Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң "Жоғары әскери теңiз училищесi" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы N 314 Қаулысы. Күші жойылды - Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы N 1261 қбпү Қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Арнайы полиция" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығындағы) таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі "Арнайы полиция" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының NN 8, 9 "Арнайы полиция" еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын тарату туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұсынысы қабылдансын.

      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі