Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 ақпан N 221 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 маусымдағы № 651 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 9 қазандағы N 459  Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 10 наурыздағы N 218  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 61-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
      1-тармақтың 1) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырып отыратын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегі агенттігі жұмысын бақылайтын және тексеретiн" деген сөздермен ауыстырылсын.
      <*> (абзацы 3-60)
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N 1311  қаулысымен.

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тәртiптiк кеңестерi өздерiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiн бiр айлық мерзiмде осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі