Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Өндiрiстiк-пайдалану басқармасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 3 қараша N 1669

      Балалардың, жасөспiрiмдердiң демалуын, сауықтырылуын ұйымдастыру және олардың шығармашылық қабiлетiн дамыту үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Балдәурен" республикалық балаларды сауықтыру лагерi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Кәсiпорын жөнiнде мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi мiндеттерiн жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн. 
      3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi: 
      1) балалар мен жасөспiрiмдердiң сауықтырылуын, демалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыру; 
      2) балалар мен жасөспiрiмдердiң сауығуы, демалуы кезiнде бiлiм беру бағдарламаларын меңгеруi үшiн қажеттi жағдайлар жасау; 
      3) балалардың халықаралық және республикалық мәдени-көпшiлiк, ғылыми-практикалық iс-шараларын өткiзу болып белгiленсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Астана" санаторий-профилакторийiнiң (Шортанды көлi) мүлiктiк кешенiн заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны теңгерiмiнен Кәсiпорын теңгерiмiне берудi қамтамасыз етсiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi: 
      1) Кәсiпорын жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
      2) тегiн сауықтырылуға құқығы бар тұлғалар санатын, сондай-ақ Кәсiпорынның оларды күтуге кеткен шығынын толтыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп белгiлесiн; 
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі