Автомобиль жолдары саласын дамытудың жобасын қаржыландыру үшiн Еуропа Қайта Жаңарту және Даму Банкiнiң заемын тарту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 7 желтоқсан N 1823

      "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Z932200_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 10, 242-құжат; 1994 ж., N 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 17-18, 220-құжат; N 22, 334-құжат; 1998 ж., N 24, 432-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      2-баптың екінші бөлігінің г) тармақшасындағы "бойынша қолдануы" деген сөздерден кейін нүктелі үтір қойылып, "жағдайларында танылады" деген сөздер алып тасталсын және мынадай мазмұндағы д) тармақшасымен толықтырылсын:

     "д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны 
үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, 
халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне 
қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі 
сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы 
жағдайларында танылады.".
     
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті 
     
     
     Мамандар:
     Қасымбеков Б.А. 
     Багарова Ж.А.