Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Бастауыш мектеп" басылымы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 сәуір N 459

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Бастауыш мектеп" Басылымы" мемлекеттiк мекемесi "Бастауыш мектеп" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Қоғам) қайта құру жолымен оның жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз проценттiк қатысуымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
      1) жарғыны бекiту кезiнде Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi редакциялық, баспагерлiк, жарнамалық және ақпараттық қызметтер көрсету болып белгiленсiн;
      2) Әдiлет органдарында Қоғамды мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
      3) Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету мен пайдалану құқығы берілсiн;
      4) осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi

 

және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 


P990405_


  қаулысына

(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

     көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:

     "Алматы қаласы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-41-жолмен

толықтырылсын:

     "123-41      "Бастауыш мектеп" ЖАҚ";

     2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк

пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi

құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы

27 мамырдағы N 659 


P990659_


  қаулысына:

     көрсетiлген қаулыға қосымшада:

     "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" бөлiмi

мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 22-5-жолмен толықтырылсын:

     "222-5.         "Бастауыш мектеп" ЖАҚ"

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.