"Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жол-құрылыс техникасын сатып алуы жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 7 желтоқсан N 1818

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - "Заем алушы") заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен тартқан, мемлекеттік емес заем қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының Анкара қаласындағы (Түркия Республикасы) дипломатиялық өкілдіктің ғимараты кешені құрылысының жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі жобаға экономикалық сараптама жүргізсін және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиісті қорытындыны ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      3 000 000 (үш миллион) АҚШ доллары мөлшеріндегі негізгі борышты және кепілдік берушінің төлеуіне жататын өзге де төлемдерді қамтитын, тартылған мемлекеттік емес заем бойынша жалпы сомаға Заем алушының міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету ретінде "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген мемлекеттік кепілдік беру лимиті шегінде, кредиторға Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін берсін;
      Заем алушымен көрсетілген мемлекеттік кепілдікті беруге байланысты

 

туындайтын міндеттемелерді қамтамасыз ету туралы тиісті келісім жасасын.

     4. Заем алушы заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік кепілдікті

алуға үміткер тұлғаларға қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етсін.

     5.



     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.12.30. N 1963     

              қаулысымен. 


P001963_



     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Икебаева А.Ж.