Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстанның Даму банкі туралы" Жарлығын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2001 жылғы 3 қаңтар N 4

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. Мына құрамда Қазақстанның Даму банкі қызметінің тұжырымдамасын

әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын:


     Жандосов                         - Қазақстан Республикасы Премьер-

     Ораз Әлиұлы                        Министрінің орынбасары, төраға


     Есенбаев                         - Қазақстан Республикасының Қаржы

     Мәжит Төлеубекұлы                  министрі, төрағаның орынбасары


     Ертілесова                       - Қазақстан Республикасының       

     Жәннат Жұрғалиқызы                 Президенті Әкімшілігі Басшысының

                                        орынбасары (келісім бойынша)


     Жангелдин                        - Қазақстан Республикасының Ұлттық

     Ерлен Тоқтағалиұлы                 Банкі төрағасының орынбасары

                                        (келісім бойынша)


     Ізтілеуов                        - "Қазақстан Эксимбанкі" жабық

     Бейсенбай Ізтілеуұлы               акционерлік қоғамы басқармасының

                                        төрағасы


     Келімбетов                       - Қазақстан Республикасының

     Қайрат Нематұлы                    Стратегиялық жоспарлау жөніндегі

                                        агенттігінің төрағасы (келісім

                                        бойынша)


     Құлекеев                         - Қазақстан Республикасының

     Жақсыбек Әбдірахметұлы             Экономика және сауда министрі    


     Мәсімов                          - Қазақстан Республикасының Көлік

     Кәрім Қажымқанұлы                  және коммуникациялар министрі


     Мусин                            - Ақтөбе облысының әкімі

     Аслан Есболайұлы


     Сапарбаев                        - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

     Бердібек Мәшбекұлы                     


     Шөкеев                           - Қостанай облысының әкімі

     Өмірзақ Естайұлы


     2. Комисия:


 
       - 2001 жылғы 20 қаңтарға дейінгі мерзімде Үкіметке Қазақстанның Даму банкі қызметінің тұжырымдамасының жобасын енгізсін;
      - Қазақстанның Даму банкі қызметінің тұжырымдамасын әзірлеу барысында Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарымен, қаржы секторының өкілдерімен, халықаралық қаржы ұйымдарымен және шетелдік даму банктерімен қажетті консультациялар жүргізсін.
      3. Комиссияға белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға, сондай-ақ мүдделі министрліктер мен ведомстволардың қызметкерлерін қажеттілігіне қарай тарту құқығы берілсін.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі оларды 2001 жылға

 

әзірлеу және нақтылау кезінде Қазақстанның Даму банкінің жарғылық

капиталына жергілікті бюджеттердің қатысуын қамтамасыз ететін бюджеттік

бағдарламалардың қалыптастырылуын бақылауды жүзеге асырсын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.