Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Инжгеодезия" Алматы инженерлiк-геодезиялық iздестiру қазыналық кәсiпорыны, "Ғылыми-өндiрiстiк картографиялық және геоақпараттық жүйелер кәсiпорыны" қазыналық кәсiпорыны (Картақпарат ҒӨҚ)", "Талғаргеодезия" Талғар картографиялық-геодезиялық қазыналық кәсiпорыны, "Талдықорғангеодезия" Талдықорған топографиялық-геодезиялық қазыналық кәсiпорыны, оларды Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң "Қазгеокарт" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
"Қазгеокарт" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынының негiзгi мiндеттерi - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын делимитациялау және демаркациялау мақсатында кешендi далалық зерттеу Қазақстан Республикасының аумағында топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындау, сондай-ақ Каспий теңiзiнiң құқықтық мәртебесiн айқындау үшiн картографиялық-геодезиялық жұмыстардың өндiрiсi болып белгiленсiн.
2. "Жамбылгеодезия" Жамбыл картографиялық-геодезиялық қазыналық кәсiпорыны және "Шымкентгеодезия" Оңтүстiк Қазақстан топографиялық-геодезиялық қазыналық кәсiпорыны, оларды Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң "Оңтүстiкгеодезия" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынына қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
3. Мына республикалық мемлелеттiк қазыналық кәсiпорындар:
"Көкшетаугеодезия" Көкшетау картографиялық-геодезиялық қазыналық кәсiпорыны - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң "Солтүстiкгеодезия" қазыналық кәсiпорыны;
"Ақтөбегеодезия" Ақтөбе картографиялық-геодезиялық қазыналық кәсiпорыны - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң "Батысгеодезия" қазыналық кәсiпорыны;
"Ақмолатопогеодезия" Ақмола топографиялық-геодезиялық қазыналық кәсiпорыны - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң "Астанатопография" қазыналық кәсіпорыны;
"Семейгеодезия" Семей картографиялық-геодезиялық қазыналық кәсiпорыны - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң "Шығысгеодезия" қазыналық кәсiпорыны;
"Қазгеодезияның орталық картографиялық-геодезиялық қоры" (ОКГҚ) қазыналық кәсiпорыны - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң "Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры" қазыналық кәсiпорыны;
"Қарағандымаркшейдер" Қарағанды топографиялық-маркшейдерлiк қазыналық кәсiпорыны - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгiнiң "Орталықмаркшейдер" қазыналық кәсiпорыны болып қайта аталсын.
4. 2 және 3-баптарда көрсетiлген қайта ұйымдастырылған және атаулары өзгертiлген республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындардың негiзгi мiндеттерi - топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындау болып белгiленсiн.
5. 1, 2 және 3-тармақтарда көрсетiлген республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындардың мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттiк меншiк субъектiсiнiң құқығы функцияларын жүзеге асыратын органы болып - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi белгiленсiн.
6. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) қайта ұйымдастырылған және атауы өзгертiлген республикалық мемлекеттiк қазыналық кэсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн;
2) қайта ұйымдастырылған және атауы өзгертiлген республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындардың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн және қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі