Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Сот тәжiрибесiнде адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, банда немесе басқа қылмыстық топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшiн жауапкершiлiк көздейтiн заңнаманы қолдану кезiнде пайда болатын мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қаулы етедi:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1. Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, банда немесе басқа қылмыстық топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтардың ерекше қауіптiлiгiне соттардың назары аударылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу тек қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезiнде орын алуы мүмкiн. Сондықтан бiрнеше адамның абайсыздықтан қылмыстық құқық бұзушылық жасауы адамдар тобы жасаған қылмыстық құқық бұзушылық ретiнде қарастырылмайды.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3. Кінәлі адамдардың әрекеттеріне "топ болып", "топ болып алдын ала сөз байласып", "қылмыстық топ" қылмыстық құқық бұзушылық жасау белгілері бойынша құқықтық баға бергенде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 31-бабында қарастырылған талаптарды негізге алу қажет.
Қылмыстық құқық бұзушылық екі және одан да көп адамдардың қатысуымен жасалған жағдайларда "топ болып", "топ болып алдын ала сөз байласып" қылмыстық құқық бұзушылық жасау белгілері бойынша саралануы мүмкін.
Кінәлі адамдардың әрекеттерін "топ болып алдын ала сөз байласып" қылмыстық құқық бұзушылық жасау белгісі бойынша саралаған кезде екі және одан да көп адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасауға бағытталған кез келген түрдегі уәделесуінің болғанын, яғни осы адамдардың тікелей қылмыстық құқық бұзушылық жасауға бағытталған әрекеттер басталғанға дейін, ең болмаса орындаушылардың бірі қылмыстық құқық бұзушылық құрамының объективті жағын орындағанға дейін сөз байласуының болғанын анықтау қажет.
Қылмысты жасау үшін екі немесе одан да көп адамның жалпы күші біріктірілген және бірге қатысушылардың әрқайсының әрекеті басқа бірге қатысушылардың әрекет жасауы үшін қажетті шарт болып табылған және рөлдердің алдын ала бөлінуіне сәйкес барлық бірге қатысушылардың әрекетінен туындаған ортақ қылмыстық нәтижемен себепті байланыста болған жағдайларда ""топ болып алдын ала сөз байласып" қылмыстық құқық бұзушылық жасау белгісі бойынша сараланады. Мұндай жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылыққа екі және одан да көп орындаушылардың қатысуы міндетті емес, басқа түрдегі бірдей қатысушылар болғанда бір орындаушы жеткілікті.
Ұйымдастырушының, айдап салушының немесе көмектесушінің жауаптылығы, олар бір мезгілде қылмысты орындаушылар болған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 28-бабына сілтеме жасалып, осы қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаны көздейтін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) тиісті бабы бойынша туындайды.
Қылмысты бірге жасаушылармен алдын ала сөз байласпаған, алайда оны басқа адамдар жасауы барысында соларға қосылған және тікелей қатысқан адам өзі жасаған нақты әрекеттер үшін қылмысты орындаушы ретінде жауапты болуға тиіс.
Қылмыстық құқық бұзушылық, егер оны ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, террористік топ, экстремистік топ, банда немесе заңсыз әскерилендірілген құралым жасаса, қылмыстық топ жасаған белгі бойынша саралануы мүмкін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22. N 15 нормативтік қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.4. Орындаушының жеке басына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық дәрежелеушi белгiлер, басқа қылмысқа қатысушыларға (ұйымдастырушыға, айдап салушыға немесе көмектесушiге) тек олар орындаушыда аталған дәрежеленушi белгiлердiң бар екендiгiн бiлген және олар өздерiнiң iс-әрекеттерiмен осы орындаушылардың қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауына мүмкiндiк туғызған жағдайларда ғана таңылуы мүмкiн екенiн есте ұстау қажет.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).5. Алдын ала сөз байласқан адамдар тобының қылмыстық құқық бұзушылық жасауы деп нақты бiр қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға екi және одан да көп адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтiк жағын құрайтын iс-әрекеттердi жасағанға дейiн келiсуiн түсiну қажет.
Қылмысқа қатысушылардың бiрi алдын ала сөз байласып қылмыс жасаған және қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтi жағын орындау аяқталғанға дейiн оларға алдын ала сөз байласқан басқа адамдар қосылған жағдайларда, онда бастапқылардың да және соңғылардың да iс-әрекеттерiн бiр топ адамның алдын ала сөз байласып қылмыстық құқық бұзушылық жасауы деп дәрежелеу қажет.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).6. ҚК-нің 31-бабының үшінші бөлігіне сәйкес қылмыстық топ деп ҚК-нің 262, 263, 264, 265-баптарының бірінші бөліктері оларды құру үшін жауаптылық көзделген ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық қылмыстық ұйым, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық қана емес, ҚК-нің 257, 268 және 267-баптарының бірінші бөліктері оларды құру үшін жауаптылық көзделген террористік топ, экстремистік топ, тұрақты қарулы топ (банда) және заңсыз әскерилендірілген құралым да түсініледі.
Бұл ретте банда, қылмыстық топтан қарулануымен және қылмыстық мақсаты - азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасауымен ерекшеленедi.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).7. Банданы құрудың мақсаты ҚК-нiң 268-бабының бірінші бөлiгiне сәйкес азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасау болып табылады. Бұл ретте заң, шабуыл барысында банданың қандай қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасайтынын көрсетпейдi, ол азаматтың не ұйымның мүлкін, ақшалары мен өзге құндылықтарын тiкелей алып қою ғана емес, сонымен бiрге кiсi өлтiру, зорлау, қорқытып алу, бөтеннiң мүлкiн жою не бүлдiру және т.б. болуы мүмкін.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).8. Жәбiрленушiге күш қолдану не оны дереу қолданамын деп шынайы қауiп туғызу арқылы қылмыстық нәтижеге қол жеткiзуге бағытталған әрекеттi бандитизм кезiнде шабуыл жасау деп түсiну қажет.
Осы қылмыс құрамының басқа да мiндеттi белгiлерi болған жағдайда, iшiнде адамдары жоқ мекемелерге, кәсiпорындарға, ұйымдарға шабуыл жасау және оларға күш қолданбау жағдайларында және шабуыл жасау үрдiсi кезiнде адамдар зардап шекпей, мүлiктiң жойылу (кеңсенi қопару, пәтердi, автомашиналарды өртеу) фактiлерiн бандитизм деп қарастыру қажет. Бұл ретте банданың құрамындағы шабуыл жасаушылардың олардың қылмыстық мақсаттарына жетуiне кедергi жасайтын кез келген адамға қарсы күш қолдануға дайын екенiн назарда ұстау қажет.
Банда мүшелерiнiң қолындағы қару қолданылмаған жағдайларда да қарулы банданың шабуыл жасауы орын алды деп есептеледi.
9. Банданың мiндеттi белгiсi - оның қарулануы болып табылады, демек бандаға қатысушылардың қолында зауытта әзiрленген немесе қолдан жасалған атылатын немесе суық қару, қопарғыш құралдар, сондай-ақ газ шығаратын және пневматикалық қарулардың болуы шарт.
Банда мүшелерінің шабуыл кезiнде қолданған заттарын қару деп тану туралы мәселенi шешу барысында "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339 Заңының ережелерiн басшылыққа алған жөн.
Мүшелерінің ең болмағанда бiреуiнiң қолында қару болған және бұл жөнiнде банданың басқа мүшелерiне белгiлi болған кез келген жағдайда - банда қаруланған деп танылады.
Қылмысқа қатысушылардың пайдалануға жарамсыз қаруды немесе оның нобайын қолдануы оларды қаруланған деп тануға негiз болып табылмайды.
Қажет болған жағдайда қолданылған заттардың қару болып табылатынын анықтау үшiн сараптама тағайындау қажет.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.10. Банданың ұйымдастырушысының, басшысының немесе қатысушысының қару, оқ-дәрiлер, қопарғыш заттар және қопару құралдарын заңсыз айналымға түсiру әрекеттерi банданы ұйымдастыруға және оның жұмыс iстеуiне байланысты болса ҚК-нiң 287-бабы бойынша қосымша дәрежелеуге жатпайды, өйткенi осы әрекеттер банданың мiндеттi белгiсi - оның қарулануымен толық қамтылады.
Бандаға қатысушылардың қаруды өзге мақсаттар үшiн заңсыз айналымға түсiруiне (мысалы, қарумен сауда жасауға, қаруды ұрлауға және т.б.) байланысты әрекет жасауы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша ҚК-нiң 268-бабы және Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптары бойынша дәрежеленуi қажет.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).11. Алдын ала сөз байласып адамдар тобының бірқатар қылмыстарды белгілі бір уақыт бойы келісілген әрекеттер, қылмыстық әрекеттің тұрақты нысандары мен әдістері арқылы жасау фактісі қылмыстық топтың болуын тану үшін жеткілікті негіз болып табылмайды.
Қылмыстық топ неғұрлым жоғары ұйымдасуымен және орнықтылығымен алдын ала сөз байласқан адамдар тобынан ерекшеленеді. Оның белгілері ретінде, атап айтқанда: басшының (басшылардың) болуы және оған (оларға) басқа мүшелердің бағынуы, басқа қатысушылардың оған өзінің мүше екенін мойындауы, белгілі бір иерархияның және ортақ материалдық және қаржылай қаражаттың болуы, қылмыстық топта белгіленген қағидалардың (тәртіптің) сақталуы және т.б. болуы мүмкін.
Қылмыстық топтың белгілері Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 113-бабының талаптарына сәйкес қылмыс құрамының басқа да белгілерімен қатар дәлелденуге жатады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.12. Банданы немесе басқа қылмыстық топты құру деп кез келген белсендi де мақсатты iс-әрекеттердi жасаудың нәтижесiнде аталған ұйымдасқан топтар мен сыбайластықтың шын мәнiсiнде құрылуын түсiну қажет. Бұл әрекеттер қатысушыларды, қаруларды, оқ-дәрiлердi, байланыс құралдарын, құжаттарды, көлiк құралдары мен өзге де материалдық құралдарды iздеу, құрылымдар мен қылмыстық жоспарларды дайындау, адамдарды арбау және т.б. түрде болуы мүмкiн.
Банданы немесе басқа қылмыстық топты құру қандай да бiр қылмыстың жоспарланғанына немесе жасалғанына қарамастан қылмыстың аяқталған құрамы болып табылады. Аталған қылмыстық құрылымдарды құру үрдiсiнiң өзiн оларды құруға дайындалу деп қарастыру қажет.
Егер де осы құрылымдарды ауыр немесе ерекше ауыр нақтылы қылмысты (мысалы, кiсi өлтiру) жасау үшiн құрудың ойластырылғаны анықталған болса, онда адамдардың iс-әрекеттерi осы қылмысты жасау үшiн де дайындалу деп дәрежелеу қажет.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).13. Бандаға немесе басқа қылмыстық топқа басшылық жасау деп олардың қылмыстық iс-әрекеттерiн жоспарлауға, материалдық қамтамасыз етуге және ұйымдастыруға байланысты, сондай-ақ аталған құрылымдардың нақтылы қылмыстық құқық бұзушылықтарға дайындалуға және оларды жасауға байланысты шешiмдердi қабылдауы деп түсiну қажет.
Бандаға немесе басқа қылмыстық топқа бiр немесе бiрнеше адам басшылық жасауы мүмкiн.
Банда немесе ұйымдасқан қылмыстық топ басшысыз да болуы мүмкiн. Адам саны аз ұйымдасқан қылмыстық топтың немесе банданың өз орталарынан басшы шығармай-ақ қылмыстық әрекеттерге қатысты мәселелердi бiрлесе шешуiн және, әдетте, олардың қылмыстарды бiрлесе жасауын осындай жағдайларға жатқызған жөн.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.14. Бандаға немесе басқа қылмыстық топқа қатысу - аталған қылмыстық құрылымдардың құрамына кiрудi және жоспарланған қылмыстық құқық бұзушылықтарды қаржыландыруға, қарумен, көлiкпен қамтамасыз етуге, нысандарды iздестiруге, ақпараттарды жинастыруға және т.б., сондай-ақ осы қылмыстық құқық бұзушылықтарға тiкелей қатысуға бағытталған iс-әрекеттердi жасауды бiлдiредi.
Бандаға немесе басқа қылмыстық топқа қатысу - адам банданың немесе қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) қызметiнiң қылмыстық сипаты туралы бiлгенiне, оған өзiнiң қатысуына (мүшелiгiне) келiсiм берген сәттен бастап оның жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысқан немесе қатыспағанына қарамастан, аяқталған қылмыс құрамы болып табылады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).15. Банданы немесе басқа қылмыстық топты құрған не оларға басшылық жасаған адамның iс-әрекеттерi ҚК-нiң 31-бабы төртінші бөлiгiнiң талаптарының негізінде ҚК-нiң 257, 262, 263, 264, 265, 267 және 268-баптарының бірінші бөлiктері бойынша, сонымен қатар, егер олар оның пиғылында болса, банда немесе басқа қылмыстық топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты көздейтiн ҚК-нiң Ерекше бөлiгiнiң тиiстi баптары бойынша тиiсiнше саралануға жатады. Бұл ретте ұйымдастырушы (басшы) бір мезгілде қылмыстық құқық бұзушылықты бірге орындаушы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, ҚК-нiң Ерекше бөлiгiнің тиісті бабы бойынша саралау ҚК-нiң 28-бабына сiлтеме жасалып жүзеге асырылады.
Банда немесе қылмыстық топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарға тiкелей қатысқан банданың немесе басқа қылмыстық топтың ұйымдастырушысының не басшысының әрекеттерi ҚК-нің 257, 262, 263, 264, 265, 267 және 268-баптарының екінші бөлiктері бойынша қосымша саралануға жатпайды.
Бандаға немесе басқа қылмыстық топқа қатысушылардың (мүшелердiң) әрекеттерiн тиiсiнше ҚК-нің 257, 262, 263, 264, 265, 267 және 268-баптарының екінші бөлiктері бойынша, сондай-ақ олар дайындауға немесе жасауға қатысқан құқық бұзушылықтар үшiн ҚК-нің Ерекше бөлігінің тиiстi баптары бойынша саралау қажет.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).16. Банда немесе басқа қылмыстық топ жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысқан адам, ол банда жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарға сыбайлас қатысушы екендiгiн бiлген жағдайларда ғана тиiсiнше ҚК-нің 257, 262, 263, 264, 265, 267 және 268-баптарының екінші бөлiктері бойынша жауапты болады. Адам қылмыстық құрылым жөнінде бiлмеген жағдайда, ол өзi бiлiп бiрге қатысқан қылмыс үшiн ғана жауапты болады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).17. Банданың немесе басқа қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарды дәрежелеу кезiнде соттар ҚК-нiң 13-бабының бірінші бөлігінде көрсетiлгендей қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша, егер қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның әрекеттерi ҚК-нiң әлдеқайда қатаң жаза берудi көздейтiн бiр бабының немесе бабының бiр бөлiгiнiң нормасымен қамтылмаса, ол жасаған әрбiр қылмыстық құқық бұзушылығы үшiн ҚК-нiң тиiстi бабы немесе бөлiгi бойынша қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатыны туралы талабын қатаң сақтауға тиiс.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).18. Бандитизмдi басқа қылмыстық құқық бұзушылықтардан ажырату кезiнде бандитизмдi құрайтын мән-жайларға ерекше назар аудару қажет.
Бандитизм және бiр топ адамның алдын ала сөз байласу арқылы қару қолданып, қарақшылық шабуыл жасау қылмыстары бiр-бiрiнен осы қылмыстық құқық бұзушылықтарды сипаттайтын белгiлер жиынтығымен ерекшеленедi. Бұл ретте бандитизм үшiн бандаға қатысушылардың арасындағы тұрақты байланыстың, олардың iс-әрекеттерінiң ұйымшылдығының, қылмыстарға дайындалу мен жоспарлаудың, сондай-ақ қарулануының болуы мiндеттi. Аталған құрамдарды сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаудың мақсаты бойынша да ажырату қажет: бандитизм кезiндегi мақсат - азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау болып табылады, ал қарақшылық кезiнде пайдакүнемдiк мақсат - ашық ұрлау мiндеттi түрде қоса жүредi.
Егер iс бойынша адамдардың тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топты құру туралы арнайы уағдаласқаны, қарулану туралы мәселе талқылағаны және қаруды сатып алғаны, азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасау мақсаттарын белгiлегенi, осындай қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны анықталса, онда мұндай жағдайларда кiнәлi адамдардың iс-әрекеттерiн ҚК-нің 268-бабының тиiстi бөлiгi бойынша, сондай-ақ қылмыстық кодекстiң жасалған қылмыс үшiн жауапкершiлiк белгiлеген тиiстi баптары бойынша дәрежелеген жөн. Тұрақты қарулы қылмыстық топтың құрылғаны туралы мәлiметтер болмаған өзге жағдайларда, азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасауды, бiр топ адамның күнi бұрын сөз байласу арқылы қару қолданып, қарақшылық шабуыл жасауын қылмыстық кодекстің тек осы қылмыстар үшiн жауапкершiлiк белгілеген баптары бойынша дәрежелеу қажет.
Бандитизмнiң бiр топ адамның алдын ала сөз байласу арқылы қорқытып алудан ара жiгiн ажыратуда, бандитизм кезiнде зорлық-зомбылық қылмысты жасаудың құралына айналатынын, атап айтқанда, шабуыл кезiнде қарақшылардың бiрден жәбiрленушiнің мүлкiн алатынын, ал қорқыту кезiнде зорлық-зомбылық тек әсер ету нысаны болып табылатынын және ол күш көрсетушiлердiң талабын орындаудан бас тартқаны үшiн жәбiрленушiге алдағы уақытта күш қолданылады деп қорқыту мақсатында жүзеге асырылатынын әрi мұның өзi тек жәбiрленушiге ғана емес, сонымен бiрге оның жақын адамдарына қатысты орын алуы мүмкiн екендiгiн назарда ұстау қажет.
Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).19. Соттардың назары банданың немесе басқа қылмыстық топтың құрамында жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтары үшiн кiнәлi адамдарға жаза тағайындау кезiнде жауаптылықты даралау қағидатын бұлжытпай сақтаудың маңыздылығына аударылсын.
Соттар iстiң барлық мән-жайы мен сотталушы адам туралы мәлiметтердi, олардың қылмыстық топты ұйымдастырудағы рөлі мен оның қылмыстық қызметіне қатысу дәрежесін, банданың шабуыл жасауының нәтижесінде туындаған салдардың ауырлығын және жазаны тағайындау кезінде мәні бар басқа да мән-жайларды мұқият анықтап және ескеріп отырулары қажет.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).20. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданылатын құқықтың құрамына кіреді, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. Нормативтік қаулы 20-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы |
Жоғарғы Сотының Төрағасы |
Пленум хатшысы |
Қазақстан Республикасы |
Жоғарғы Сотының судьясы |