Қырғыз Республикасының Премьер-Министрi А.М.Мұралиевтiң Қазақстан Республикасына 2000 жылғы 21 қаңтардағы жұмыс сапары және қазақстан-қырғыз бiрлескен үкiметаралық комиссиясының 1-ші мәжiлiсi барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды iске асыру жөнiндегi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 8 маусым N 872

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      1) 2-тармақ алынып тасталсын; 
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ережеде: 
      11-тармақ мынадай мазмұндағы он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын: 
      "шетел ұйымдары алдында берешек мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссия шеңберінде шетелдік кредиторлардың талаптарына құқықтық сараптама жүргізу; 
      халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдардан, донор елдерінен қаржылық және техникалық көмекті тартуға және пайдалануға байланысты құқықтық мәселелерді белгіленген тәртіппен келісу"; 
      12-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қазақстан Республикасының үкіметтік заемдары мен мемлекеттік кепілдіктері бойынша заңгерлік бағалау (Legal орiniоn);";
      12-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) шетелдік ұйымдар алдындағы берешек мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссия шеңберінде қазақстандық заңды тұлғалардың шетелдік кредиторлар алдындағы берешектерінің сипатын анықтау;
      құқықтық құрамдастарды пайдаланудың басымдықтарын анықтауда халықаралық донорлық көмекті үйлестіру.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі