Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 ақпандағы N 255 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 8 ақпан N 210. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.25. N 832 қаулысымен. ~P020832

      Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Z922900_ , 1993 жылғы 22 қазандағы "Қазақстан Республикасындағы Сәулет және қала құрылысы туралы" Z933200_ , 2000 жылғы 22 желтоқсандағы "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Z000131_ , 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқаруы туралы" Z010148_ заңдарына және 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 P001950_ "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы" қаулысына сәйкес
                               БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "Бірыңғай бюджеттік жіктемені бекіту туралы" бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесіне:
      бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесіне:
      16 бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
      "16 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және өзге де күтпеген шығыстарды жою үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен іс-шаралар өткізу";
      "8.1.263.47 Тарихи-мемориалдық кешеннің аумағын көркейту" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "8.1.263.47 Жергілікті маңызды тарих және мәдениет ескерткіштерін жөндеу-қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу және аумағын көркейту";
      "11.2.273.48 Жергілікті деңгейдегі жобалау-іздестіру, конструкторлық және технологиялық жұмыстар" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
      "11.2.273.49 Елді мекендерде құрылыс салудың бас жоспарларын әзірлеу";
      "13.9.275.30.30 Білім, мәдениет, спорт және демалыс объектілерін салу
      13.9.275.30.31 Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым және көріктендіру объектілерін салу, жергілікті деңгейде жолдар мен көпірлерді салу және қайта құру" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "13.9.275.30.30 Білім, мәдениет, спорт және демалыс объектілерін салу және қайта құру
      13.9.275.30.31 Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым және көріктендіру

объектілерін салу, қайта құру және күрделі жөндеу, жергілікті деңгейде 
жолдар мен көпірлерді салу және қайта құру".
     2. 
<*>

      Ескерту: 2-тармақ алынып тасталынды - ҚР Қаржы министрінің 
              2001 жылғы 18 мамырдағы N 259 бұйрығымен.  

V011523_

 
     
     3. Заң қызметі (Қ. Әбдіқалықов) және Бюджет (Е. Бахмутова) 
департаменттері осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
     4. Осы бұйрық 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 2 
тармақтан басқасы, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     
     Қаржы министрі
     
     
     Мамандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.