"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 3-бабының 3-тармағына, 6-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Алматы қаласында және Қарағанды облысында Қазақстан Республикасының соттары үшін бекітілген штат саны шегінде, қолданыстағы заңдарға сәйкес экономикалық дауларды қарауға уәкілетті мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар құрылсын.
Ескерту. Атауы және 1-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2002.02.09. N 803 жарлығымен .
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Жоғарғы Сотының Төрағасы, Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің төрағасы:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына осы Жарлықпен жаңадан құрылған соттардың кадр құрамы жөнінде ұсыныстар енгізсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті