Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қарашадағы N 1633 және 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 1843 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 18 сәуір N 507. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.17. N 467 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:

      1. Алматы облысының әкімшілік орталығы Алматы қаласынан Талдықорған қаласына көшірілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Алматы облысының әкімімен бірлесіп, осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қолдансын.

      3. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті