Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы" Жарлығын іске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 21 қараша N 1744

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Кеден брокері ретіндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 маусымдағы N 959  қаулысымен  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 322-құжат) бекітілген Кеден брокері ретіндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарында:
     1-тармақтың 4) тармақшасы "уәкілетті банктің кепілдік беруі жолымен немесе" деген сөздермен басталсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.     

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі