Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға 2001 жылға арналған квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 5 наурыз N 328

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Z010149_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру

үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға 2001 жылға арналған квота (бұдан әрi - 
квота) экономикалық жағынан белсендi халық санының 0,15 % мөлшерiнде 
белгiленсiн.
     2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау 
министрлiгi бiр ай мерзiмде квота санын облыстар, Астана және Алматы 
қалалары бойынша бөлсiн.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға 
жатады.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
 Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.