Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы шартқа қатысушы мемлекеттер үкiметтерiнiң арасындағы Ғарыш кеңiстiгiн бейбiт мақсатта бiрлесiп игеру жөнiндегi келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 наурыздағы N 317 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасы Медициналық орталығының N 1 дәрiханасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Президентi Іс Басқармасының оны Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) етiп белгiлеу туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.

      3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi саласы дәрi-дәрмектердi, дәрiлiк заттар мен емдеу құралдарын, медициналық жабдықтар мен аспаптарды дайындау және сату болып белгiленсiн.

      4. Уәкiлеттi орган заңнамада белгiленген тәртiппен: 
      1) Кәсiпорынның жарғысын әзiрлеп, бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі