Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 шілдедегі N 1126 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 2 қараша N 1654

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2011.07.26 № 128 Жарлығымен.

      Қаулы етемін:
      1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының Қамқоршылар Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 16 маусымдағы N 3041 U963041_ Жарлығымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 28, 238-құжат) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының (ҚМЭБИ) бекітілген Қамқоршылар Кеңесінің құрамына "Проктер энд Гэмбл" компаниясы өкілдігінің басшысы Танкут Турнаоғлы, ТМД-дағы "Кока Кола" компаниясының басшысы Дамманн Хеублайн енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚМЭБИ Қамқоршылар Кеңесінің құрамынан Ханс-Питер Хайсен шығарылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті