Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 6 шілдедегі N 931 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыз N 397 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 2082 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде: 
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі" деген 8-бөлімде: 
      "Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь" деген жолдың 3-бағанындағы "452" деген сан "576" деген санмен ауыстырылсын;
      "Қазақ республикалық лепрозорийі" деген жолдың 3-бағанындағы "270" деген сан "227" деген санмен ауыстырылсын;
      "Арал теңізі обаға қарсы станциясы" деген жолдың 3-бағанындағы "167" деген сан "172" деген санмен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының туберкулез проблемалары ұлттық орталығы" деген жолдың 3-бағанындағы "632" деген сан "690" деген санмен ауыстырылсын;
      "Қатаң байқаудағы республикалық психиатриялық аурухана" деген жолдың 3-бағанындағы "687" деген сан "750" деген санмен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі