Қазақстан Республикасында Бағдарламаларды әзірлеудің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 25 мамыр N 789.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.02.26. N 231 қаулысымен.

      Бағдарламаларды әзірлеуге бірыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында Бағдарламаларды әзірлеудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары бағдарламаларды әзірлеу кезінде осы Ережені басшылыққа алсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
2000 жылғы 25 мамырдағы      
N 789 қаулысымен        
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасында Бағдарламаларды әзiрлеудің ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасында бағдарламаларды әзiрлеуге бiрыңғай көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында әзiрлендi және бағдарламалардың жобаларын қалыптастыру ұғымдарын, ұйымдық-методологиялық негiздерiн, жалпы қағидаттарын, оларды әзiрлеудiң, келiсудiң және бекiтудiң, сондай-ақ олардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асырудың тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Бағдарламаларды Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдары және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар стратегиялық және индикативтiк жоспарларға сәйкес өмірдiң экономикалық, әлеуметтiк және басқа да салаларының неғұрлым маңызды проблемаларын шешу үшiн әзiрлейдi. Бағдарламалар, тек, егер онда баяндалған проблемаларды шешу тиісті мемлекеттік орган - әзірлеушінің құзыреті шеңберінде жүзеге асыру мүмкін емес жағдайда әзірленеді. <*>
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.12. N 426 қаулысымен .
      3. Бағдарламалар:
      1) өздерiнiң мәртебесi мен маңызы бойынша: мемлекеттiк, салалық(секторалдық) және аймақтық; <*>
      2) іске асыру мерзімдері бойынша: қысқа мерзімді (2 жылға дейін) және орта мерзімді (3 жылға дейін); <*>
      3) проблемалары бойынша: әлеуметтiк, экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық және тағы сол сияқты болып бөлiнедi.
      Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.12. N 426  қаулысымен .
      4. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) <*>
      2) индикативтiк жоспар - мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық даму саясатының негiзгi бағыттарын, жоспарланатын кезеңге арналған оларды iске асыру жөнiндегi iс-шараларды, елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының мақсатты көрсеткiштерiн (индикаторларын) және мемлекеттiк экономикалық реттегiштердiң тiзбесiн қамтитын құжат.
      Индикативтiк жоспарлар орын алып отырған проблемаларды кешендi түрде шешуге және стратегиялық мақсаттарға кезең-кезеңiмен қол жеткiзуге бағытталған, орта мерзiмдi және ағымдағы перспективаға арналған мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясатты айқындайды;
      3) бағдарлама - стратегиялық және индикативтік жоспарларға сәйкес елдiң, салалардың, аймақтардың экономикасын дамытудың және жекелеген қызмет салаларының нақты мақсаттарына қол жеткізуге, нақты проблемаларын шешуге бағытталған өзара байланысты ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтiк, қаржылық және техникалық шаралардың жиынтығы; <*>
      4) мемлекеттiк бағдарлама - Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен және республиканың бүкiл аумағында немесе басым бөлiгiнде iске асырылатын бағдарлама;
      5) салалық (секторалдық) бағдарлама - экономиканың жекелеген салаларының, олардың кiшi салаларының және секторларының даму проблемаларымен байланысты Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен бағдарлама; <*>
      6) аймақтық бағдарлама - аймақтық (аумақтық) маңызы бар проблемаларды шешуге бағытталған, мәслихаттар бекiткен бағдарлама;
      7) iс-шаралар жоспары - мерзiмдерiн, орындаушыларын, аяқтау нысандарын белгілеу арқылы бағдарламалық құжаттарды iске асыруға бағытталған нақты iс-қимылдардың жиынтығы. <*>
      Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.12. N 426 қаулысымен.
      5. Қазақстан Республикасында бағдарламалардың мынадай сатылары белгiленедi:
      1) мемлекеттiк бағдарлама;
      2) салалық(секторалдық) бағдарлама;
      3) аймақтық бағдарлама.
      Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.12. N 426 қаулысымен.
      5-1. Бағдарламалық іс-шараларды іске асыруға арналған, мемлекеттік, салалық (секторалдық) және аймақтық бағдарламаларда көзделген шығыстардың жалпы көлемі республикалық және жергілікті бюджеттердің үш жылдық кезеңге арналған болжамдық көрсеткіштері шеңберінде айқындалады. <*>
      Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.04.12. N 426 қаулысымен .
      6. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың бағдарламалар әзiрлеу жөнiндегi қызметiне әдiстемелiк басшылықты Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi жүзеге асырады. <*>
      Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.12. N 426 қаулысымен.

2. Тұжырымдама әзiрлеудiң негізгі қағидаттары <*>

      Ескерту. 2-бөлім алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.04.12. N 426 қаулысымен .

3. Мемлекеттік бағдарлама

      11. Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына сәйкес мемлекеттiк бағдарламаларды Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      12. Қазақстан Республикасының Үкiметi, егер ол жалпыұлттық сипаттағы неғұрлым маңызды мiндеттердi шешуге бағытталған жағдайда, салалық бағдарламаға мемлекеттiк мәртебесiн беру туралы Мемлекет басшысына ұсыныс енгiзе алады. <*>
      Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.12. N 426 қаулысымен.
      13. Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспарын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

4. Салалық (секторлық) бағдарлама

      14. Салалық (секторлық) бағдарлама салалық (секторлық) маңызы бар неғұрлым маңызды мiндеттердi шешуге бағытталған өзара байланысты шаралардың кешенiн айқындайды. <*>
      Ескерту. 14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.12. N 426 қаулысымен.
      5. Салалық(секторалдық) бағдарламаны орталық атқарушы органдар ұлттық компаниялармен және экономиканың тиiстi секторларында жұмыс iстеп тұрған мемлекеттiк ұйымдармен бiрлесiп әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      Ескерту. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.12. N 426 қаулысымен .

5. Аймақтық бағдарлама

      16. Аймақтық бағдарлама аймақтық (аумақтық) әлеуметтiк-экономикалық даму міндеттерiн шешуге бағытталған өзара байланысты шаралар кешенiн айқындайды.
      17. Аймақтық бағдарламаны облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімияттары әзiрлейдi. <*>
      Қазақстан Республикасы Конституциясының 86-бабына сәйкес аймақтық бағдарламаларды жергiлiктi өкiлдi органдар бекiтедi.
      Ескерту. 17-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.12. N 426 қаулысымен.

6. Мемлекеттiк, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларға қойылатын негізгі талаптар

      18. Бағдарламалар неғұрлым маңызды экономикалық, әлеуметтiк және басқа да мiндеттердi шешуге бағытталған өзара байланысты шаралар кешенiн айқындайды, мақсатты жiтi анықтауға негiзделедi және Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған даму Стратегиясында белгiленген экономикалық дамудың ұзақ мерзiмдi стратегиялық басымдықтарын ескере отырып, республикада тиiмдiлiгi жоғары ұлттық экономика жасау үшiн қойылған мақсатқа қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн, күтiлетiн нәтижелердi көрсету арқылы мерзімдері, ресурстары және орындаушылары бойынша келiсiлген iс-шаралардың жүйесiн қамтиды. <*>
      Ескерту. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.12. N 426 қаулысымен .
      19. Бағдарламалар:
      1) бағдарламаның нақты мақсаттарын, оларды iске асыру жолдарын жiтi айқындауға;
      2) бағдарламалық iс-шаралар мен тапсырмалардың атаулылығына, мерзiмдердi нақты белгiлеуге және оларды iске асырудың дәйектілiгiне, орындаушылар қызметiнiң бағдарламалық мақсаттарға қол жеткiзуге қатаң бағдарлануына;
      3) ұқсас бағдарламалармен келiсушiлiкке қол жеткiзуге;
      4) қаржы, адам және техникалық ресурстар мен оларды қамтамасыз ету көздерiнiң теңгерiмдiлiгiне негiзделген негiзгi нышандары болуы тиiс.
      20. Мынадай:
      1) негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштермен пайыздық қатынаста алынған шығындардың көлемiн күнi бұрын реттейтiн;
      2) тиiстi қаржы жылына бюджет қабылданғаннан кейiн оның кiрiстерiнiң азаюына және шығыстарының ұлғаюына әкелетiн бағдарламалардың қабылдануына;
      3) олар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылған жағдайда, қаржыландыру көздері мен мерзімдері бөлігінде бағдарламалық іс-шараларды қаржыландыру көлемі бойынша тиісті бюджеттік комиссиялардың оң қорытындысынсыз; <*>
      4) қолданыстағы бағдарламалардың мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ осы бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды қайталайтын. <*>
      Ескерту. 20-тармақ 3),4)-тармақшалармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.04.12. N 426 қаулысымен.
      21. Олардың iске асырылуы мемлекеттiк бюджет қаражаттарының есебiнен бiрнеше жыл бойы қаржыландыруды талап ететiн бағдарламалар, үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамдық көрсеткіштеріне сәйкес іс-шаралар, оларды іске асыру мерзімдері және қаржыландыру көздері бойынша қаржыландырудың болжамды көлемдерi туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс. <*>
      Ескерту. 21-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.12. N 426 қаулысымен .

7. Бағдарламаның құрылымы

      22. Бағдарламаның құрылымы мынадай бөлiмдердi қамтиды:
      1) паспорт (бағдарламаның негiзгi параметрлерi);
      2) кiрiспе;
      3) проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау;
      4) Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi;
      5) Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi;
      6) қажеттi ресурстар мен оларды қаржыландырудың көздерi;
      7) Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтиже;
      8) Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары.
      23. Паспортта iске асыру мерзiмiн көрсету арқылы осы Бағдарламаның атауы мен қысқаша мазмұнын қамтитын, Бағдарламаның негiзгi параметрлерi сипатталады.
      24. Кiрiспеде Бағдарламаны әзiрлеу үшiн негiздеменi, оны әзiрлеу алдындағы жәйттерiн көрсету қажет.
      25. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау мәселенiң сандық және сапалық сипаттамаларын, негiзгi экономикалық көрсеткiштерiн динамикада көрсетуi тиiс.
      Бұл ретте, осы проблеманың негiзгi параметрлерiн (күштi және әлсiз жақтарын) баса көрсету, оны шешудiң мүмкiн жолдарын, қаржыландыру көздерiнiң бар-жоғын көрсету қажет.
      Салалық ғылыми-техникалық бағдарламалар үшiн маркетингтiк зерттеулер жүргiзiлуi мүмкiн.
      26. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi айқын, нақты, бақыланатын және тексерiлетiн болулары тиiс.
      Бағдарламаның басты мақсаты елдiң ұзақ мерзiмдi даму Стратегиясына және елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары басшылыққа алынып қалыптастырылады.
      Бағдарламаның басты мақсаты кезеңдер бойынша жекелеген бағдарламалық мақсаттар мен мiндеттерге бөлiнедi (басты мақсатты проблемаларды құрылымдау және шағын бағдарламаларды бөлiп көрсету жолымен неғұрлым жекелеген мақсаттарға тәптiштеп бөлу арқылы).
      27. Дамудың негiзгi бағыттары мен құралдар тiзбесiмен, сондай-ақ қойылған мақсаттарға қол жеткiзу және алда тұрған мiндеттердi шешу жөнiндегi шаралармен, алдын ала қабылданған iс-әрекеттердiң iске асырылу дәрежесiн сипаттайтын индикативтiк көрсеткiштер бiрге жүредi.
      28. Бағдарламаның қаржыландыру көздерi: республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары, мемлекеттiк займдар, мемлекеттiк кепiлдiк арқылы тартылатын мемлекеттiк емес займдар, тiкелей шетелдiк және отандық инвестициялар, халықаралық қаржы ұйымдарының немесе донор елдердiң гранттары болуы мүмкiн.
      Бағдарламаға мемлекеттiк бюджеттен мемлекеттiк қолдау жүзеге асырылған жағдайда қаржыландырудың жылдар бойынша нақты көлемдерi, үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамдық көрсеткіштеріне сәйкес іс-шаралар және қаржыландыру көздері көрсетiлуi тиiс. <*>
      Салалық және аймақтық бағдарламалар бойынша несиелер және меншiктiң барлық нысандарындағы ұйымдардың өз қаражаты қаржыландыру көздерi ретiнде көзделуi мүмкiн.
      Ескерту. 28-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.12. N 426 қаулысымен.
      29. Бағдарламаны енгiзудегi күтiлiп отырған нәтиже проблеманы сипаттайтын бiрқатар маңызды көрсеткiштердiң болжамды есептерiнен және Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде қол жеткiзiлуi мүмкiн оң өзгерiстерден көрiнедi.
      30. Бағдарламаның қойылған мақсаттарына қол жеткiзу үшiн оны iске асыру жөнiнде iс-шаралар жоспары әзiрленуге тиiс. Осы Ереженің 13-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Іс-шаралар жоспары Бағдарламаның құрамдас бөлігі болып табылады және ресурстары, жауапты орындаушылары және жүзеге асыру мерзімдері (айы немесе тоқсаны және жылы) бойынша ұштастырылған Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттарымен келісілген ұйымдастыру, экономикалық, ғылыми-техникалық және басқа да іс-қимылдар кешенін білдіреді және 1-қосымшаға сәйкес нысанда әзірленеді. <*>
      Ескерту. 30-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.12. N 426 қаулысымен .

8. Бағдарламаларды әзiрлеудiң және бекiтудiң тәртiбi

      31. Бағдарламаны әзiрлеудiң және бекiтудiң келесi кезеңдерi бөлiп көрсетiледi:
      1) ұйымдастырылуы;
      2) ұсыныстар дайындау және Бағдарламаның жобасын қалыптастыру;
      3) Бағдарламаны келiсу және бекiту.
      32. Бағдарлама жобасын әзiрлеудiң ұйымдастыру кезеңiне:
      1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi шешiмiмен белгiленетiн, Бағдарламаны әзiрлеуге жауапты орталық немесе жергiлiктi атқарушы органды айқындау.
      Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң кесiмiмен мүдделi мемлекеттiк органдардың және мемлекеттiк емес ұйымдардың өкiлдерiнен құралған Бағдарламаны әзiрлеу жөнiндегi комиссия (жұмыс тобы) құрылады;
      2) орталық немесе жергiлiктi атқарушы орган басшысының, оларды кейiннен тең атқарушы-мемлекеттiк органдарға және ұйымдарға жiбере отырып, Құжаттар бағдарламасын (Бағдарламаны әзiрлеуді үйлестiру жоспарын, Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерiн, оның тұжырымдамалық көзқарастарын, Бағдарламаның негiзгi бөлiмдерiнiң құрылымын) әзiрлеу жөнiндегi жауапты орындаушыны бекiтуi кiредi.
      33. Ұсыныстар дайындау және Бағдарламаны қалыптастыру кезеңi:
      1) Бағдарламаны тең атқарушы-ұйымдардың, жауапты орындаушының сұратуларының негiзiнде әзiрленетiн Бағдарламаға тұжырымдамалық көзқарас және жекелеген бөлімдерi бойынша, оның мақсаттары мен мiндеттерi бойынша, сондай-ақ оны iске асыру жөнiндегi Іс-шаралар жоспарына ұсыныстар тапсыруын;
      1-1) тиісті бюджеттік комиссия анықтаған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстардың лимиттерін алуы; <*>
      2) Бағдарламалардың және оларды іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарларының жауапты орындаушыларының бірлесіп орындаушылардың ұсыныстары және алынған шығыстардың лимиттері негізінде әзірлеуді көздейді. <*>
      Ескерту. 33-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.12. N 426 қаулысымен .
      34. Бағдарламаны келісу кезеңі өзіне:
      1) жауапты орындаушының Бағдарлама жобасын барлық мүдделі орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға келісуге жіберуді;
      2) қаржыландыру көздері және мерзімдері бөлігінде бағдарламалық іс-шараларды қаржыландыру көлемі бойынша тиісті бюджеттік комиссияларға Бағдарламаның жобасын келісуге жіберуді қамтиды.
      Егер Бағдарламаның жобасы мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды талап еткен жағдайда, ол 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат беріле отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау кезеңінде бюджеттік комиссияға енгізіледі.
      Бағдарламаның жобасында көзделген іс-шаралар бюджеттік өтінімде ұсынылатын бюджеттік бағдарламаларға ұштастырылуы тиіс. <*>
      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.04.12. N 426 қаулысымен .
      34-1. Бағдарламаны бекіту кезеңі өзіне мыналарды қамтиды:
      1) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе жергілікті өкілді органға Бағдарламаны бекіту туралы шешімдердің келісілген жобаларын ұсыну;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті өкілді органның Бағдарламаны бекітуі. <*>
      Ескерту. 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.04.12. N 426 қаулысымен .

9. Бағдарламаны iске асырудың және оның iске асырылуын бақылауды жүзеге асырудың тәртiбi

      35. Бағдарламаны iске асырудың және оның iске асырылуын бақылауды жүзеге асырудың мынадай кезеңдерi бөлiп көрсетiледi:
      1) Бағдарламаның iске асырылуы;
      2) Бағдарламаның iске асырылуын бақылау;
      3) Бағдарламаны аяқтау туралы шешiм қабылдау.
      36. Бағдарламаның iске асырылуы:
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органның бекiтiлген Бағдарлама жөнiндегi шешiмдерiн тиiстi орталық және жергілікті атқарушы органдарға жеткізуден;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органның шешiмдерiнде айқындалған Бағдарламаның жауапты орындаушысына тең орындаушы - орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, өздерiне бекiтiлген Бағдарламаның тармақтарын және iс-шаралар жоспарын iс жүзiне асыру жөнiнде, кемiнде жылына екi рет есептер тапсыруынан;
      3) жауапты орындаушының Бағдарламаны және iс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуын бақылауды жүзеге асыруынан және Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе жергiлiктi өкiлдi органға кемiнде жылына екi рет есептер беруiнен;
      4) қажет болған жағдайларда, тиісті бюджеттік комиссиялардың Бағдарламаны iске асыруға қатысушы орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың ұсыныстары бойынша Бағдарламаға және оны iс жүзiне асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына жылына екi реттен асырмай түзетулер енгiзуден тұрады. <*>
      Ескерту. 36-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.12. N 426 қаулысымен .
      37. Бағдарламаны аяқтау туралы шешiм қабылдау кезеңiне:
      жауапты орындаушының тең орындаушылармен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасының Yкiметiне немесе жергілiктi өкiлдi органға одан әрi ұсына отырып, Бағдарламаны iске асыру нәтижелерi бойынша түпкiлiктi есептi дайындауы;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органның Бағдарламаның iске асырылуы жөнiнде есептi қарауы және бағдарламаны аяқтау және оны бақылаудан алу туралы шешiмдер қабылдауы кiредi.

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2000 жылғы 25 мамырдағы  
N 789 қаулысына     
1-қосымша     

      Ескерту. 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.04.12. N 426 қаулысымен .

Іс-шаралар жоспарының нысаны

___________________________________________________________________
р/с!Іс-шара! Аяқтау!Орындауға (іске!Орындау (іске!Болжамды!Қаржылан.
 N !       ! нысаны!асыруға) жауап.!асыру) мерзімі!шығыстар! дыру
   !       !       !   тылар       !             !        !көзі
___________________________________________________________________
 1     2       3            4              5           6        7
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2000 жылғы 25 мамырдағы 
N 789 қаулысына    
2-қосымша    

      Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.04.12. N 426 қаулысымен .

Мемлекеттік, салалық (секторалдық), аймақтық бағдарламалардың жобалары туралы ақпаратты бюджеттік комиссияға ұсыну нысаны

      Мемлекеттік, салалық (секторалдық)
      аймақтық бағдарламаның атауы _______________________________

      Әзірлеуші (жауапты орындаушы) ______________________________
____________________________________________________________________
  !      !      !          !       !        !Бюджеттік өтінімдегі
  !      !      !          !       !        !бюджеттік бағдарламалар
р/!Іс-шара!Аяқ. !Орындауға !Орындау!Бол.!Қар.!____________________
с !       !тау  ! (іске    !(іске  !жамды!жы.!Бюджеттік!   Сомасы  
N !       !     ! асыруға) !асыру) !шығыс!лан.!бағдарла.!__________
  !       !     !жауаптылар!мерзімі!тар  !дыру!маның  !жылы*!жы.!жы.
  !       !     !          !       !     !көзі!коды,  !     !лы*!лы*
  !       !     !          !       !     !    !атауы  !     !   ! 
___________________________________________________________________
 1    2      3       4         5       6     7     8       9    
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      * осы бағанда алдағы жылдан бастап Бағдарламаны іске асыру жылы көрсетіледі