Еңбекке уақытша жарамсыздықтың екi айдан артық мерзiмi белгiленуi мүмкiн ауру түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 7 тамыз N 1213.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы N 1171 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.13 № 930 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қызметтiк тұрғынжай берiлетiн қызметкерлер санатының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 маусымдағы N 455 P930455_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 21, 262-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қызметтiк тұрғынжай берiлетiн қызметкерлер санатының тiзбесiнде:
      26-тармақтағы:
      бiрiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлiгiнiң, Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң, Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң бөлiмдерi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң қызметтерi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      екiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі