Қызмет өткерген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшiн кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары құтқарушыларының жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 3 тамыз N 1185. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 896 қаулысымен

       Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын және оның ұзақ мерзімді " Кәсіби мемлекет " басымдығын орындау мақсатында қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) 2000 жылғы 1 қазанға дейін орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жақсарту, олардың ұйымдық құрылымдарын оңтайландыру, басқару буындарының санын қысқарту жөніндегі түбегейлі шаралар кешенін әзірлесін;
      2) орта буын басшыларының - министрліктер құрамындағы комитеттер мен департаменттердің, агенттіктердің және жергілікті атқарушы органдар басшыларының алдында тұрған стратегиялық мақсаттар мен нақты міндеттерге қарай олардың рөлі мен жауапкершілігін күшейтсін;
      3) ведомстволардың санын, министрліктер мен агенттіктердің штат саны лимиттерін, олардың басшы лауазымды тұлғаларының санын ұлғайтуды тек қана Мемлекет басшысының не оның уәкілеттік беруімен Республика Президенті Әкімшілігінің келісімімен жүргізетін болсын;
      4) бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды жеделдетсін, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің , Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің , жекелеген орталық және жергілікті атқарушы органдардың неғұрлым дайын жүйелерінің базасында оның негізгі элементтерін пысықтап, Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін кезең-кезеңімен құруға 2000 жылдың соңына дейін кіріссін;
      5) олардың тиімді пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік органдарды ақпараттандыру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті қаржылық ресурстарды іздестірсін;
      6) бюджет қаражатын үнемдеуді қамтамасыз етсін, мемлекеттік аппаратты ұстауға жұмсалатын шығыстардың өсуіне жол бермейтін батыл шаралар қолдансын, мемлекеттік органдарға қызмет көрсетудің үнемді әдістері мен құралдарын енгізсін, қымбат тұратын қызметтік автомобильдерді, байланыс құралдары мен кабинеттік жиһаздың артығын сатуды көздесін.
      Үнемдеу нәтижесінде алынған қаражатты 2000 жылдың соңына дейін заңдарда белгіленген тәртіппен халықтың әлеуметтік тұрғыда шетін топтарын қолдауға, мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамытуға, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын көтеруге және мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыруға бағыттасын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.11.27. N 447 Жарлығымен.

      1-1. Орталық атқарушы органдардың басшылары ведомстволардың штат санындағы өзгерістерді Мемлекет басшысымен не оның уәкілеттік беруімен Республиканың Президенті Әкімшілігімен келіссін.
      Ескерту. Жарлық 1-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2007.11.27. N 447 Жарлығымен.

      1-2. «А» корпусының жаңа мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын енгізу немесе олардың санын ұлғайту туралы ұсыныстарды Мемлекет басшысымен не оның уәкілеттік беруімен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссиямен келіссін.
      Ескерту. Жарлық 1-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 21.11.2013 № 697 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Басқару технологияларын жетілдіру мен мемлекеттік қызмет кадрларының біліктілігін арттыру мақсатында:
      1) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары:
      - басқару технологияларын жетілдіру жөнінде шаралар қолдансын, жұмыс регламентін әзірлесін немесе қайта қарасын, құжаттардың есепке алынуын, өтуін, келісілуін және орындалуын бақылаудың ережелері мен рәсімдерін мейлінше тиімді етсін, қағазбастылыққа жол бермеу, құжаттардың көлемі мен мөлшерін қысқарту жөнінде түбегейлі шаралар қолдансын;
      - келіп түскен құжаттар мен материалдардың, әсіресе азаматтардың өтініштерінің қаралу мерзімдерін мейлінше қысқартсын;
      - мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың кешенді шараларын әзірлеп, іске асыруды бастасын, аппараттарда қызметкерлердің кәсіптік және құқықтық оқуы, әрбір мемлекеттік қызметшінің интеллектуалдық өсуі жөніндегі жұмысты ұдайы жүргізетін болсын;
      2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2001 жылғы оқу жылынан бастап, тиісті мемлекеттік оқу орындарының бағдарламаларында кеңсе және құжаттамалық жұмыс негіздерін оқытуды көздесін.

      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті