Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 желтоқсандағы N 1305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 қазан N 1594

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: 
      1) <*>
      2) <*>
      3) "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229  қаулысына
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiндегi:
     6 "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     "Алтын және қымбат бағалы металдар мемлекеттiк мұражайы 25".
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.24. N 1172   қаулысымен .
       Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1180   қаулысымен .
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі