Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) түрлерінің 2001 жылға арналған номенклатурасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 550 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

      Облыс прокурорының 2001 жылғы сәуірдiң 16-ындағы N 7-5-2001 нөмерлi наразылығын қарап, шешiм етемiн: 
      1. "Облыста металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, өңдеудi және сатып өткiзудi тәртiпке келтiру жөнiндегi жұмыс комиссиясын құру туралы" облыс әкiмiнiң 2001 жылғы ақпанның 12-iндегi N 28 шешiмiне келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      жұмыс комиссиясы құрамынан: В.М.Ежов - "МАЭК" РМК-ның материалдық-техникалық жабдықтау бөлiмi бастығының орынбасары, Н.М.Гузиев - облыстық телекоммуникация дирекциясы Ақтау қалалық телефон станциясының бастығы, Т.Ы.Ықылысов - "МЭБК" АҚ-ның вице-президентi, М.М.Бисұлтанов - "Қазақстан темiр жолы" РМК-ны Атырау тасымалдау бөлiмiнiң бөлiмше бастығының орынбасары шығарылсын.

     2 тармақтың екiншi азат жолы мынадай редакцияда берiлсiн:
     "рұқсат берiлген құжаттары жоқ және лицензиялық нормалар мен ережелерiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейтiн түстi және қара металл сынықтарын қабылдау пункттерi қызметiн болдырмау жөнiнде жұмыс жүргiзсiн".

     Облыс әкiмiнiң 
     мiндетiн атқарушы                             С.Керелбаев