Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Iшкi әскерлерiнiң тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге арналған шығыстарды төлеу үшiн ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшiлерi (мерзiмдi қызметтiң әскери қызметшiлерiнен басқалары) л

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 3 қараша N 1662. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.05.29. N 593 қаулысымен. ~P020593

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 25.06.2013 № 13/210 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Z952464_ Конституциялық заңының 12 бабы 6) тармақшасы негiзiнде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы N 33/250 V990931_ "Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттары сайлауын дайындау мен өткiзуге байланысты құжаттарды сақтау, мұрағатқа өткiзу және жою Ережелерi туралы" қаулысына төмендегiдей өзгертулер енгiзiлсiн:
      аталған қаулымен бекiтілген, Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттары сайлауын дайындау және өткiзуге байланысты құжаттарды сақтау, мұрағатқа өткiзу және жою Ережелерiндегi:
      7 тармақтың 1 абзацындағы "... Парламент Сенаты депутаттарының өкiлеттiктерiнiң мерзiмi iшiнде..." деген сөздер " .. сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiнгi жыл iшiнде..." деген сөздермен алмастырылсын;
      7 тармақтың 5 абзацындағы "... Парламент Мәжiлiсi депутаттарының өкiлеттiктерiнiң мерзiмi iшiнде..." деген сөздер "... сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiнгi жыл iшiнде..." деген сөздермен алмастырылсын;
     7 тармақтың 6 абзацы алынып тасталсын;
     7 тармақтың 8 абзацы алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы әкiмдерге және облыстық, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссиялары төрағаларына жiберiлсiн.
     3. Бұл қаулы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi оны тiркеген сәттен бастап күшiне енедi. 

     Қазақстан Республикасы
     Орталық сайлау комиссиясының
     Төрайымы