Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы N 417 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 18 сәуір N 506. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.05.25. N 714 қаулысымен. ~P010714

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:

      1. Алматы облысының әкімшілік орталығы Алматы қаласынан Талдықорған қаласына көшірілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Алматы облысының әкімімен бірлесіп, осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қолдансын.

      3. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті