Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы N 1691 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 қыркүйектегі N 1404 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1465 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қырғыз Республикасының Премьер-Министрi А.М. Мұралиевтiң Қазақстан Республикасына 2000 жылғы 21 қаңтардағы жұмыс сапары және қазақстан-қырғыз бiрлескен үкiметаралық комиссиясының 1-мәжiлiсi барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 8 маусымдағы N 872 P000872_ қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қырғыз Республикасының

 

Премьер-Министрi А.М. Мұралиевтiң Қазақстан Республикасына 2000 жылғы 21

қаңтардағы жұмыс сапары мен қазақстан-қырғыз бiрлескен үкiметаралық

комиссиясының 1-мәжiлiсi барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды iске

асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:

     7 "Заңсыз көшi-қон және терроризммен күрес проблемалары жөнiнде"

бөлiмiндегi:

     2) тармақша алынып тасталсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


     Мамандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.Н.