Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1691 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 400 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1465 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.12.05 № 1465 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1691P991691_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 488-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
     1-тармақта:
     Тарифтік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Жандосов                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ораз Әлиұлы                орынбасары, төраға

Имашев                   - Қазақстан Республикасы Табиғи
Берік Мәжитұлы             монополияларды реттеу, бәсекелестікті
                           қорғау және шағын бизнесті қолдау
                           жөніндегі агенттігінің төрағасы,
                           төрағаның орынбасары

Құлекеев                 - Қазақстан Республикасының
Жақсыбек Әбдірахметұлы     Экономика және сауда министрі

Рогов                    - Қазақстан Республикасының
Игорь Иванович             Әділет министрі

Нефедов                  - Қазақстан Республикасының
Петр Петрович              Энергетика және минералдық
                           ресурстар вице-министрі;

      көрсетілген құрамнан: Александр Сергеевич Павлов, Алтай Абылайұлы Тілеубердин, Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджанов, Владимир Сергеевич Школьник шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі