Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1271 және 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 қазан N 1598

      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы N 1872 P991872_ қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 16 қазандағы N 1536 P001536_ қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ бұйрығына мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесiне:
      бюджет шығыстарының функционалдық жiктемесiнде:
      "2.1.208.30 Қорғаныс сипатындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер мен

тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар" деген жолдан кейiн мынадай редакцияда 
жазылған жолмен толықтырылсын:
     "2.1.208.31 Артық қару-жарақ пен әскери техниканы сату бойынша 
мемлекеттiк тапсырысқа ақы төлеу"
     "8.1.230.41.31 Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық 
мұражайы" деген жолдан кейiн мынадай редакцияда жазылған жолдармен 
толықтырылсын:
     "8.1.230.41.32 Алтын және қымбат металдардың мемлекеттiк мұражайы
     8.1.230.41.33 Тарихи-мәдени құндылықтарды жөндеу-реставрациялау 
жұмыстарын жүргiзу";
     шығыстардың экономикалық жiктемесiнде:
     "1.1.130.138 Құжырамаға және жерге жалгерлiк төлемдер" деген жол 
келесi редакцияда жазылсын:
     "1.1.130.138 Құжыраманы жалға алу төлемдерi".
     2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     
     
     
     Министр
     
     
     Мамандар: 
            Омарбекова А.Т.
            Багарова Ж.А.