Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 220 P000220_ қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарында:
реттiк нөмiрi 11-жол алынып тасталсын;
2) "Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiрудiң және басқарудың тиiмділігiн
арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi
2000 жылға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 31 наурыздағы N 482
қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiрудiң
және басқарудың тиiмдiлiгiн арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған
бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2000 жылға арналған iс-шаралар
жоспарында:
реттiк нөмiрi 1 және 2-жолдары алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Қасымбеков Б.А.