Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1982 жылғы 26 қаңтардағы N 38 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 маусымдағы N 897 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 279 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.03.21  N 279 Қаулысымен.

      "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақ ССР-інің республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері туралы" Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1982 жылғы 26 қаңтардағы N 38 қаулысына (Қазақ ССР ҚЖ, 1982 ж., N 5, 23-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақ ССР-інің республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміндегі:
      "Маңғышлақ облысы" бөліміндегі "Маңғышлақ" сөзі "Маңғыстау" деген сөзбен ауыстырылсын және мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     "Жер астындағы               Ералы ауданы,
     Бекет-Ата мешіті             Сенек кенішінен
     XVIII ғасыр                  85 км жерде         тарих".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі