Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 шілде N 1118

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал дәрігерлік қадағалау комитетінің шекарада және көлікте мемлекеттік мал дәрігерлік бақылаудың Шығыс, Батыс, Солтүстік және Оңтүстік аймақтық қызметтерінің мемлекеттік мекемелері таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жоғарыда

 

көрсетілген мемлекеттік мекемелердің таратылуын заңнамада белгіленген

тәртіппен жүзеге асырсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.