Жалақы төлеу және әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешектерді өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 6 маусым N 862

      "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 қарашадағы Z990473_ Заңының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған 1999 жылы республикалық бюджеттен қаржыландырылған мемлекеттік мекемелердің республикалық бюджеттен жүзеге асырылған жалақы төлеу және әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешектерін өтеудің ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және басқа да республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоғарыда көрсетілген Ережеге сәйкес кредиторлық берешектер туралы есептерді

уақытылы ұсынуды қамтамасыз етсін.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.
     4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                       Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                            2000 жылғы 6 маусымдағы 
                                                N 862 қаулысымен
                                                   бекітілген 
     
           1999 жылы республикалық бюджеттен қаржыландырылған 
        мемлекеттік мекемелердің республикалық бюджеттен жүзеге 
        асырылған жалақы төлеу және әлеуметтік төлемдер бойынша 
                    кредиторлық берешектерін өтеудің 
                                  Ережесі
     
                            1. Жалпы ережелер
     
      1. Осы Ереже 1999 жылы республикалық бюджеттен қаржыландырылған мемлекеттік мекемелердің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген соманың шегінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылған жалақы төлеу және әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешектерін өтеудің тәртібін реттейді.
      2. Мынадай төлемдер бойынша және мынадай басымдылықтағы кредиторлық

берешектер өтеуге жатады:
     1) жалақы;
     2) әскери қызметшілер мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің 
қатарынан Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік 
төлемдер;
     3) жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақы.
     
               2. Жалақы төлеу бойынша кредиторлық берешектерді
                                өтеудің тәртібі
     
      3. Мемлекеттік мекемелердің жалақыны төлеу бойынша кредиторлық берешектері (бұдан әрі - жалақыны төлеу бойынша кредиторлық берешек) негізгі жалақы, қосымша ақшалай төлемдер және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер бойынша өтемақылық төлемдер бойынша кредиторлық берешектерді қамтиды.
      4. 1999 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша пайда болған және 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген жалақы бойынша кредиторлық берешек өтеуге жатады.
      5. Мемлекеттік мекеме 1999 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептелген және 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төленбеген жалақыны есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттар деректерінің негізінде 1-қосымшаға сәйкес 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешек туралы екі данада есеп жасайды және 2000 жылдың 1 тамызына дейін мерзімде бір данасын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне (бұдан әрі - бағдарламалардың әкімшісі) ұсынады, екіншісі мемлекеттік мекеменің ісінде қалады.
      6. Бағдарламалардың әкімшісі алынған есептердің негізінде 2-қосымшаға сәйкес 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жалақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешек туралы жиынтық есеп жасайды және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне (бұдан әрі - Қаржы министрлігі) ұсынады.
      7. Қаржы министрлігі жалақы төлеу бойынша кредиторлық берешек туралы жиынтық есептің негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жалақы төлеу бойынша кредиторлық берешекті өтеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
      8. Қаржы министрлігі жалақы төлеу бойынша кредиторлық берешекті өтеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландырудың лимиттерін ашады.
      9. Бағдарламалардың әкімшісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы мемлекеттік мекеменің жалақы төлеу бойынша кредиторлық берешегі туралы есепте көрсетілген соманың шегінде мемлекеттік мекемеге жалақы төлеу бойынша кредиторлық берешекті өтеуге рұқсат жазып береді.
      10. Мемлекеттік мекеме бағдарламалардың әкімшісі берген рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жалақыны төлеуді жүргізеді.

               3. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне
                       әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық
                               берешекті өтеудің тәртібі

      11. 1999 жылғы 1 қаңтарда қалыптасқан және 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген әскери қызметшілер мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатарынан Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешек (бұдан әрі - ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер), оның ішінде төлемдердің мына түрлері бойынша:
      Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне бензин сатып алуға және жеке автокөліктеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шығыстардың өтемақысы;
      өздеріне тиесілі көлік құралдарын алмаған Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне көліктік қызмет көрсету үшін өтемақы;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне жылына төрт айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне санаториялық-курорттық емдеу үшін өтемақы;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерін жерлеуге арналған жәрдемақы;
      Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне жылына бір рет темір жол, әуе, су және қалааралық автомобиль көлігімен жүруге байланысты шығыстардың өтемақысы;
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің зейнетақысына айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы өтеуге жатады.
      12. Облыстық, Астана және Алматы қалалық ішкі істер басқармасы және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери комиссариаттары (бұдан әрі - ішкі істер басқармасы, әскери комиссариат) 1999 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тағайындалған және 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төленбеген Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің әлеуметтік төлемдерін есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттардың деректерінің негізінде 3-қосымшаға сәйкес 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешек туралы есепті екі данада жасайды және бір данасын 2000 жылдың 1 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне және Қорғаныс министрлігіне ұсынады, екіншісі ішкі істер басқармасының, әскери комиссариаттың ісінде қалады.
      13. Әскери комиссариат есептің негізінде Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешекті бухгалтерлік есепте көрсетеді.
      14. Министрліктер алынған есептердің негізінде 4-қосымшаға сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тұрғысында 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдері бойынша кредиторлық берешек туралы жиынтық есеп жасайды және Қаржы министрлігіне ұсынады.
      15. Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешекті өтеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
      16. Қаржы министрлігі Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешек туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен министрліктерге қаржыландыру лимиттерін ашады.
      17. Министрліктер Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешекті өтеуге арналған қаржыландыру лимиттерін алған кезде ішкі істер басқармаларына, әскери комиссариаттарға олар ұсынған есептерге сәйкес көрсетілген кредиторлық берешекті өтеуге рұқсат жазып береді.
      18. Ішкі істер басқармасы, әскери комиссариат Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне қаражатты дербес шоттарға есептеу туралы (екінші деңгейдегі банктердің деректемелерін көрсете отырып) өтінішті ішкі істер басқармасына, әскери комиссариатқа ұсынудың қажеттігі туралы жазбаша хабарлама жібереді.
      19. Ішкі істер басқармасы, әскери комиссариат аталған әлеуметтік төлемдерді алушылардың тізімдерін қоса беру арқылы бюджеттік шоттан Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне дербес шоттар ашылған екінші деңгейдегі банктерге төлем тапсырмасымен ақша сомасын аударады.
      20. Ақшаны дербес шоттарға есептеу жөніндегі шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

              4. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу жөніндегі
                     кредиторлық берешекті өтеудің тәртібі

      21. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменттері (бұдан әрі - еңбек департаменті (басқармасы) 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төленбеген жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны есепке алу және төлеу жөніндегі бастапқы құжаттар деректерінің негізінде 5-қосымшаға сәйкес 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу жөніндегі кредиторлық берешек туралы екі данада есеп жасайды және 2000 жылдың 1 тамызына дейін мерзімде бір данасын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) ұсынады, екіншісі еңбек департаментінің (басқармасының) ісінде қалады.
      22. Еңбек департаменті (басқармасы) есептің негізінде жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті бухгалтерлік есепте көрсетеді.
      Көрсетілген кредиторлық берешек республикалық бюджеттің берешегі болып табылады. Осы берешек бойынша міндеттемелерді орындау Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктеледі.
      23. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алынған есептердің негізінде:
      Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының Тарату комиссиясымен бірге жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті салыстыру актісін;
      облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тұрғысында 6-қосымшаға сәйкес 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу жөніндегі кредиторлық берешек туралы жиынтық есеп жасайды.
      Салыстыру актісі бойынша берешектің жалпы сомасы Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының шығыстар сметасының орындалу балансында (аралық тарату балансы) көрсетілген жұмыссыздық бойынша жәрдемақы берешегінің сомасынан аспауы тиіс.
      24. Жиынтық есеп пен Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының шығыстар сметасының орындалу балансы сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының Тарату комиссиясы жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті қабылдап алу-беру актісін жасайды.
      Жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті қабылдап алу-беру актісі мен жиынтық есептің негізінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті бухгалтерлік есепте көрсетеді.
      25. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қаржы министрлігіне жиынтық есеп береді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті өтеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
      26. Қаржы министрлігі жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті өтеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін қаржыландыру лимитін ашады.
      27. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жәрдемақыны төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті өтеуге арналған қаржыландыру лимиттерін алған кезде облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша төлемдердің сомасын айқындайды және еңбек департаменттеріне (басқармаларына) рұқсат жазып береді.
      28. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеудің кезектілігін еңбек департаменті (басқармасы) жәрдемақыны есептеу аяқталған күн бойынша хронологиялық тәртіппен белгілейді.
      29. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық бөлімшесі жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті өтеуді қаржыландыру үшін еңбек департаментінің (басқармасының) орналасқан жері бойынша оған N 120 "Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің шығыстары" бюджеттік шотын ашады.
      30. Еңбек департаменті (басқармасы) жұмыссыз азаматтарға жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу үшін еңбек департаментіне (басқармасына) дербес шоттарға қаражатты есепке алу туралы өтініштер (екінші деңгейдегі банктің деректемелерін көрсете отырып) ұсынудың қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
      31. Еңбек департаменті (басқармасы) бюджеттік шоттан төлем тапсырмасымен жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алушыларға дербес шоттар ашылған екінші деңгейдегі банкке ақша сомасын аударады.
      32. Дербес шоттарға ақшаны есепке алу жөніндегі шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

                         5. Есеп және есептілік

      33. Кредиторлық берешекті өтеудің есебі Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
      34. Бюджеттік шот бойынша көшірме алынғаннан кейін мемлекеттік мекеме он күн мерзімде 7-қосымшаға сәйкес жалақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті өтеу туралы есеп жасайды және бағдарламалардың әкімшісіне ұсынады.
      35. Бағдарламалардың әкімшісі барлық облыстардан есептер алғаннан кейін бір апта мерзімде 8-қосымшаға сәйкес жалақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті өтеу туралы жиынтық есеп жасайды және Қаржы министрлігіне ұсынады.
      36. Бюджеттік шот бойынша үзінді көшірме алғаннан кейін ішкі істер басқармасы, әскери комиссариат он күн мерзімде 9-қосымшаға сәйкес Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешекті өтеу туралы есеп жасайды және жоғары тұрған министрлікке ұсынады.
      37. Министрліктер барлық облыстардан есептерді алғаннан кейін бір апта мерзімде 10-қосымшаға сәйкес Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер бойынша кредиторлық берешекті өтеу туралы жиынтық есептер жасайды және Қаржы министрлігіне ұсынады.
      38. Бюджеттік шот бойынша үзінді көшірме алғаннан кейін еңбек

департаменті (басқармасы) он бес күн мерзімде 11-қосымшаға сәйкес 
жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті өтеу 
туралы есеп жасайды және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 
министрлігіне ұсынады.
     39. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі барлық 
облыстардан есептерді алғаннан кейін бір апта мерзімде 12-қосымшаға  
сәйкес жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті 
өтеу туралы жиынтық есеп жасайды және Қаржы министрлігіне ұсынады.
     
                             6. Жауаптылық
     
     40. Мемлекеттік органдардың басшылары мен Мемлекеттік жұмыспен 
қамтуға жәрдемдесу қоры Тарату комиссиясының мүшелері Қазақстан 
Республикасының заңнамасына сәйкес мәліметтердің уақытылы ұсынылуы, 
есептерде қамтылған деректердің дұрыстығы үшін жауаптылықта болады.
     
                                                               1-қосымша
     
___________________________________________________
(Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі)

                  2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
            жалақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешек туралы
                                  Есеп     
     
     Мемлекеттік мекеменің атауы ____________________ Коды ____________
     
---------------------------------------------------------------------------
           Бюджеттік           !     Атауы    !  Алушылардың   !  Сомасы
      сыныптаманың кодтары     !              !  саны (адам)   !  (теңге) 
-------------------------------!              !                !
функц. топ!Бағ.!Кіші бағ.!Ерек.!              !                !
          !дар.!дарлама  !шелік!              !                !
          !лама!         !     !              !                !
---------------------------------------------------------------------------
    1     !  2 !    3    !  4  !      5       !        6       !     7    
---------------------------------------------------------------------------
                           111
                           112
                           113
Жиыны:
---------------------------------------------------------------------------
     Кредиторлық берешектің барлық сомасы___________теңге__________________
                                           (санмен)        (жазумен сомасы)
     ____________________________________________
     
     Мемлекеттік мекеменің                                                 
          басшысы           __________________      __________________
                                (қолы)             (аты-жөні, лауазымы)
     Қаржылық қызметтің
          басшысы           __________________      ___________________
                                (қолы)             (аты-жөні, лауазымы)
                                               МО
     
                                                                 2-қосымша
     
                  2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
            жалақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешек туралы
                            Жиынтық есеп

_________________________________________________________   Коды _________
(Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы)    
     
---------------------------------------------------------------------------
           Бюджеттік           !     Атауы    !  Алушылардың   !  Сомасы
      сыныптаманың кодтары     !              !  саны (адам)   !  (теңге) 
-------------------------------!              !                !
функц. топ!Бағ.!Кіші бағ.!Ерек.!              !                !
          !дар.!дарлама  !шелік!              !                !
          !лама!         !     !              !                !
---------------------------------------------------------------------------
    1     !  2 !    3    !  4  !      5       !        6       !     7    
---------------------------------------------------------------------------
                           111
                           112
                           113
Жиыны:
---------------------------------------------------------------------------
     Кредиторлық берешектің барлық сомасы___________теңге__________________
                                           (санмен)        (жазумен сомасы)
     ____________________________________________
     
     Республикалық бюджеттік                                               
     бағдарламалар
     әкімшісінің басшысы    __________________      __________________
                                (қолы)             (аты-жөні, лауазымы)
     Қаржы бөлімшесінің
          басшысы           __________________      ___________________
                                (қолы)             (аты-жөні, лауазымы)
                                               МО
     
                                                                 3-қосымша
     
__________________
  (министрлік)   

                   2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
          ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер
                 жөніндегі кредиторлық берешекті өтеу туралы
                                    Есеп

Атауы __________________________________________________________________
      (ішкі істер басқармасы, облыстар, Астана және Алматы қалалары        
       бойынша әскери комиссариаттар)      
---------------------------------------------------------------------------
 N !               Атауы                       ! Алушылардың  !  Сомасы
р/р!                                           ! саны (адам)  !  (теңге)   
---------------------------------------------------------------------------
 1 !                    2                      !       3      !      4
---------------------------------------------------------------------------
    І. ҰОС-ның мүгедектеріне бензинге және жеке 
    автокөліктеріне техникалық қызмет көрсетуге
    жұмсалатын шығыстардың өтемақысы бойынша    
    ІІ. Өздеріне тиесілі көлік құралдарын 
    алмаған ҰОС-ның мүгедектеріне көліктік 
    қызмет көрсету үшін өтемақы бойынша 
    ІІІ. ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектеріне 
    4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір 
    жолғы жәрдемақы 
    IV. ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектеріне 
    санаторлық-курорттық емдеу үшін өтемақы 
    V. ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектерін 
    жерлеуге арналған жәрдемақы             
    VІ. ҰОС-ның мүгедектеріне жылына бір рет
    темір жол, әуе, су және халықаралық    
    автокөлікте жүруге байланысты шығыстардың
    өтемақысы
    VII. ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектерінің
    зейнетақысына айлық есептік көрсеткіш 
    мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы 
                    Жиыны:
---------------------------------------------------------------------------
     
     Кредиторлық берешектің барлық сомасы___________теңге__________________
                                           (санмен)        (жазумен сомасы)
     ____________________________________________
     
     Ішкі істер басқармасының,
     әскери комиссариаттың
            басшысы             __________________      __________________
                                    (қолы)             (аты-жөні, лауазымы)
     Қаржылық қызметтің
          басшысы               __________________      ___________________
                                    (қолы)             (аты-жөні, лауазымы)
                                                   МО
     
                                                                 4-қосымша

                   2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
          ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер
                 жөніндегі кредиторлық берешекті өтеу туралы
                                Жиынтық есеп
     
__________________
  (министрлік)        

---------------------------------------------------------------------------
 N !               Атауы                       ! Алушылардың  !Берешектің
р/р!  (облыстар, Астана және Алматы қалалары)  ! саны (адам)  !  сомасы 
   !                                           !              !(мың теңге)

                    Барлығы:
---------------------------------------------------------------------------
          
     Кредиторлық берешектің барлық сомасы___________теңге__________________
                                           (санмен)        (жазумен сомасы)
     ____________________________________________
     
     Министрліктің басшысы  __________________      __________________
                                (қолы)             (аты-жөні, лауазымы)
     Қаржы бөлімшесінің
          басшысы           __________________      ___________________
                                (қолы)             (аты-жөні, лауазымы)
                                               МО
     
                                                                 5-қосымша

                   2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
                     жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу                   
                    жөніндегі кредиторлық берешек туралы
                                   Есеп

Еңбек департаментінің (басқармасының) атауы ______________________________ 
                              (облыс, Астана және Алматы қалалары бойынша) 
---------------------------------------------------------------------------
 N !Жәрдемақы алушының!Үйінің мекен-жайы!Тіркелгені туралы! Кезеңі! Сомасы
р/р!    аты-жөні      !                 !    деректер     ! (айы, !(теңге) 
   !                  !                 !-----------------!  жылы)!
   !                  !                 !   N    !  күні  !
---------------------------------------------------------------------------
 1 !        2         !        3        !    4   !    5   !   6   !   7   
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
     Жиыны:
---------------------------------------------------------------------------
     
     Кредиторлық берешектің барлық сомасы___________теңге__________________
                                           (санмен)        (жазумен сомасы)
     ____________________________________________
     
     Еңбек департаментінің
     (басқармасының) бастығы    __________________      __________________
                                    (қолы)             (аты-жөні, лауазымы)
     Қаржылық қызметтің
          басшысы               __________________      ___________________
                                    (қолы)             (аты-жөні, лауазымы)
                                                    МО     
     
                                                                 6-қосымша

                   2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
                     жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу                   
                    жөніндегі кредиторлық берешек туралы
                                Жиынтық есеп

Еңбек департаментінің (басқармасының) атауы ______________________________ 
                               
---------------------------------------------------------------------------
 N !              Атауы                    ! Жәрдемақы !Кезеңі!Берешектің 
р/р!(облыстар, Астана және Алматы қалалары)!алушылардың!(айы, !  сомасы    
   !                                       !саны (адам)! жылы)!(мың теңге)
---------------------------------------------------------------------------
 1 !                  2                    !     3     !   4  !      5    
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
     Жиыны:
---------------------------------------------------------------------------
     
     Кредиторлық берешектің барлық сомасы___________теңге__________________
                                           (санмен)        (жазумен сомасы)
     ____________________________________________
     
     Қазақстан Республикасы Еңбек 
     және халықты әлеуметтік қорғау 
     министрлігінің басшысы     __________________      __________________
                                    (қолы)             (аты-жөні, лауазымы)
     Қаржы бөлімшесінің
          басшысы               __________________      ___________________
                                    (қолы)             (аты-жөні, лауазымы)
                                                    МО     
   
                                                                 7-қосымша
     
         Жалақы төлеу жөніндегі кредиторлық берешекті өтеу туралы
                                  Есеп     
     
2000 жылғы "____"_____________                     

Мемлекеттік мекеменің атауы ____________________ Коды ____________
     
---------------------------------------------------------------------------
           Бюджеттік           !Атауы!Алушылардың!          Сомасы
      сыныптаманың кодтары     !     !саны (адам)!-------------------------
-------------------------------!     !           !берешектің! өтеу  !өтеуді
функц. топ!Бағ.!Кіші бағ.!Ерек.!     !           !  (теңге) !(теңге)!ескер.
          !дар.!дарлама  !шелік!     !           !          !       !генде.
          !лама!         !     !     !           !          !       !гі
          !    !         !     !     !           !          !       !қалдық
          !    !         !     !     !           !          !       (теңге)
          !    !         !     !     !           !          !       !(7-8- 
          !    !         !     !     !           !          !       баған. 
          !    !         !     !     !           !          !       !дар)
---------------------------------------------------------------------------
    1     !  2 !    3    !  4  !  5  !     6     !     7    !   8   !   9  
---------------------------------------------------------------------------
                           111
                           112
                           113
Жиыны:
---------------------------------------------------------------------------
     
     Мемлекеттік мекеменің                                                 
          басшысы           __________________      __________________
                                (қолы)             (аты-жөні, лауазымы)
     Қаржылық қызметтің
          басшысы           __________________      ___________________
                                (қолы)             (аты-жөні, лауазымы)
                                               МО
     
                                                                 8-қосымша
     
         Жалақы төлемдері бойынша несиелік берешектерді өтеу туралы
                               жиынтық есеп     
     
2000 жылғы "____"_____________                     

__________________________________________________________   Код _________
(Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің атауы)    

---------------------------------------------------------------------------
           Бюджеттік           !Атауы!Алушылардың!          Сомасы
        сыныптама коды         !     !саны (адам)!-------------------------
-------------------------------!     !           !берешектер! өтеу  !өтеуді
функц. топ!Бағ.!Кіші бағ.!Ерек.!     !          !(мыңтеңге) !(мың   !ескер.
          !дар.!дарлама  !шелік!     !           !          !теңге) !генде.
          !лама!         !     !     !           !          !       !гі
          !    !         !     !     !           !          !       !қалдық
          !    !         !     !     !           !          !       !(мың
          !    !         !     !     !           !          !       !теңге)
          !    !         !     !     !           !          !       !(7 б. 
          !    !         !     !     !           !          !       !-8 б.)
---------------------------------------------------------------------------
    1     !  2 !    3    !  4  !  5  !     6     !     7    !   8   !   9  
---------------------------------------------------------------------------
                           111
                           112
                           113
Жиыны:
---------------------------------------------------------------------------
     
     Республикалық бюджеттік
   бағдарламалар әкімшілерінің                                             
            басшысы             __________________      __________________
                                    (қолы)             (тегі, қызметі)
     Қаржы бөлімшесінің
          басшысы               __________________      ___________________
                                    (қолы)             (тегі, қызметі)
                                                    МО
     
                                                               9-қосымша
     
          ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер
                  бойынша несиелік берешектерді өтеу туралы
                                    Есеп

2000 жылғы "___"_____________
     
Атауы __________________________________________________________________
      (облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша ішкі істер            
       басқармасы, әскери комиссариаттар)      
---------------------------------------------------------------------------
 N !          Атауы           !Алушылардың!              Сомасы
р/р!                          !саны (адам)!--------------------------------
   !                          !           !берешектер! өтеу  !өтеуді ескер.
   !                          !           ! (теңге)  !(теңге)!гендегі қал. 
   !                          !           !          !       !дық (мың     
   !                          !           !          !       !теңге) 
   !                          !           !          !       !(4 б. - 5 б.)
---------------------------------------------------------------------------
 1 !           2              !     3     !     4    !   5   !      6
---------------------------------------------------------------------------
    І. ҰОС-ның мүгедектеріне 
    жанармай және жеке 
    автокөліктеріне техникалық 
    қызмет көрсету үшін шығыс.
    тарға өтемақы бойынша    
    ІІ. ҰОС-ның мүгедектеріне
    олардың тиесілі көлік 
    құралдарын алмағандарына
    көлік қызметін көрсету 
    үшін өтемақы бойынша 
    ІІІ. Жылына 4 айлық есептік 
    көрсеткіш мөлшерінде ҰОС-
    ның қатысушылар мен
    мүгедектеріне біржолғы 
    жәрдемақы 
    IV. ҰОС-на қатысушылар мен 
    мүгедектеріне санаторлық-
    курорттық емделу үшін 
    берілетін өтемақы 
    V. ҰОС-на қатысушылар мен 
    мүгедектерін жерлеуге 
    арналған жәрдемақы             
    VІ. ҰОС мүгедектеріне 
    жылына бір рет темір жол, 
    әуе, су және халықаралық    
    автокөлікпен жүру бойынша
    шығыстарына өтемақы
    VII. ҰОС-на қатысушылар мен 
    мүгедектерінің зейнетақыларына
    айлық есептік көрсеткіш 
    мөлшерінде ай сайынғы үстеме 
             Барлығы:
---------------------------------------------------------------------------
     
     Ішкі Істер басқармасының,                          
      әскери комиссариаттың
            басшысы             __________________      __________________
                                    (қолы)                (тегі, қызметі)
     Қаржы қызметінің
          басшысы               __________________      ___________________
                                    (қолы)                (тегі, қызметі)
                                                     МО
     
                                                               10-қосымша

          ҰОС-на қатысушылар мен мүгедектеріне әлеуметтік төлемдер
                  бойынша несиелік берешектерді өтеу туралы
                                 Жиынтық есеп
     
__________________                                   ______________
  (министрлік)                                           (күні)

---------------------------------------------------------------------------
 N ! Облыстардың, Астана      !Алушылардың!              Сомасы
р/р! және Алматы қалаларының  !саны (адам)!--------------------------------
   !        атауы             !           !берешектер! өтеу  !өтеуді ескер.
   !                          !           !(мың теңге)(мың   !гендегі қал. 
   !                          !           !          !теңге) !дық (мың     
   !                          !           !          !       !теңге) 
   !                          !           !          !       !(4 б. - 5 б.)
---------------------------------------------------------------------------
 1 !           2              !     3     !     4    !   5   !      6
---------------------------------------------------------------------------
    І. ҰОС-ның мүгедектеріне 
    жанармай және жеке 
    автокөліктеріне техникалық 
    қызмет көрсету үшін шығыс.
    тарға өтемақы бойынша
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
     Жиыны:
---------------------------------------------------------------------------
    ІІ. ҰОС-ның мүгедектеріне
    олардың тиесілі көлік 
    құралдарын алмағандарына
    көлік қызметін көрсету 
    үшін өтемақы бойынша
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
     Жиыны:
---------------------------------------------------------------------------
    ІІІ. Жылына 4 айлық есептік 
    көрсеткіш мөлшерінде ҰОС-
    ның қатысушылар мен
    мүгедектеріне біржолғы 
    жәрдемақы 
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
     Жиыны:
---------------------------------------------------------------------------
    IV. ҰОС-на қатысушылар мен 
    мүгедектеріне санаторлық-
    курорттық емделу үшін 
    берілетін өтемақы 
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
     Жиыны:
---------------------------------------------------------------------------
    V. ҰОС-на қатысушылар мен 
    мүгедектерін жерлеуге 
    арналған жәрдемақы             
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
     Жиыны:
---------------------------------------------------------------------------
    VІ. ҰОС мүгедектеріне 
    жылына бір рет темір жол, 
    әуе, су және халықаралық    
    автокөлікпен жүру бойынша
    шығыстарына өтемақы
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
     Жиыны:
---------------------------------------------------------------------------
    VII. ҰОС-на қатысушылар мен 
    мүгедектерінің зейнетақыларына
    айлық есептік көрсеткіш 
    мөлшерінде ай сайынғы үстеме 
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
     Жиыны:
---------------------------------------------------------------------------
             Барлығы:
---------------------------------------------------------------------------
     
     Министрлік басшысы         __________________      __________________
                                    (қолы)                (тегі, қызметі)
     Қаржы бөлімшесінің
          басшысы               __________________      ___________________
                                    (қолы)                (тегі, қызметі)
                                                     МО
  
                                                               11-қосымша
     
             Жұмыссыздарға жәрдемақы төлеу бойынша әлеуметтік
              төлемдердің несиелік берешектерін өтеу туралы
                                   Есеп
     
2000 жылғы "___"____________     

Еңбек басқармасының атауы ________________________________________________ 
                          (облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша) 
---------------------------------------------------------------------------
 N !Жәрдемақы алушының!Тіркеу туралы !Дербес !   Сомасы (теңге) !  Өтеуді
р/с!    аты-жөні      !   деректер   !шотының!------------------!ескерген.
   !                  !--------------!   N   !берешектер! өтеу  !дегі қал.
   !                  !  N   ! күні  !       !          !       !дық (мың
   !                  !      !       !       !          !       !теңге)
   !                  !      !       !       !          !       !(6 б. - 
   !                  !      !       !       !          !       ! 7 б.)    
---------------------------------------------------------------------------
 1 !        2         !  3   !   4   !   5   !    6     !   7   !    8   
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
     Жиыны:
---------------------------------------------------------------------------
     
     Еңбек департаментінің
     (басқармасының) басшысы    __________________      __________________
                                    (қолы)                (тегі, қызметі)
     Қаржы қызметінің
          басшысы               __________________      ___________________
                                    (қолы)                (тегі, қызметі)
                                                     МО    

                                                                12-қосымша
     
             Жұмыссыздарға жәрдемақы төлеу бойынша әлеуметтік
              төлемдердің несиелік берешектерін өтеу туралы
                              Жиынтық есеп
     
2000 жылғы "___"____________     
---------------------------------------------------------------------------
 N !Облыстардың,      ! Алушылардың  !           Сомасы                    
р/с!Астана және       ! саны (адам)  !-------------------------------------
   !Алматы қалаларының!              !берешектер !   өтеу    !өтеуді ескер.
   !      атауы       !              !(мың теңге)!(мың теңге)!гендегі қал.
   !                  !              !           !           !дық (мың
   !                  !              !           !           !теңге)
   !                  !              !           !           !(4 б.- 5 б.) 
---------------------------------------------------------------------------
 1 !        2         !      3       !     4     !     5     !      6     
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
     Жиыны:
---------------------------------------------------------------------------
     
     Қазақстан Республикасы
     Еңбек және халықты әлеуметтік
     қорғау министрлігінің
           басшысы                   ______________      ________________
                                        (қолы)            (тегі, қызметі)
     Қаржы бөлімшесінің
          басшысы                    ______________      ________________
                                        (қолы)            (тегі, қызметі)
                                                     МО 
     
     Оқығандар: 
     Қасымбеков Б.А.
     Орынбекова Д.Қ.