Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 12 маусымдағы N 882 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 1 қараша N 1653

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы 2000 жылы Нарын-Сырдария су қоймалары сарқырамаларының су-энергетика ресурстарын пайдалану туралы келiсiмдi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 маусымдағы N 882 P000882_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1 -тармақтағы:
      "Ертiс-Қарағанды каналын пайдалану жөнiндегi" деген сөздер "Қаныш Сәтпаев атындағы канал" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ЕҚКПЖ" РМК" деген сөздер "Қаныш Сәтпаев атындағы канал" РМК" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан темiр жолы" РМК" көмiр жеткiзу үшiн жылжымалы темiр жол

 

составын iркiлiссiз берiп тұруды қамтамасыз етсiн";

     4-тармақтың бесiншi жолындағы "2000 жылғы 1 маусым - 31 қазан

кезеңiне" деген сөздер "2000 жылғы 1 маусым - 31 желтоқсан кезеңiне" деген

сөздермен ауыстырылсын;

     6-тармақ мынадай абзацпен толықтырылсын:

     "Қарағанды облысының әкімі "Қаныш Сәтпаев атындағы канал" РМК-на

көмiр жіберу жөнінде нақты көмек көрсетсiн".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі 


Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Омарбекова А.Т.