"N 405 Авиажөндеу зауыты" ашық акционерлік қоғамының өндірісін дамыту жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 19 наурыз N 366

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 шілдедегі N 1095 P001095_ қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасын іске асыру, N 405 Алматы авиажөндеу зауытын қайта құру және авиажөндеу өнеркәсібіне қосымша инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен "N 405 Авиажөндеу зауыты" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін "Е.R.Тrоiка Ltd." компаниясына 5 (бес) жыл мерзімге уәкілетті органмен келісім бойынша оларды тиісті түрде басқару мақсатында сеніп берілген мүлікпен өзге де іс-қимыл жасау құқығын бере отырып, сатып алу және шеттету құқынсыз сенімгерлік басқаруға беруді жүзеге асырсын;
      2) сенімгерлік басқару шартының талаптарында сенімгерлік басқарушының:
      "N 405 Авиажөндеу зауыты" ААҚ-ның дәйекті қайта құру және жаңғырту жолымен тұрақты және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      МИ-8, МИ-24, МИ-26 тікұшақтары мен олардың әр түрлерін күрделі жөндеу мен жаңғырту жөніндегі кешен құру;
      5 жыл ішінде 10 (он) миллион АҚШ долларына, оның ішінде 2002 жылдың аяғына дейін кемінде 2,5 (екі жарым) миллион АҚШ долларына баламалы сомада қосымша инвестициялар тарту;
      авиациялық техниканы жөндеуге мемлекеттік тапсырыстардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
      акциялардың мемлекеттік пакетін жекешелендіру туралы шешім қабылданған жағдайда сенімгерлік басқару шартын мерзімінен бұрын бұзу жөніндегі міндеттемелері көзделсін.
      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік

 

пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі

құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27

мамырдағы N 659 


P990659_


  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

     көрсетілген қаулыға қосымшада:

     "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне" деген

бөлімдегі реттік нөмірі 231-жол алынып тасталсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Икебаева А.Ж.