"Әдiлет бiлiктiлiк алқасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 21 қараша N 1739

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Әдiлет бiлiктiлiк алқасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына

енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                                                  Жоба


     ЕСКЕРТУ. Заңның жобасы қайтарып алынды - ҚР Үкіметінiң 2001.05.11.

              N 624 қаулысымен.


P010624_




                        Әдiлет бiлiктiлiк алқасы туралы

                        Қазақстан Республикасының Заңы



 
       Осы Заң Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 82-бабына сәйкес Әдiлет бiлiктiлiк алқасының мәртебесiн, түзiлу тәртiбiн және жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.
 
      1-бап. Әдiлет бiліктiлiк алқасының мәртебесi және қызметiнiң
             құқықтық негiзі
 
      1. Әдiлет біліктiлiк алқасы (бұдан әрi - Алқа) Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген дербес және тәуелсiз мекеме болып табылады.
      2. Алқа қызметiнiң құқықтық негiзi Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының сот жүйесiн айқындайтын конституциялық заң, осы заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерi болып табылады.
 
      2-бап. Алқаның өкiлеттiктерi
 
      Алқа:
      1) судья болып жұмыс істеуге тiлек бiлдiрген Қазақстан Республикасының азаматтарынан бiлiктiлiк емтихандарын қабылдайды;
      2) судья қызметімен айналысуға бiлiктiлiк емтиханын тапсырған адамдардың есебiн жүргiзедi;
      3) конкурс өткiзедi және оның қорытындылары бойынша аудандық және оған теңестiрiлген соттар судьяларының бос қызмет орындарына кандидатты ұсынады;
      4) уәкiлеттi адамдардың ұсынысы бойынша аудандық және оған

 

теңестiрілген сот төрағасының бос қызмет орнына кандидатты ұсынады.

     5) аудандық және оған теңестiрiлген соттардың төрағалары мен

судьяларын отставка және отставкасын тоқтату нысанында, өз тiлегі бойынша,

медициналық қорытындыға сәйкес денсаулығына, егер судья (соттың төрағасы)

басқа соттағы судьяның бос қызмет орнына кiруге келiсiм бермесе, соттың

қайта ұйымдастырылуына, таратылуына байланысты қызметiнен босатуға

ұсынымдар бередi;

     6) нормативтiк-құқықтық кесiмдермен көзделген өзге де өкiлеттiктердi

жүзеге асырады.


     3-бап. Алқаның төрағасы


     1. Алқа төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

     2. Алқаның төрағасы:

     1) Алқаның жұмысын ұйымдастырады, отырыстарды шақырады;

     2) Алқа отырысына енгiзiлетiн мәселелердi дайындауға басшылық жасауды

жүзеге асырады;


 
       3) Алқа шешiмiнiң негiзiнде конкурсқа қатысуға жiберiлген адамдардың тiзiмiн, сондай-ақ конкурсқа қатыстырудан бас тартылған тұлғалардың тiзiмiн бекiтедi;
      4) Алқаның отырыстарына төрағалық етедi, Регламенттің сақталуын және Алқа шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз етеді;
      5) заңнамада және Алқа Регламентiнде көзделген басқа да ұйымдастыру-әкiмшiлiк өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      3. Алқа Төрағасы орнында болмаған жағдайда оның тапсырмасы бойынша мiндетiн уақытша атқару Алқаның Хатшысына жүктеледi. Хатшы орнында болмаған жағдайда Төрағаның міндеттерiн атқару Алқа мүшелерiнiң бiрiне жүктеледi.
 
      4-бап. Алқаның Хатшысы
 
      1. Төрағаның ұсынысы бойынша Алқаның құрамынан Хатшы сайланады. Алқаның Хатшысы орнында болмаған жағдайда Төрағаның тапсырмасы бойынша оның мiндеттерiн атқару Алқа мүшелерiнiң бірiне жүктеледi.
      2. Алқаның Хатшысы:
      1) Алқа мүшелерiнің ұсынысы бойынша алдағы отырыстың қарауына енгiзiлетiн мәселелердi құрады және олар туралы күнi бұрын Төрағаға хабарлайды;
      2) өз қолымен отырыстар хаттамаларынан, Алқа қабылдаған қорытындылар мен ұсыныстардан үзiндi көшiрмелердi куәландырады;
      3) келiп түскен материалдарды зерделейдi, олар туралы Төрағаға баяндайды, оның тапсырмасы бойынша қосымша құжаттарды талап етiп алдырады, тексеру ұйымдастырады;
      4) Алқа жұмысының ұйымдастырылуын жақсартуға бағытталған ұсыныстар енгiзедi;
      5) Алқаның отырысына шақырылатын адамдардың тiзiмiн белгiлейдi;
      6) Төрағаның өкiмдерi мен Алқаның шешiмдерiн орындайды.
 
      5-бап. Әдiлет бiлiктiлiк алқасының құрамы
 
      1. Алқа Парламент Мәжiлiсi жiберген екi депутаттан, алты судьядан (Жоғарғы Соттың екi судьясынан, облыстық және оған теңестiрiлген соттың екi судьясынан, аудандық және оған теңестiрiлген соттың екi судьясынан), екi прокурордан, бiр заңгер ғалымнан, бiр құқық пәнiнiң оқытушысынан, әдiлет органдарының екi қызметкерiнен тұрады.
      2. Алқа құрамына ұсынылатын адамдар принциптiлiгi мен және мiнсiз беделiмен, кәсiби бiлiктiлiгiмен және заң мамандығы бойынша жұмыс тәжiрибесiмен ерекшеленуге тиiс.
 
      6-бап. Алқаны түзу тәртiбi
 
      1. Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары Парламент Мәжiлiсiнiң шешiмiмен екі жарым жыл мерзiмге Алқа құрамына жiберiледi.
      2. Судьялар Жоғарғы Соттың Бiрлескен отырысында судьялардың бiрлескен отырыстары ұсынған кандидаттардың арасынан екi жыл мерзiмге сайланады.
      Алқа құрамына сайланған судья Бiрлескен отырыстың шешiмiмен Жоғарғы Сот судьяларының кемiнде үштен бiрiнiң бастамасымен керi шақырылып алынуы мүмкiн.
      3. Прокурорлар мен әдiлет органдарының қызметкерлерiн тиiсiнше Бас Прокуратура мен Әдiлет министрлiгiнiң басшылары екi жыл мерзiмге тағайындайды.
      4. Заңгер ғалым мен құқық пәнiнiң оқытушысы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң алқасында екi жыл мерзiмге сайланады.
      5. Шығарылу жағдайында Алқаның жаңа мүшесi кемiнде екi айдан кешiктiрiлмей жiберiлуi немесе сайлануы тиiс.
 
      7-бап. Алқа қабылдайтын шешiмдер
 
      Алқа бiлiктiлiк емтиханын тапсыру фактiсiн куәландырады және мынадай:
      1) аудандық және оған теңестiрiлген соттың судьясы мен төрағасын тағайындауға ұсынымдар беру немесе ұсыным беруден бас тарту туралы;
      2) аудандық және оған теңестiрiлген соттардың төрағалары мен судьяларын отставка және отставкасын тоқтату нысанында, өз тiлегі бойынша, медициналық қорытындыға сәйкес денсаулығына байланысты, егер судья (соттың төрағасы) басқа соттағы судьяның бос қызмет орнына кiруге келiсiм бермесе, қызметтен босату мәселелері жөнiнде ұсынымдар беру немесе ұсыным беруден бас тарту туралы;
      3) Алқаның қызметіне байланысты өзге де шешiмдер қабылдайды.
 
      8-бап. Алқаның шешімдеріне шағым беру
 
      Алқаның шешiмi шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай мерзімде Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесiне шағымдалуы мүмкiн.
      Шағымдалу құқығына Алқаның шешiмi өзiне қатысты қабылданған адам, сондай-ақ осы мәселенi көтерген лауазымды адам ие болады.
 
      9-бап. Судьялық қызметтерге кандидаттарды iрiктеу тәртiбi
 
      1. Аудандық және оған теңестiрілген соттар судьяларының бос қызмет орындарына кандидаттарды Алқа конкурстық негiзде iрiктейдi.
      2. Алқа Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыным беру үшiн аудандық немесе оған теңестiрiлген сот судьясының, сондай-ақ төрағасының бос қызмет орнына тағайындауға кандидатты Әдiлет министрiне ұсынады.
      3. Алқаның ұсынысын Әдiлет министрi бiр ай мерзiмде қарайды. Әдiлет министрi ұсынылған кандидатураға келiспеген жағдайда, Алқа талқылау қорытындылары бойынша сол кандидатураны қайталап енгiзуге құқылы не басқа кандидат ұсынады.
      4. Бiр кандидатты қайталап енгiзуге келiспеген жағдайда Әдiлет министрi осы кандидатура бойынша дәлелдi қорытындымен Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыным енгiзедi.
 
      10-бап. Алқаның жұмыс тәртiбi
 
      1. Алқаның отырыстары қажет болған жағдайда, алайда жылына кемiнде төрт рет өткiзiледi.
      2. Алқаның отырыстары Алқа мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда құқықтық күшi бар деп есептеледi.
      3. Алқа отырыстарының уақыты мен орны туралы оның мүшелерi мен шақырылған адамдар он күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.
      4. Алқаның отырыстары ашық өтедi, ал қажет жағдайларда Алқаның шешiмiмен жабық отырыстар өткiзiлуi мүмкiн.
      5. Алқа материалдар келiп түскен күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде қарайды.
      6. Егер алқа мүшесi соған қатысты шешiм қабылданатын адамның жақын туысы болса, ол Алқа отырысының күн тәртiбiне енгiзiлген мәселенi қарауға қатысуға құқылы емес.
 
      11-бап. Материалдарды қарау тәртiбi
      1. Материалдарды қарау Алқаға өтiнiшпен жүгiнген адамның қатысуымен өтедi.
      2. Отырыстың өтетiн уақыты мен орны туралы тиiсiнше хабарланған адам Алқа отырысына дәлелсiз себептермен қайталап келмей қалған жағдайда, мәселе аталған адам болмаса да қаралуы мүмкін.
 
      12-бап. Шешiм қабылдау тәртiбi
 
      1. Қаралатын мәселелер бойынша Алқа мүшелердiң жалпы санының жай көпшiлiк дауысымен отырысқа қатысып отырған барлық мүшелер қол қоятын хаттамалық шешiмдер және (немесе) ұсынымдар қабылдайды. Алқа мүшелерiнiң дауыс беруден қалыс қалуға хақы жоқ.
      2. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушiнiң даусы шешушi болып

 

табылады.


     13-бап. Алқаның Регламентi


     Осы Заңмен реттелмеген құжаттарды қабылдау Алқада бiлiктiлiк

емтихандарын тапсыру, конкурс өткiзу ұсыным беру тәртiбi, сондай-ақ iшкi

тәртiп пен қызметтi ұйымдастыру мәселелерi Алқа мүшелерi жалпы санының

көпшiлiк даусымен Алқа қабылдаған Регламентпен айқындалады.


     14-бап. Алқа қызметiн ұйымдық және материалдық-техникалық

             қамтамасыз ету


     Алқа қызметiн ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi

Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын мемлекеттiк органдар

жүзеге асырады.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Шарипова М.Е.