Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігінiң Мемлекеттiк өртке қарсы қызметiн дамытудың және жетiлдiрудiң 2001-2005 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 1 қарашадағы N 1652 қаулысы
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.04. N 322 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда K941000_ қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат):
      319-баптың 5-тармағындағы "мүлiктi бағалау жөнiндегi мемлекеттiк органның" деген сөздер "мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723 U952723_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат):
      32-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "мүлікті бағалау жөніндегі мемлекеттік органның" деген сөздер "мүлікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

     Қазақстан Республикасының
     Президенті