"Павлодар химия зауыты" ашық акционерлік қоғамы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 9 қаңтар N 20

      Қазақстан Республикасы Павлодар облысы әкімінің ұсыныстарының негізінде "Павлодар химия зауыты" ашық акционерлік қоғамының импортты алмастыратын химиялық өнімді шығару және жоғары технологиялық хлор-сілтілі өндірісін ұйымдастыру жөніндегі өндірістік қызметін қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті "Павлодар химия зауыты" ААҚ акцияларының мемлекеттік пакетін оның жарғылық капиталының 90 (тоқсан) пайызы мөлшерінде Павлодар облысының коммуналдық меншігіне берсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.03.15. N 349

 

              қаулысымен.


P010349_



     2. Қазақстан Республикасы Павлодар облысының әкімі мен Қазақстан

Республикасының Экономика және сауда министрлігі 3 (үш) жыл ішінде

зауыттың жобалық қуаттарында мембраналық технология бойынша хлор-сілтілі

өндірісті іске қосуды ұйымдастырсын.



     Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.15. N 349

              қаулысымен.


P010349_



     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.