Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 тамыздағы N 1188 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 717 P950717_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы және Пакистан Ислам Республикасы Үкiметтерi арасындағы транзиттiк тасымалдау туралы келiсiмнiң 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы және Пакистан Ислам Республикасы Үкiметтерi арасындағы транзиттiк тасымалдау туралы келiсiмнiң орындалуын бiрлесiп бақылау және жоғарыда аталған Келiсiмдi iске асыру бөлiгiндегi проблемалар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының құзыреттi органдарына жедел ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнің төрағасы Ержан Шойбекұлы Қалқабаев Қазақстан

 

Республикасы Үкiметiнiң атынан жауапты тұлға болып тағайындалсын.

     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi қабылданған

шешiм туралы депозитарий мемлекет - Пакистан Ислам Республикасын хабардар

етсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


     Оқығандар:   

     Қобдалиева Н.М.

     Икебаева А.Ж.