықпал ететiн болады.
     Республикада қолайлы инновациялық ахуал жасау Қазақстанның әлеуметтiк бағдарланған және нарықтық экономикасы дамыған жоғары индустриялы қоғамға айналуының базалық факторы болады.

8. Қазақстан Республикасының 2001-2003 жылдарға арналған инновациялық даму бағдарламасын iске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

--------------------------------------------------------------------
N !      Іс-шаралар        ! Аяқтау  !   Орындауға  !Орындау
р/!                        ! нысаны  !    жауапты   !мерзімі
р !                        !         !              !
--------------------------------------------------------------------
Нормативтiк құқықтық қамтамасыз етулер

    1 "Инновациялық қызмет      Қазақстан  Экономика және сауда  2001
  туралы" Қазақстан        Республикасы  министрлігі,         жыл
  Республикасының Заңын     Заңының     Энергетика және
  әзiрлеу                   жобасы     минералдық ресурстар
                                       министрлігі, Білім
                                         және ғылым
                                        министрлігі

2 Инновациялық жобаларды   Министрлердің Білім және ғылым     2001
  iрiктеу және қаржыландыру   бұйрықтары    министрлігі,      жылғы
  үшiн құжаттардың                        Энергетика және     қыр.
  бiрдейлендiрiлген ережелерi            минералдық ресурстар күйек
  мен нысандарын дайындау                министрлігі, Қаржы
  және бекiту                                министрлігі,
                                         Экономика және сауда
                                             министрлігі
--------------------------------------------------------------------
Инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру

3 Технопарктер мен бизнес-   Бірлескен    Экономика және сауда 2001
  инкубаторларды              бұйрық        министрлігі,       жылғы
  қалыптастыру және ресурстық             Энергетика және      қыр.
  қамтамасыз етудiң тәртiбi              минералдық ресурстар  күйек
  туралы ереже әзiрлеу                    министрлігі, Білім
                                             және ғылым
                                          министрлігі, Табиғи
                                            монополияларды
                                          реттеу, бәсекелестікті
                                          қорғау және шағын
                                            бизнесті қолдау
                                              агенттігі

4 Iрi өнеркәсiптiк          Облыстар мен  Облыстардың, Астана, 2001-
  орталықтарда бизнес-      Астана және   Алматы қалаларының   2003
  инкубаторлар мен          Алматы        әкімдері, Энергетика жыл.
  технопарктер жүйесін және қалалары      және минералдық      дар
  аймақтық инновациялық     әкімдерінің   ресурстар министрлігі,
  қорлар құру                 шешімі      Білім және ғылым
                                          министрлігі, Экономика
                                          және сауда министрлігі   

5 Отандық ғылыми             Экономика     Білім және ғылым    2001-
  әзiрлемелердiң технология. салалары      министрлігі,        2003
  лар, менеджмент, жаңа      бойынша     Энергетика және мине. жыл.
  тауарлар мен қызмет        деректер      ралдық ресурстар    дар
  көрсетулер салаларында     банкілері     министрлігі, Көлік
   деректер банктерiн құру                 және коммуникациялар
                                           министрлігі, Ауыл
                                           шаруашылығы министрлігі,
                                           Табиғи монополияларды
                                           реттеу, бәсекелестікті
                                           қорғау және шағын
                                           бизнесті қолдау
                                           агенттігі, облыстардың,
                                           Астана және Алматы
                                           қалаларының әкімдері    

6 Орта мерзiмдi перспективаға Бiрлескен    Экономика және сауда 2002
арналған инновациялық        бұйрық       министрлігі,        жылғы
өндiрiстердi құру жөнiндегi               Энергетика және      жел.
жобалардың тендерi туралы                 минералдық ресурстар тоқ.
ереже әзiрлеу                             министрлігі, Білім   сан
                                           және ғылым министрлігі,

7 Салалық және аймақтық      Әкiмдердiң    Облыстар мен Астана, 2001
  инвестициялық-инновациялық  шешiмдерi,     Алматы қалалары   жылғы
  бағдарламалар әзiрлеу     министрлердiң  әкімдерінің аппарат. жел.
                             бұйрықтары    тары, Экономика және тоқ.
                                           сауда министрлігі,   сан
                                           Энергетика және
                                           минералдық ресурстар   
                                           министрлігі, Білім
                                           және ғылым
                                           министрлігі, Көлік
                                           және коммуникациялар   
                                           министрлігі, Ауыл      
                                           шаруашылығы
                                           министрлігі

8 Инновациялық қызметтi      Бiрлескен    Экономика және сауда 2001
  үйлестiру жөнiндегi         бұйрық      министрлігі,         жылғы
  ведомствоаралық кеңес құру              Энергетика және      қыр.
                                          минералдық ресурстар күйек
                                          министрлігі, Білім
                                          және ғылым
                                          министрлігі, Көлік
                                          және коммуникациялар    
                                          министрлігі, Ауыл       
                                          шаруашылығы
                                          министрлігі,
                                          Табиғи монополияларды
                                          реттеу, бәсекелестікті
                                          қорғау және шағын
                                          бизнесті қолдау
                                          агенттігі, облыстар мен
                                          Астана және Алматы
                                          қалалары әкімдерінің
                                          аппараттары

9 Шешiмi ғылыми-технологиялық  Қазақстан  Экономика және сауда   Жыл
  қамтамасыз етудi талап      Республикасы министрлігі,       сайын,
  ететiн экономиканың шынайы  Үкіметінің   Энергетика және      жел.
  секторының жоғары           жанындағы    минералдық ресурстар тоқ.
  технологиялық салаларын      Жоғары      министрлігі, Білім   сан
  дамытудың жыл сайынғы        ғылыми-     және ғылым министр.
  талдауын және проблемаларын  техникалық  лігі, Көлік және
  анықтауды жүзеге асыру       комиссияға  коммуникациялар
                               ұсыныс,     министрлігі, Ауыл
                               Үкіметке    шаруашылығы
                               ақпарат     министрлігі,
                                           облыстардың, Астана
                                           және Алматы
                                           қалаларының әкімдері
-------------------------------------------------------------------- Қаржылық қамтамасыз ету

    10 "2002 жылға арналған      Қазақстан    Қаржы министрлігі,   2001
   республикалық бюджет      Республикасы Экономика және сауда  жыл,
   туралы" және "2003 жылға     Заңының   министрлігі, Білім    2002
   арналған республикалық       жобасы        және ғылым        жыл
   бюджет туралы" Қазақстан                   министрлігі
   Республикасының Заңдарында
   "Инновациялық дамуға
   арналған" бапты көздеу

11 Конкурстан өткен          Қазақстан     Экономика және сауда  Жыл
   инновациялық жобалар      Республика.   министрлігі, Білім сайын,
   мен бағдарламаларды iске     сының         және ғылым        жел.
   асыру                      Үкіметіне     министрлігі,      тоқсан
                              ақпарат      Энергетика және
                                           минералдық ресурстар
                                            министрлігі
--------------------------------------------------------------------
Ақпараттық қамтамасыз ету және насихаттау

12 Интернет жүйесiнде отандық  WЕВ-бет    Экономика және сауда  2001
   инновациялар туралы                     министрлігі, Білім  жылғы
   ақпараттық сайт құру                    және ғылым           жел.
                                          министрлігі,        тоқсан
                                           Энергетика және
                                         минералдық ресурстар
                                           министрлігі, Ауыл
                                           шаруашылығы
                                          министрлігі, Көлік
                                         және коммуникациялар
                                             министрлігі

13 Инновациялық дамытуды      Әдістемелік  Экономика және сауда 2001
   қаржылық қолдауды            ұсынымдар     министрлігі,     жылғы
  (жеңiлдiктi несиелендiрудi,              Энергетика және      жел.
  лизингтi бiрлесе                         минералдық ресурстар тоқ.
  қаржыландыру және т.б.)                    министрлігі,       сан
  іс жүзiнде енгiзудiң                     Мемлекеттік кіріс
   әдiстемелерiн әзiрлеу                   министрлігі, Қаржы
                                           министрлігі, Білім
                                             және ғылым
                                             министрлігі

14 Инновациялық қызметтiң     Қазақстан   Экономика және сауда  Жыл
   жағдайы мен дамуы және оны   Республика.  министрлігі,     сайын,
   мемлекеттiк қолдау жөнiндегi сының        Энергетика және    жел.
   шаралар туралы Қазақстан     Үкіметіне  минералдық ресурстар тоқ.
   Республикасының Үкiметiне    ақпарат     министрлігі, Білім  сан
   жыл сайынғы баяндамаға                     және ғылым
   талдамалы материалдар                      министрлігі, Қаржы
   әзiрлеу                                    министрлігі    

15 Инновациялық дамытуды      БАҚ-қа     Ақпарат және қоғамдық  Тұр.
   насихаттауға БАҚ-ты тарту, ақпарат,    келісім министрлігі,  ақты
   дөңгелек столдар және      баспасөз-     Энергетика және
   пресс-конференциялар       релиздер    минералдық ресурстар
   ұйымдастыру және өткiзу                 министрлігі, Білім
                                              және ғылым
                                              министрлігі,
                                           Экономика және сауда
                                            министрлігі, Көлік
                                           және коммуникациялар   
                                            министрлігі, Ауыл     
                                              шаруашылығы
                                              министрлігі

16 Инновациялық дамытудың    Семинардың   Экономика және сауда  2001
   проблемалары мен            шешімі      министрлігі, Білім    жыл
   перспективалары бойынша                 және ғылым
   республикалық семинар-кеңес             министрлігі,
   өткiзу                                  Энергетика және
                                          минералдық ресурстар
                                              министрлігі

17 Инновациялық дамытудың     Қазақстан    Экономика және сауда  Жыл
   салалық және аймақтық      Республика.   министрлігі,      сайын,
   бөлiнiстерiнде ақпараттық-   сының      Статистика жөніндегі қаң.
   статистикалық алапты       Үкіметіне    агенттік, Көлік және тар
   қалыптастыру, мониторинг   ақпарат     коммуникациялар
   өткiзу                                     министрлігі, Ауыл
                                              шаруашылығы
                                              министрлігі,
                                            Энергетика және
                                           минералдық ресурстар
                                               министрлігі,
                                           облыстар мен Астана
                                           және Алматы қалалары
                                              әкімдерінің
                                              аппараттары
--------------------------------------------------------------------
Кадрмен қамтамасыз ету

     18 Кадрларды даярлау және қайта Қазақстан   Облыстардың, Астана 2001
   даярлаудың аймақтық          Республика.   және Алматы      жылғы
   орталықтарын құру            сының     қалаларының әкімдері, жел.
                                Үкіметіне  Экономика және сауда тоқ.
                                ақпарат     министрлігі, Білім  сан
                                          және ғылым министрлігі,
                                           Энергетика және
                                          минералдық ресурстар    
                                              министрлігі

19 Инновациялық кәсiпорындар   Курстар,   Экономика және сауда 2001-
   үшiн инженерлiк-техникалық семинарлар  министрлігі, Білім   2003
   мамандарды даярлауды және              және ғылым министрлі. жыл.
   инновациялық салада жұмыс             гі, Мемлекеттік қызмет дар
   iстейтiн қызметкерлердi                академиясы, Энергетика
   қайта даярлауды ұйымдастыру             және минералдық
                                         ресурстар министрлігі,
                                           Ауыл шаруашылығы
                                          министрлігі, Көлік
                                          және коммуникациялар
                                             министрлігі
--------------------------------------------------------------------
Халықаралық ынтымақтастық

     20 Бiрлескен инновациялық       Қазақстан     Сыртқы істер      Жыл
   саясатты iске асыру кезiнде  Республика.   министрлігі,    сайын,
   ТМД және алыс шетелдермен    сының         Экономика        қаң.
   ынтымақтастықты қамтамасыз   Үкіметіне     және сауда       тар
   ету                          ақпарат       министрлігі,
                                             Энергетика және  
                                           минералдық ресурстар
                                            министрлігі, Білім
                                          және ғылым министрлігі,
                                               Көлік және
                                              коммуникациялар
                                            министрлігі, Ауыл
                                         шаруашылығы министрлігі,
                                           Облыстар мен Астана
                                           және Алматы қалалары
                                              әкімдерінің
                                              аппараттары

21 ТМД және алыс шетелдермен  Келісімнің  Экономика және сауда 2001-
   инновациялық ынтымақтастық   жобасы    министрлігі, Сыртқы  2003
   туралы шектелмелі                      істер министрлігі,  жылдар
   келісімнің жобасын дайындау            Энергетика және
                                          минералдық ресурстар    
                                          министрлігі, Білім
                                          және ғылым
                                          министрлігі,
                                          Әділет министрлігі
--------------------------------------------------------------------