Ақтау теңiз сауда портын дамыту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 17 қазан N 1544

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.05.12 N 691 Қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасының спортшыларына - Сидней қаласындағы (Австралия) 2000 жылғы ХХVII Олимпиадалық ойындардың жеңімпаздарына, жүлдегерлеріне және олардың жаттықтырушыларына бір жолғы төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 қазандағы N 1510 P001510_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақтағы 163335000 (бір жүз алпыс үш миллион үш жүз отыз бес мың) деген сан 165474000 (бір жүз алпыс бес миллион төрт жүз жетпіс төрт мың) деген санмен ауыстырылсын; көрсетілген қаулының қосымшасында: реттік нөмірі 16-жол алынып тасталсын; ескерту мына абзацпен толықтырылсын: Жеңімпаздар мен жүлдегерлер командаларының жаттықтырушыларына бір жолғы төлемдер әрбір жаттықтырушыға спортшылар үшін белгіленген мөлшерде төленеді.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі