Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 мамырдағы N 652 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 қараша N 1771.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.02. N 892 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Ұялы байланысты қолдану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 мамырдағы N 652 қаулысына  мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің бастығына" деген сөздерден кейін "Республикалық ұланның қолбасшысына" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі