Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасында Статистикалық есепті табыс етудің осыған қосылған тәртібі бекітілсін және ол Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркелімінде тіркелуде өткен және енгізілген кезден бастап күшіне енгізілсін.
2. Осы Тәртіптің күшіне енуіне байланысты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау жөніндегі комитетінің 1997 жылғы 13 желтоқсандағы N 75 V970485_ бұйрығымен бекітіліп, іс-әрекет еткен "Қазақстан Республикасында Заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік статистикалық есепті табыс ету тәртібі туралы ереженің" күші осы Тәртіптің күшіне енген кезінен бастап жойылсын.
Төраға
Қазақстан Республикасы Статистика
жөніндегі агенттігінің 2000 жылғы 26-маусымдағы N 44 бұйрығымен Бекітілген
Қазақстан Республикасында
статистикалық есепті табыс ету
Тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы" Z970098_ (1997 жылғы 7-мамыр), "Шет елдік инвестициялар туралы" Z949000_ (1997 жылғы 27-желтоқсан), "Жеке кәсіпкерлік туралы" Z970135_ (1997 жылғы 19-маусым), "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" Z980214_ (1998 жылғы 31-наурыз) заңдарына, Қазақ КСР-нің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (1984 жылғы 22-наурыз) және басқа да заңдық кесімдерге сәйкес әзірленген.
2. Тәртіп мемлекеттік және салалық (ведомстволық) статистикалық байқаулар жүргізген кезде статистикалық есепті табыс ету тәртібін регламенттейді, сондай-ақ статистикалық есеп беру жөнінде ереже бұзушылықтарға жол берген адамдарды әкімшілік және өзге де жауапкершілікке тарту тәртібін бейнелейді.
3. Мемлекеттік және салалық (ведомстволық) статистика органдары статистикалық есепті тек объективті және анық статистикалық ақпарат алу мақсатында ғана жинайды.
4. Бастапқы статистикалық ақпарат мемлекеттік органдардың тарапынан тексеру немесе бақылау мақсатында пайдаланылмауға тиіс.
2. Осы Тәртіпте пайдаланылатын негізгі түсініктер
5. Бастапқы статистикалық ақпарат - белгілі бір есептік бірлік туралы бекітілген статистикалық есеп нысандары бойынша белгіленген тәртіппен берілетін статистикалық мәліметтердің жиынтығы.
6. Статистикалық бақылау - әлеуметтік-экономикалық өмірдің құбылыстары мен процестері туралы деректерді күні бұрын әзірленген бағдарлама бойынша тіркеу жолымен ғылыми әдіспен жинау. Статистикалық бақылау өзінің мазмұны мен есеп беруші бірліктер тобына қарай мемлекеттік және салалық (ведомстволық) болып бөлінеді.
7. Мемлекеттік статистикалық бақылау республика мен оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін анықтайды, ведомстволық иелігіне қарамастан есепке алу бірліктеріне тарайды, оны жинауды мемлекеттік статистика органдары іске асырады.
8. Салалық (ведомстволық) статистикалық бақылау статистикалық қызмет атқаратын белгілі бір орталық атқарушы органның міндетін орындауға қажетті жиынтық көрсеткіштерді анықтайды, ведомство бағынысындағы есептік бірліктерге таралады.
9. Статистикалық есеп - мемлекеттік статистикалық байқау нысаны, онда уәкілеттік органдар есеп беретін бірліктерден хабарланатын деректердің дұрыс берілуі үшін жауапты адамдардың қолы қойылған бастапқы статистикалық ақпаратты заңдарда белгіленген тәртіппен алады. Статистикалық есепті беру тәртібі мен мерзімдерін бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
10. Есеп беруші бірлік - белгілі бір есептік бірлік үшін статистикалық есеп беруге уәкілеттігі бар бірлік.
Есеп беруші бірлік әдетте есептік бірлікпен сәйкес келеді және кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлға немесе жеке тұлға нысанында көрінеді.
Статистикалық есепті уақтылы және өндірістің тұрған жерінде табыс ету мақсатында есеп беретін заңды тұлға өзінің статистикалық есеп беру жөніндегі өкілеттігін өзінің аумақтық-оқшауланған бөлімшелеріне (филиалдарына, өкілдіктеріне, өзінің өндірістік қызметінің есебін өзінше жүргізетін басқа да бөлімшелеріне) немесе басқа заңды тұлғаға (қармағындағы АЕО-ға, тәуелсіз аудиторлық фирмаға) береді.
11. Есептік бірлік - ол туралы бастапқы статистикалық ақпарат табыс етілетін бірлік.
Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын кәсіпорындар, олардың жергілікті бірліктері мен жеке тұлғалар халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес есептік бірлік болып табылады.
12. Кәсіпорын - өз қызметін бір немесе бірнеше жерде коммерциялық негізде іске асыратын бір немесе бірнеше заңды тұлға.
13. Жергілікті бірлік - белгілі бір шаруашылық дербестігі бар және өзінің өндірістік қызметін есепке алып отыратын кәсіпорын немесе кәсіпорынның аумақтық-оқшауланған бөлімшесі.
3. Статистикалық есепті табыс ету тәртібі
14. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы" Z970098_ Заңына, (1, 3-бап) сәйкес статистикалық есепті табыс ету статистикалық бақылаудың барлық түрлерімен міндетті болып табылады және өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
15. Мемлекеттік статистикалық есептің әрбір есепті жылға арналған тізбесі Статистикалық жұмыстың жоспарымен анықталады, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын орындау мақсатында жедел тәртіппен мемлекеттік статистикалық есепке жекелеген нысандарды енгізуге жол беріледі. Мұндай нысандар Үкімет бекіткен мерзімдерде жедел тәртіппен әзірленеді және бекітіледі.
16. Статистикалық есепті табыс етудің мерзімдері мен мекен-жайы, сондай-ақ бірліктің шеңбері мен түрлері, нысанды бекіту туралы қаулының нөмірі және күні, айы, жылы статистикалық есеп нысанының титулдық бөлімінде көрсетіледі.
17. Аймақтар бойынша статистикалық деректерді жедел түрде алу мақсатында статистикалық есеп есептік бірлік тұрған жерлерде табыс етіледі.
18. Есептік бірліктің толық тізбесі статистикалық тіркелімде болады, оны халықаралық кепілдемеге сәйкес мемлекеттік статистика органдары жүргізеді.
19. Есептік бірлік туралы статистикалық есепті есеп беруші бірлік табыс етеді.
20. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы" Z970098_ (1, 3-бап), "Жеке кәсіпкерлік туралы" Z970135_ (24-бап), "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" Z980214_ (18-бап) заңдарына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке тұлғалар статистикалық есепті қарапайым тәртіппен табыс етеді.
21. Статистикалық есептерге олардың дұрыстығы мен табыс ету мерзімін сақтауға жауап беретін уәкілетті адамдар қол қояды.
22. Қала ішіндегі кәсіпорындар үшін - есеп нысанының титулында көрсетілген адресатқа табыс етілген күн, ал өзге қаладағылар үшін - пошта кәсіпорнының мөртабанында көрсетілген жөнелту күні статистикалық есепті табыс ету күні болып саналады.
23. Статистикалық есепті статистикалық нысандарында көрсетілген мерзімдерде табыс етпеу оны табыс ету мерзімінің бұзылуы болып табылады.
24. Статистикалық есепте есептік деректерді дұрыс көрсетпеу оларды бұрмалау болып саналады, мейлі бұған лауазымды адамдар өз табыстарын жасыру және басқа да пайдакүнемдік мақсатпен жол берсін, мейлі есеп берулер жөніндегі қолданылып жүрген нұсқаулықтар мен әдістемелік нұсқауларды байқамай бұзу салдарынан жол берсін.
4. Бастапқы статистикалық ақпараттың
құпиялылығын қамтамасыз ету
25. Статистикалық есепті жинауды жүзеге асырушы уәкілетті органдар:
мәліметтердің таралымы шектеулі деректері бар құжаттармен жұмыс істеу тәртібін әзірлеп, бекітеді;
есеп беруші бірліктерден алынған барлық бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
26. Статистикалық есептің көрсеткіштерін, соның ішінде коммерциялық құпиялылықты құрайтындарын да, есеп беретін бірліктер белгіленген тәртіпке сәйкес табыс етеді.
27. Есеп беретін бірліктер статистикалық ақпаратты мемлекеттік және әскери құпияны сақтауды қамтамасыз ететін тәртіппен табыс етеді.
5. Статистикалық есепті табыс ету тәртібінің
бұзылуы туралы істерді (істер жөніндегі өндірісті) қарау тәртібі
28. Қазақ КСР-інің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (193-4, ..., 193-7, 237-6 баптары) және басқа заңдық актілерге сәйкес есеп беретін есептік бірліктердің басшылары мен статистикалық есептеріне қол қоятын басқа да лауазымды адамдары статистикалық есепті табыс ету тәртібін бұзғаны үшін қолданылып жүрген заңдарға сәйкес әкімшілік және өзге де жауапкершілікке тартылады.
29. Мемлекеттік статистикалық есепті табыс ету тәртібінің бұзылу, сондай-ақ оны табыс етпеу фактілері анықталған жағдайда мемлекеттік статистикалық есепті жинайтын органдар әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар (N 1 қосымша) жасайды және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы
іс жөнінде қаулы (N 2 қосымша) шығарады. Хаттамалар мен қаулылар есепке алу журналында (N 3 қосымша) тіркеледі. 30. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жөніндегі іс жүргізу тәртібі Қазақ КСР-інің Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексімен және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерімен анықталады. Заң қызметі басқармасы бастығының орынбасары
Қазақстан Республикасында
Статистикалық есепті табыс ету тәртібіне N 1 қосымша
_____________________________________
мемлекеттік статистика органының атауы
Статистикалық есепті табыс ету тәртібін
бұзу-әкімшілік құқық бұзушылық туралы ХАТТАМА "____"________________200 ж. ________________________________ хаттама жасалған орын ______________________________________________________________________ хаттама жасаған адамның тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орыны тексеруде_____________________________________________________________ тәртіп бұзудың нақты құрамы, оның жасалған орыны, ______________________________________________________________________ кезеңі, уақыты ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ Тәртіп бұзушылықтар___________________________________________________ бұзылған нормативтік актілер мен оның тармақтарының нөмірлері ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ Аталған заң бұзушылыққа жол берген____________________________________ тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы ______________________________________________________________________ тәртіп бұзушының жұмыс орыны, тұратын мекен-жайы ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ Тәртіп бұзушыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 261 бабында көзделген оның құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Тәртіп бұзушының түсніктемесі________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ Істі шешуге қажетті өзге де мәліметтер________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________ "____"_______________2000 ж. сағат____де осы хаттама бойынша істің тыңдалатыны туралы тәртіп бұзушы хабарланған. ______________________________________________________________________ хаттама жасаушы адамның лауазымы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты, ______________________________________________________________________ тәртіп бұзушының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты Хаттаманың 2-данасын алдым____________________________________________ Кәсіпорын басшысының немесе құқық бұзған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, қолы Ескерту: Егер құқық бұзушы осы хаттамаға қол қоюдан бас тартса, онда бұл жағдай туралы жазылады. Хаттамаға қол қоюдан бас тарту істі одан әрі жүргізуді тоқтатуға негіз бола алмайды. Құқық бұзушы адам хаттаманың мазмұны жөнінде түсініктеме береді не қарсы пікір айта алады. Сондай-ақ қол қоюдан өзінің бас тартуы дәлелін жазуы мүмкін (бұл құжаттар хаттаманың әрбір данасына қосылады).
Қазақстан Республикасында
Статистикалық есепті табыс ету тәртібіне N 2 қосымша
_____________________________________
мемлекеттік статистика органының атауы
Статистикалық есепті табыс ету тәртібін
бұзу-әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша ҚАУЛЫ "____"______________200__ж. ____________________қаласы қаулы шығарылған жер Мен,__________________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты, облыстық (қалалық) статистика органы басшысының, аудандық, қалалық, статистика органы басшысының лауазымы "____"______________N____ хаттамасын және оған қосылған статистикалық есепті табыс ету тәртібін бұзу туралы қосымша материалдарды қарап, жұмыс істейтін____________________________________________________ _____________________________________________________________________ жұмыс орыны, лауазымы анықтады_____________________________________________________________ қаралған кезде белгіленген тәртібінің нақты бұзылуы _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы", "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарын және Қазақстан Республикасының басқа да заңдық актілерін басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ 1. Тәртіп бұзғаны_________________________________________________ бұзылған баптың, тармақтың нөмірі, заңдық және _____________________________________________________________________ басқа да нормативтік актілердің атауы бойынша _____________________________________________________________ тәртіп бұзушының тегі, аты, әкесінің аты ______________ теңге сомасында айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жазаға тартылсын. Айыппұл 15 күн мерзім ішінде төленуге жатады (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 293 бабы). ______________________ _________________________ лауазымы тегі, аты, әкесінің аты М.О. Қаулыны алдым_______________________________________________ тәртіп бұзушының тегі, аты, әкесінің аты, қолы Айыппұл салу туралы бұл қаулыға жоғары тұрған органға (жоғары лауазымды адамға) немесе аудандық (қалалық) сотқа қаулыны шығарып және оның көшірмесін айыппұл төлеушінің қолына берген күннен бастап 10 күннің ішінде шағымдануына болады.
Қазақстан Республикасында
Статистикалық есепті табыс ету тәртібіне N 3 қосымша
Есеп беру тәртібін бұзу-әкімшілік құқық
бұзушылық туралы хаттамалар мен қаулыларды есепке алу ЖУРНАЛЫ _____________________________________ мемлекеттік статистика органының атауы _____________________________________________________________________ Рет Хаттама Хатта. Тәртіп. Тәртіп Қаулы Қаулының Төленген сан N және маны бұзушы. бұзу шығар. мазмұны күні, кіріс нө. оның кім ның тегі, түрі ылған (айыппұл ордері, мірі жасал. жаса. аты,мекен күні, сомасы) түбіртегінің ған ды -жайы, жұ. нөмірі N және басқа күні мыс орыны лауазымы _____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 7 8 _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Статистика органының басшысы журналды тігеді, мөрмен бекітіп, қол қояды. таблицаның жалғасы ___________________________________ Еріксіз өндіріп Ақпараттың алу үшін түскен күні қаулы қайда, және N қашан жіберілді, алынған қарар мекен-жайы ___________________________________ 9 10 ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.